білмегенін екіншісі түсіндіріп отырады. Бұл да баланың жаңа қабілетінің
ашылуы мен нәтижеге қол жеткізуіне зор мүмкіндік.
3. Жеке жұмыс кезінде бала тек ӛз күшіне сенеді. Ӛзін тек ӛзінің білімі
мен қабілеті алып шығатынын түсініп тұрады. Ешкімнен кӛмек күтпестен
ӛзі жеке бар мүмкіндіктерін пайдаланады. Күш жеке ӛзіне түседі.
Қайсыбір әдісті алсақ та бала білімін саралау тапсырмалары арқылы
нәтижеге қол жеткізе алатын білім беріліп , баланың құзіреттілігі
айқындалатыны мәлім.
Қорыта келгенде, нәтижеге бағытталған сабақ барысындағы
жоспарлау мен сралау тәсілдерінің тиімділігі мен артықшылығы
байқалады.
Жоспарлаудың тиімді тұстары:
1.
бұл жерде сабақты жоспарлау емес ӛтілетін тақырыпты жоспарлау
жайлы айтылады. Тақырыпты бастау немесе негізгі тақырыптың басталуы
жайлы түсіну
2.
Ӛтілетін тақырыптың мазмұнын қай сабақта меңгеретіндігі , қай
сабақта бекітіп, қай сабақта қорытындылай алатындығын біледі. Демек, әр
сабақта негізгі күшті қайда жұмсау керек екенін, ойды қайда
шоғырландыру керектігін бала біліп отырады.
Саралау тәсілінің тиімді де пайдалы тұстары
1.
Оқушының қабілеті мен әлеуетіне қарай деңгейін байқай алады.
2.
Бала ӛз деңгейін біліп, ашылып жоғары деңгейге ұмтыла бастайды.
3.
Жаңа қабілеттер мен бала бойындағы жаңа қасиеттер пайда болып ,
оны кӛрсете білгісі келіп ұмтылады.
Әрбір сабағымызды жоспарын нақтылап барып саралау тапсырмасын
талғаммен жасай білу де нағыз шебер ұстаздың қолынан келетін ең тиімді
әдіс.
Ұстаз болу бала қабілетін ашу, ӛмір жолына сүрінбейтіндей жол
кӛрсетер нұсқаушы болуды талап ететін мамандық иесі. Сондықтан да
әрбір мұғалім әр баланы жеке тұлға деп бағалап, оның дамуы мен келер
күнде ӛз қабілетіне сай мамандық таңдай алатын Жаңа Қазақстанымыздың
дамуына, келешегінің жарқын болуына үлес қоса алатындай азамат етіп
тәрбиелеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: