Сұрақнама Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме. Ішкі секреция бездері


Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсерін төмендегі кесте арқылы көрсеттім



бет2/4
Дата10.10.2023
өлшемі24,11 Kb.
#184593
1   2   3   4
Байланысты:
срсп анатомия

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсерін төмендегі кесте арқылы көрсеттім:

Гормондар

Бөлетін бездер

Ағзаға әсері

Тироксин

Қалқанша безі

Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады

Паратгормон

Қалқаншамаңы безі

Кальций және фосфор алмасуын реттейді

Инсулин

Ұйқыбездің аралды бөлігі

Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді

Глюкагон

-

Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді

Адреналин

Бүйрекүсті бездің без заты

Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді

Норадреналин

-

Қантамырларын тарылтады

Өсу гормоны [соматропты гормон)

Гипофиздің алдыңғы бөлігі

Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді

Гиреотропты гормон




Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді

Адренокортикотропты гормон [АКТГ)

-

Бүйрекүсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді

Экцитоцин

Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)

Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді

Вазопрессин

-

Бірыңғайсалалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады

Тестостерон (андрогендер)

Аталық бездер

Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді

Эстрадиол (экстрогендер)

Аналық бездер

Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді


3.Гипоталамо-гипофизарлық жүйесінің маңызы.
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалықжәне паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялықәдістермен дәлелденген.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморальды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды. Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық әсер етушілер шығады.
Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына құйылады. Олар гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр торын құрады. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без тіндеріне тікелей әсер етуге мүмкіндік алады.
Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің алдыңғы бөліміне босатушы факторлар өтеді. Олар соматотропин, АКТГ, ГТГ, ТТГ т. б. осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып бөлінуін қамтамасыз етеді.

Тапсырмалар
1.Гипофиздің өсу гормонының гипер-және гипосекрециясына байланысты баланың өсуінің кемшіліктері.
Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Гиперсекция жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Мұндай жағдайда, баланың сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байқалады. Аяқ-қол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяк-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.
Гипосекция кезінде баланың бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, әйелдерде 100-120 см-ден аспайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым аласа бойлылық) - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет