Сұраныс және ұсыныс ұғымы. Негізгі бөлім


Икемділік үғымы. Сұраныстың баға икемділігі. Табыс бойынша сұраныс икемділігі. Сұраныстың айқасқан икемділігі



бет2/2
Дата29.02.2020
өлшемі174,28 Kb.
#59300
1   2
Байланысты:
микроэкономика


2.1. Икемділік үғымы. Сұраныстың баға икемділігі. Табыс бойынша сұраныс икемділігі. Сұраныстың айқасқан икемділігі

Микроэкономикалық талдауда икемділік ұғымына үлкен мән беріледі. Сұраныс икемділігін және ұсыныс икемділігін ажыратады. Мұны сұлба түрінде былай беруге болады:



2.1-сурет. Икемділік түрлері



Икемділік – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Икемділік коэффициенті бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш болып табылады. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Сұраныс икемділігінің үш түрі болады:

  1. Cұраныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент. Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес салыстырмалы шамалары ғана маңызды болып табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз «сникерстің» бағасы 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес, өйткені ол тауар үшін бағаның осылай өсуі өте маңызды болып табылады, сондықтан ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді. Ал «Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруі тұтынушының сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді. Сондықтанда бағаның және сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадай формуламен беріледі:

  • DР% – тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі. Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, Е D>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).

  • Икемсіз сұраныс — бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің

  • Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, E D Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды.

  1. Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын  немесе толықтыратын  екінші  бір тауарға

(Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:

Егер қиылысқан икемділіктің мәні (ED x,y >0) 0-ден үлкен немесе оң сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – бірін-бірі алмастырушы (субститут) тауарлар болып саналады (егерде, кофенің бағасы өсетін болса, онда оны алмастыратын шайға деген сұраныс артады). Егер қиылысқан икемділіктің мәні (ED    <0) 0-ден кіші немесе теріс сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – бірін-бірі толықтырушы (комплемент) тауарлар болып саналады (егер фотопленкаға баға өссе, онда оны толықтыратын фотоаппаратқа сұраныс көлемі төмендейді). Ал егер     қиылысқан икемділіктің мәні (ED =0) 0-ге тең болса, онда бұл    қарастырылып x,y отырған X және Y тауарлары өзара тәуелсіз тауарлар деп саналады, яғни бұл екі тауардың  арасында ешқандай байланыс жоқ деген сөз (мысалы, қаламға деген бағаның өсуі сүтке деген сұранысты өзгертпейді).



  1. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипаттайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі: мұндағы, ED – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% – тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DI% – тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі. Әрине, бұл жерде табыс деңгейі сұранысқа әсер ететін маңызды факторлардың бірі болғандықтан, оның өзгеруінен тауарлардың әр типіне деген сұраныс әртүрлі жағдайда өзгеріп отырады. Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне қарағанда кем  болса, онда сұраныс табыс бойынша икемді ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады. 

Ұсыныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэффициент.

Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі 5 түрі бар: мұндағы, ES   – ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін   көрсететін коэффициент; DQ% –  ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі;



  • абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPS 0.

  • бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті 1- ге тең (ES =1);

  •  икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (ES >1);

  • икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден төмен (ES <1);

  • абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, E S ∞;



2.2. Сатып алушы және сатушы арасында салық ауыртпашылықтарын бөлудегі икемділік рөлі.

Мысалға салықты бөлудегі икемділік рөлін қарастырайық. Мемлекет сатуға деген салықты (N) енгізді деп санайық. Өндірушілер оған ұсынысты қысқартумен жауап берді, ол графикалық түрде ұсыныстың SS қисығының SNSN жағдайына ығысуына тең болады.



2.2-сурет. Салықты енгізу


2.2-суреттен көрініп тұрғандай, өнімдердің бағасы Р-дан PN-ғa дейін өсті, алайда бағаның өсуі енгізілген салықтың өлшеміне сай емес. Баға біздің мысалымызда салықпен салыстырғанда аз шамаға ғана өзгерді. Сатып алушылар және сатушылар арасындағы салық ауыртпашылықтарын бөлу сұраныс икемділігінің көрсеткішіне байланысты болады. Демек, салық сұраныстың бірыңғай икемділігі кезінде сатып алушылар және сатушылар арасында - 50/50 бірдей тең болады. Салық сұраныстың абсолют икемділігі кезінде басты түрде сатушыға «жатады» (2.3-сурет). Салық сұраныстың абсолют икемділіксіз кезінде басты түрде сатып алушыға салынады (2.4-сурет). Абсолют икемділікті сұраныс абсолют икемділіксіз сұраныс сияқты, бұл теориялық алғы шарттың үлкен бөлімі айқын көрінеді .

2.3-сурет. Абсолют икемділікті сұраныс кезінде салықты бөлу



2.4-сурет. Абсолют икемділіксіз сұраныс кезінде салықты бөлу



Қорытынды.

Икемділік категориясы салық ауыртпалығын бөлуіне айтарлықтай әсер ететін (ықпал жасайтын) фактор болып келеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.

Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға түседі, икемсіз сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Микроэкономика» . Г.К.Көшебаева. 2015 жыл.

  2. Интернет желісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет