Сұраныс және ұсыныс негіздері


Жеке кәсіпкерлік фирманың



бет51/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
Жеке кәсіпкерлік фирманың иесі өз ісін өз мүддесі үшін жүргізіп, басқарып отырады, таза пайдасын өзі алады және фирма міндеттемесіне өзі жауапты болады.

Жеке кәсіпкерлік фирманың артықшылықтары:



  • басқарудың, ұйымдастырудың қарапайымдылығы;

  • іс-әрекет, қызмет жасау еркіндігі;

  • экономикалық ынтаның жоғары болуы.

Кемшіліктері:

  • қаржылық және материалдық ресурстардың шектеулі болуы;

  • өндірістік және басқару функциясының жеткілікті деңгейде маманданбауы;

  • жауапкершілігінің шектелмеуі.

Серіктестік – кәсіпорынға бірлесіп иелік етіп, оны басқаратын фирма. Мұнда негізгі құқыққа барлық серіктестер ие болады. Серіктестіктің де, жеке кәсіпкерліктегідей, өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Серіктестікте еңбек бөлінісін, өндіріс пен басқаруда мамандануды қолдануға болады. Сонымен қатар мұнда іс-әрекетті жүргізудегі қаржылық кедергілер оңай жойылады. Дегенмен, келіспеушіліктің нәтижесінде серіктестіктің таратылу қаупі болады.

Корпорация – бұл әр меншік иесінің жауапкершілігі оның салымының көлемімен шектелетін заңды тұлға. Бағалы қағаздарды сатып ала отырып индивидтер корпорацияның иесі болады. Акция иелері дивиденд алып тұрады және акцияны сатып алу кезіндегі соманың көлемінде ғана тәуекелге барады. Өйткені мұнда меншік құқығы мен басқару құқығы бөлек болып келеді.

Корпорацияның артықшылықтары:

  • кең мамандану мүмкіндігі;

  • ҒТП жетістіктерін енгізу мүмкіндігі;

  • Корпорацияның өз иелері – акционерлерімен тәуелсіз болуы;

Корпорацияның кемшіліктері:

  • иелік ету функциясы мен басқару функциясы арасындағы алшақтық;

  • екі жақты салық салудың орын алуы (алдымен, дивиденд ретінде төленетін корпорация табысының бір бөлігіне салық салынады, содан кейін акция иесінің табысы ретінде екінші рет тағы салық салынады).

Коммерциялық емес ұйымдардың мақсаты – пайда табу емес, әлеуметтік әсер алу. Олар қайырымдылық шаралардың нәтижесінде қаржыланып отырады. Оларға кәсіподақ, әр түрлі клубтар, діни мекемелер, қайырымдылық қорлары т.с.с. жатады.

Кооперативтер өз мүшелерінің пайлық үлесін яғни, ресурстарын біріктіру жолымен құрылады. Оның ерекшелігі – оның мүшелері кооперативтің өндірістік процесіне, қызметіне қатысулары тиіс. Бұдан әрі қарай, біз «фирма» дегенді коммерциялық кәсіпорындар деп түсінуіміз керек. Кез келген коммерциялық ұйымның мақсаты – пайда табу және пайданы мейлінше арттыру.

Пайда дегеніміз - міндетті төлемдер төленгеннен кейін қалатын фирма табысының бөлігі. Ол жалпы түсім мен жалпы шығынның айырмасы арқылы анықталады:


Пайданы экономикалық пайда және бухгалтерлік пайда деп бөліп қарастыруға болады. Экономикалық пайда жалпы түсімнен экономикалық шығындарды шегеру арқылы қалыптасады. Ал бухгалтерлік пайданы анықтау үшін жалпы түсімнен бухгалтерлік шығынды азайту керек. Экономикалық пайда бухгалтерлік пайдаға қарағанда аз болады. Өйткені, бұрыннан білетініміздей, экономистің шығыны бухгалтердің шығынынан артық болады. Микроэкономикада орташа түсім, шекті түсім ұғымдары да қолданылады.Орташа түсім (AR – average revenue) – бір өнімді өткізуден түсетін жалпы табыс.Шекті түсім (MR – marginal revenue) – қосымша бір өнімді сату кезінде жалпы түсімнің өзгеру көлемі.




7.2-суреттен фирманың пайда табу, зиянға ұшырау жағдайларын көруге болады. Координаталар басынан А нүктесіне дейінгі және В нүктесінің оң жағындағы бөлікте фирма зиянға ұшырайды. Өйткені бұл тұста ТС>TR. Ал А мен В нүктелерінің аралығында фирма пайда табады (ТС
2. Нарық жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарына бөлінеді.

Жетілген бәсеке нарығы болу үшін төмендегі шарттар орындалауы тиіс:



  1. Нарықта стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болады.

  2. Әр фирманың жалпы нарықтағы үлесі елеусіз. Сондықтан өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, сол себепті өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды.

  3. Баға, технология және күтілетін пайда жөнінде ақпараттар белгілі болады.

  4. Жаңа фирманың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауыл қойылмайды.

Бәсекелесуші фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгілеген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілген өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз.

Жеке өндірушілердің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады(7.3-сурет). Бұл қисықты нарықтық сұраныс қисығымен салыслтыруға болмайды. TR=P*Q. Бұл жерде Р – тұрақты болғандықтан жалпы түсімнің өсімі, яғни шекті түсім MR=P болады. Сондықтан да жетілген бәсекеде шекті түсім (MR) қисығы фирманың сұраныс қисығымен сәйкес келеді. Фирма бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет