Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет1/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Лекции микро


1-дәріс. Сұраныс және ұсыныс негіздері
Дәріс жоспары :

  1. Сұраныс функциясы және сұраныс заңы.

  2. Ұсыныс заңы, ұсыныстың және ұсыныс көлемінің өзгеруі.

  3. Нарықтық тепе-теңдік.


1. Микроэкономиканы оқып-үйренудің қажет екендігін шын мәнінде бағалай білу үшін талдауды сұраныс пен ұсыныстың негіздерінен бастаған жөн. Өйткені сұраныс пен ұсынысты талдау – экономикадағы күрделі мәселелерді қарастырудағы маңызды құралдардың бірі. Бұл мәселелердің арасынан еңбек нарығындағы, тауар нарығындағы басқа да жекелеген нарықтардағы бағаны қалыптастырудағы мемлекеттің ықпалы, салықтың, субсидияның, импорттық квоталардың өндірісті ынталандыруы немесе шектеуі, саяси тұрақтылықтың бұзылуы т.с.с. атап өтуге болады.

Сұраныс пен ұсыныс модельдері нарық механизмін жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді. Белгілі бір тауарға деген сұраныс сол тараудың қандай да бір бөлігін сатып алуға адамдардың қызығушылық танытуын, тілек білдіруін сипаттайды. Сұраныс адамның қажеттілігі мен қаражатына байланысты. Мәселен, тамақты бай адамға қарағанда жарлы адам көбірек қажет етуі мүмкін, бірақ тамаққа төлейтін жарлының ақшасы жоқ. Сол себепті өз қажеттілігін ақшамен бекіте алатын адам ғана сұраныс жасай алады.

Сонымен, сұраныс – бұл төлем қабілетті қажеттілік немесе тұтынушының белгілі бір тауарды таңдауы және оны сатып алу қабілеті. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Баға өзгерісіне байланысты сұраныстың көлемі де өзгеріп отырады. Сұраныстың көлемі дегеніміз – бұл жекелеген тұлғаның, топтың белгілі бір уақыт бірлігінде әр түрлі бағамен сатып алатын тауарларының саны. Сұраныс көлемі мен тауар бағасы арасындағы тәуелділікті сұраныс функциясы, ал оның графигін сұраныс қисығы (D) деп атайды.

Сұраныс фукнциясын, әдетте, алгебралық, кестелік немесе графиктік тәсілмен көрсетеді. Егер сұраныс функциясы алгебралық тәсілмен берілсе, сұраныс көлемі белгілі бір формулаға бағаның мәнін қою арқылы анықталады. Сұраныс функциясының жалпы түрі мынадай: . Ол сұраныс көлемінің тауар бағасынан тәуелділігін көрсетеді. Әдетте, сұранысқа қатысты формуланың рөлін сызықтық функция атқарады. Мысалы, сұраныс функциясы Qd=500-20p түрінде берілген делік. Мұндағы - Qd сұраныс көлімі, Р – тауар бағасы. Егер баға 10 бірлікке тең болса, сұраныс көлемінің 300 бірлік болатындығы анықталады.

Сұраныс функциясының кестелік тәсілін түсіну үшін келесі мәліметтерді қарастыралық. N қаласында 2006 жылдың қыркүйек айында болған алмаға деген сұранысты кесте түрінде көрсетейік.
1-кесте. Алма нарығындағы сұраныс




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет