Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет6/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
3. Нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныс өзара байланысты. Олардың өзара әрекеттесуін қарастыру үшін сұраныс және ұсыныс қисықтарын бір графикке саламыз (1.5-сурет). Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі нарықтық тепе-теңдік нүкте болып табылады. Әдетте, ол Е әрпімен белгіленеді (equilibrium – латын тілінен аударғанда теңдестік). Бұл нүктеде сұраныстың көлемі ұсыныстың көлеміне тең болады (QD=QS).

Сонымен, нарықтық тепе-теңдік – бұл белгілі бір баға тұсындағы сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің теңдестігі қамтамасыз етілетін жағдай. Нарықтық тепе-теңдік кезіндегі өндіріс көлемі теңдестік өндіріс көлемі (QE), ал баға теңдестік бағаЕ) деп аталады.

Нарықтық теңдестік өндірушілер мен тұтынушылар мүдделерінің сәйкес келгендігін көрсетеді. Белгілі бір тауардың сұранысы мен ұсынысының бір мезгілдегі өзара әрекеттесуін көрсететін бұл модель экономикалық теорияда жеке нарықтық тепе-теңдік (бір тауар нарығындағы теңдестік) деп аталады. Бұл кезеңде тек бір ғана тауардың теңдестігі қарастырылады да, басқа тауардың бағалары, тұтынушы табысы тұрақты деп есептеледі. Сатып алушылар да, сатушылар да нарықтың бұл теңдестігінің бұзылуына қызығушылық танытпайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет