Ұсыныс – бұл нарықта бар немесе нарыққа ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер жиынтығы. Ұсыныс көлемі - сатушының белгілі бір уақыт ішінде бір бағамен сатқысы келетін тауарларының саны. Ол Qs әрпімен белгіленеді. Ұсыныс өндіріс нәтижесі болып табылады және ол өндірушілердің өз тауарлары мен қызметтерін сату ниетін білдіреді. Олардың бұл тілегі көптеген факторларға тәуелді. Сатудың мақсаты пайда табу екені белгілі. Сондықтан барлық сатушылар өз тауарларын жоғары бағамен сатуға ұмтылады және баға жоғары болған сайын сатуға ұсынылатын тауарлар саны соғұрлым көп болады.
Осыған байланысты ұсыныс функциясын ұсынылатын тауар санының бағадан тәуелділігі арқылы көрсетуге болады:
Ұсыныс функциясының сұраныс функциясынан айырмашылығы – ұсыныс тауардан тікелей тәуелді.
Ұсыныс функциясын да сұраныс функциясы секілді кестелік, графиктік тәсілмен түсіндіруге болады. Графикті салу үшін абсцисса осіне ұсыныс көлемі, ал ордината осіне
тауар бағасы белгіленеді.
Төменде N қаласында 2006 жылдың қыркүйек айында болған алманың ұсынысы кесте және график түрінде берілген.
2– кесте. Алма нарығындағы ұсынысы.
Достарыңызбен бөлісу: |