Сұраныс және ұсыныс негіздері


айдағы сұраныс көлемі, кг



бет2/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

1 айдағы сұраныс көлемі, кг

1 кг алманың бағасы, тг

500

50

450

100

400

150

350

200

300

250

250

300

200

350

150

400





1.1 – сурет. Сұраныс қисығы.

Кесте мәліметтерін пайдалана отырып, сұраныс пен баға арасындағы тәуелділікті графикте көрсетуге болады (1.1-сурет). Экономистер арасында бағаны координаталар жүйесінің абсцисса (вертикаль), ал сұраныс көлемін ордината (горизонталь) осінің бойында

белгілеу қабылданған. Графикте пайда болған қисық сызық сұраныс қисығы деп аталады. Ол теріс көлбеулі болады. Оның теріс көлбеулілігі сұраныс көлемінің тауар бағасынан кері тәуелді болуымен түсіндіріледі.

Тауар бағасы максимум мәнге жеткенде сұраныс ең аз көлемге ие болады. Бұл түсінікті де: тауар бағасы қымбаттаған сайын сатып алушының сатып алу қабілеттілігі төмендейді. Осыдан барып сұраныс заңы шығады. Ол былай тұжырымдалады: тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын сұраныс көбейеді және, керісінше, тауар бағасы жоғарылаған сайын сатып алынатын тауарлар саны азая түседі. Сұраныс заңының негізінде, ең алдымен, тұтынушының психологиясы жатыр, яғни адам көп көлемдегі тауарды арзан бағамен сатып алуға бейім болады. Екіншіден, сұраныс заңы табыстың әсеріне тәуелді. Табысы тұрақты тұтынушы үшін тауар бағасының арзандауы оның сатып алу қабілеттілігін арттырады, ал бағаның қымбаттауы тұтынушының сатып алу қабілеттілігін төмендетеді. Үшіншіден, сұраныс заңы ауыстыру әсеріне байланысты: тауар бағасының жоғарылауы тұтынушының арзан бағалы басқа ауыстырушы тауарды алуына түрткі болады.

Сонымен, сұранысқа тауар бағасынан басқа факторлар да әсер ететіндігі белгілі болды. Атап айтқанда, тұтынушының талғамы, табысы, жарнама, тұтынушылардың баға өзгерісін күтуі, өзара бірін-бірі ауыстыратын тауарлардың бағасы т.с.с. Оларды, жалпылама, сұраныстың бағалық емес факторлары деп атайды.

Жоғарыда аталған сұраныстың бағалық және бағалық емес факторлары сұраныстың немесе сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеп соғады. Бұл өзгерістерді график арқылы түсіндірейік. Егер жоғарыда қарастырған мысалдағы алма бағасы 300 теңгеден 250 теңгеге арзандаса, сұраныс көлемі 250 кг-нан 300 кг-ға көбейеді. (В→Г)

Ал керісінше, баға 300 теңгеден 350 теңгеге көтерілсе, сұраныс көлемі 250 кг-нан 200 кг-ға дейін азаяды. (В→Б) Байқап отырғанымыздай, өзгеріс тек сұраныс қисығының бойында орын алып отыр. Бұл процесс сұраныс көлемінің өзгеруі деп аталады. (1.2а-сурет) Бұл тұста сұранысқа әсер етіп отырған фактор – сол тауардың бағасы ғана.
1.2а-сурет. Сұраныс көлемінің өзеруі 1.2ә-сурет. Сұраныстың өзгеруі
Егер сұранысқа бағалық емес факторлар әсер етсе, сұраныс қисығы солға немесе оңға қарай параллель орын ауыстырады. Бұл өзгеріс сұраныстың өзгерісі деп аталады (1.2ә-сурет). Сұраныс қисығының оңға қарай жылжуына, мысалы, тұтынушы табысының көбеюі ықпал етуі мүмкін. Ал алмұрт бағасының арзандауы алмаға деген сұранысты азайтады да, нәтижесінде сұраныс қисығы солға қарай орын ауыстырады.

Сұранысқа әсер ететін барлық факторларды қатыстыра отырып сұраныс функциясын басқаша түрде де жазуға болады:



мұндағы P – берілген тауардың бағасы

І – тұтынушы табысы

РА, РВ, ..., РN – ауыстырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы.

Тұтынушы табысының артуы, жарнаманың күшеюі Х тауарына сұранысты арттырса, ауыстыратын тауарлар бағасының арзандап, сапасының жақсаруы Х тауарына деген сұранысты азайтады.

Бір тауардың бағасы қымбаттағанда екінші бір тауарға деген сұраныс артатын болса, бұл тауарлар өзара бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп аталады. Мысалы, «Сұлтан» және «Корона» макарон өнімдері, шәй мен кофе, магарин мен сары май т.с.с. Бір тауардың бағасы қымбаттағанда екінші тауарға деген сұраныс азаятын болса, бұл тауарлар өзара бірін-бірі толықтыратын немесе комплементарлық тауарлар деп аталады. Мысалы, фотопленка мен фотоаппарат, автокөлік пен бензин т.с.с.

Тұтынушы табысының сұранысқа әсер етуі сипатына байланысты тауарлар кәдімгі немесе жоғары категориялы тауарлар және төмен сапалы немесе төмен категориялы тауарлар деп бөлінеді. Табысы өссе, тұтынушы тауарды мейлінше көп алады және керісінше, табысы азайған кезде тауарға деген сұраныс азаяды. Мұндай тауарлар кәдімгі немесе жоғары категориялы тауарлар деп аталады. Тұтынушы табысының өскеніне қарамастан кейбір тауарларға деген сұраныс азайып кетеді, мұндай тауарлар төмен сапалы немесе төмен категориялы тауарлар деп аталады.

Сұранысқа талғамның өзгеруі де, баға өзгерісін күту де әсер етеді. Мысалы, салауатты өмір сүру салтын насихаттау шылымға деген сұранысты азайтып, спорт тауарларына деген сұранысты арттырады. Ал қант бағасының арзандауын тұтынушының күтуі қантқа деген қазіргі сұранысты төмендетіп жіберсе, керісінше, қант бағасының жақын арада қымбаттайтындығының белгілі болуы тауарға деген сұранысты арттырады.


2. Егер сұраныс нарықтағы тұтынушылардың әрекетін сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болса, ұсыныс нарықтағы сатушылардың немесе өндірушілердің әрекетін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет