Нүктелік икемділік дегеніміз – бағаның әрбір мәні үшін, яғни сұраныс қисығының әрбір нүктесі үшін анықталатын сұраныстың бағалық икемділігінің шамасы. Нүктелік икемділіктің мәні көлбеу бұрышының тангенсіне кері пропорционалды болады.
Икемділікті сұраныс қисығының бір нүктесінде емес, қисықтың белгілі бір бөлігіндегі мәнін анықтау қажеттілігі жиі туындады. Сондықтан да сұраныс теориясында интервалдың орташа нүктесін («Аллен нүтесі») қолдану ұсынылды.
Сұраныс қисығының қандай да бір кесіндісіндегі баға өзгерісіне сұраныстың орташа бейімделу (реакция беру) көрсеткіші доғалық икемділік (arc elasticity – ағылшын тілінен аударғанда доғалық икемділік) деп аталады. Ол төмендегі формуламен (4) есептеледі:
(4)
Сұраныстың бағалық икемділігіне бірқатар факторлар әсер етеді. Олардың негізгілеріне тоқталайық:
Өзара ауыстырушы тауарлардың болуы.
Субститут тауарлар түрі неғұрлым көп болған сайын бұл тауарға деген сұраныс икемді болады. Өйткені берілген тауардың бағасының қымбаттауы тұтынушының оны ауыстырушы арзандау тауарды таңдауына мүмкіндік береді.
Тұтынушы табысының көлемі.
Әр түрлі табыстары бар тұтынушылар үшін бір тауардың сұраныс икемділігі әр түрлі болады.
Тұтынушы бюджетіндегі тауардың үлес салмағы.
Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын сол тауарға деген сұраныс соғұрлым икемді болады.
Тауардың тұтынушы үшін маңыздылығы.
Тұтынушы үшін тауардың маңыздылығы (қажеттілігі) төмен болған сайын олардың икемділігі жоғары болады. Мысалы, дәулетті тауарларға сұраныс икемді болса, алғашқы қажеттіліктегі тауарларға сұраныс көп жағдайда икемсіз болады.
Тауарға деген қол жетімділік деңгейі, яғни тауардың тапшы болу немесе мол дәрежесі.
Тауар тапшы болған сайын ол тауарға деген сұраныс икемділігі төмен болады. Өйткені тапшылық жағдайында тұтынушы таңдау мүмкіндігінен айырылады да тауарды берілген бағамен алуға мәжбүр болады.
Тұтынушы қолындағы тауардың қоры.
Бұл көрсеткіш жоғары болған сайын сұраныс икемсіз болады. Мәселен, тұтынушы белгілі бір тауармен жоғары қамтамасыз етілген делік. Сол тауардың тағы қосымша бірлігін сатып алу баға көп арзандаған жағдайда ғана орын алады.
Уақыт факторы.
Неғұрлым икемді болады. Кейбір тауарлардың қымбаттағанына қарамастан оларға деген сұраныс азая қоймайды. Өйткені тұтынушыға ол тауарларды алмастыратын тауарды іздестіру үшін белгілі бір уақыт қажет. Мысалы, дайын өнім шығаратын зауытқа қажетті негізгі шикізаттың қымбаттауынан зауыт ол шикізаттан дереу бас тарта қоймайды.
Маусымдық фактор.
Кейбір «ерекше» тауарларға деген сұраныс оларды қолдану маусымы жақындаған сайын икемсіз болады. Мәселен, жаңа оқу жылының қарсаңында оқу құралдарына, қантқа деген сұраныс жылдың басқа мезгіліне қарағанда жоғары болады.
2. Нарықтық сұраныс көлемі тек ғана бағадан емес, басқа да бағалық емес факторлардан тәуелді екені белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы – тұтынушылардың жиынтық табысы. Енді сұраныстың табыс бойынша икемділігін қарастыралық.
Достарыңызбен бөлісу: |