Сұраныстың қиылысқан икемділігі бір тауардың бағасының өзгеруі екінші бір тауарға деген сұранысты қаншалықты өзгертетіндігін көрсетеді. Ол бір тауардың бағасы бір пайызға өзгерген кезде басқа бір тауарға деген сұраныс қанша пайызға өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш тұтынылатын тауарлардың өзара бір-бірінен тәуелділігінің дәрежесін сипаттайды. Мәселен, қандай да бір берілген тауарды Х, ал екінші бір тауарды У әрпімен белгілейік. У тауарының бағасы өзгерді делік. Осы өзгерістің Х тауарының сұранысын қаншалықты өзгертетіндігін математикалық тілмен түсіндіруге болады:
(6),
мұндағы - Х тауарының сұранысының көлемі
- У тауарының бағасы
- Х тауарының сұраныс көлемінің өзгеру шамасы
- У тауарының бағасының өзгеру шамасы.
Бұл формула (6) сұраныстың қиылысқан икемділігінің коэффициенті болып табылады. Сұраныстың қиылысқан икемділігінің коэффициенті оң, теріс таңбалы және нольге тең болуы мүмкін.
Егер болса, Х және У тауарларын өзара ауыстырушы немесе субститут тауарлар деп атайды. У тауарының бағасының бағасының өсуі Х тауарына деген сұранысты арттырады, өйткені Х және У - өзара бірін-бірі ауыстырады.
Егер болса, Х және У тауарлары өзара толықтырушы немесе комплементарлық тауарлар деп аталады. У тауарының бағасының өсуі Х тауарына деген сұранысты азайтады. Сұраныстың қиылысқан икемділігінің теріс шамасы жоғары болған сайын тауарлардың өзара толықтыру деңгейі соғұрлым көп болады.
Егер болса, Х және У тауарлары бір-бірінен тәуелсіз немесе бір-біріне қатысы жоқ тауарлар деп аталады. Мұндай жағдайда У тауарының бағасының өзгеруі Х тауарының сұранысына әсер етпейді.
Сұраныстың қиылысқан икемділігі жоғары болған сайын игіліктердің ауыстырушылық дәрежесі көп болады, ал қиылысқан икемділік төмен болған сайын тауарлардың өзара бірін-бірі толықтыру дәрежесі жоғары болады.
Егер болса, Х және У тауарлары – өзара бірін-бірі толық ауыстыратын тауарлар. Ал егер болса, Х және У – өзара бірін-бірі толық толықтыратын тауарлар.
Сұраныстың қиылысқан икемділігіне әсер ететін басты фактор – тауарлардың тұтынудағы табиғи қасиеті, яғни олардың өзара ауыстырушылық немесе толықтырушылық қасиеті. Қиылысқан икемділік көрсеткіші өнімді шығаратын саланың монополиялық сипатта екендігін дәлелдеуде қолданылады.
3. Нарықтағы тауарлар мен қызметтердің ұсынысы игіліктердің бағасына әркелкі бейімделеді. Тауарды ұсынушылардың тауар бағасының өзгерісіне қаншалықты реакция беретінін анықтау үшін ұсыныс икемділігі көрсеткіші қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |