Баға бойынша сұраныстың тікелей икемділігі сұранысы бар тауарлар көлемінің өзгерісіне баға өзгерісінің ықпал ету деңгейін көрсетеді. Сұраныстың бағалық икемділігінің дәрежесі бағалық икемділік коэффицентімен ( ) өлшенеді және ол келесі формуламен есептелінеді:
(1),
мұндағы - сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі
- бағаның пайыздық өзгерісі
- сұраныс көлемінің бастапқы мәні
- бағаның бастапқы мәні.
Сұраныс қисығының теріс көлбеулігі баға мен сұраныс көлемі арасындағы теріс тәуелділікті дәлелдейтіндіктен сұраныстың икемділік коэффициенті әрдайым теріс мәнге ие болады. Алайда, есептеу кезінде теріс таңба ескерілмей, тек икемділік коэффицентінің абсолютті мәні ғана алынады.
Сұраныстың бағалық икемділігіне байланысты сұраныс икемді, икемсіз, бірлік икемді, өте (абсолютті) икемді, өте (абсолютті) икемсіз сұраныс деп бөлінеді.
Бағаның өзгерісіне қарағанда сұраныстың көлемінің өзгеру дәрежесі жоғары болса, бұл икемді сұраныс деп аталады. Бұл кезде болады (2.1-сурет).
Икемді сұраныс тұсында сұраныс көлемі тауар бағасымен салыстырғанда тез өсіп, азаяды. Бағаның арзандауының нәтижесінде тауарды сатудан түсетін табыс артады. Сатудан түсетін табысты экономикада түсім деп те атайды. Жалпы түсім тауар бағасы мен сатылған тауардың көлемінің көбейтіндісі арқылы анықталады және ол ТR (total revenue – ағылшын тілінен аударғанда жалпы табыс) деп белгіленеді:
(2)
Икемді сұраныс кезінде баға мен жалпы түсім көлемі арасындағы байланыс кері пропорционалды сипатта болады. Мұны 2.1-суреттегі мәліметтерді пайдалана отырып түсіндірейік. Бастапқыда 30 долларға сатылған тауардан 3600$ (30$*120 дана) көлемінде түсім алынса, бағаның 10 долларға қымбаттауы оны 2400$ (40$*60дана) деңгейіне дейін төмендетеді. Ал бағаның арзандауы, керісінше, түсімді арттырады. Бұл түсінікті де, өйткені бағаның төмендеуі сұраныстың көлемінің артуына әкеледі. Дегенмен, бұл шарт барлық уақытта орындала бермейді. Бұл жөнінде кейінірек. Баға мен түсім арасындағы байланыстың кері пропорционалдағы тауарға деген сұраныс икемді сипатта болған кезде ғана орын алады.
Бағаның өзгерісіне қарағанда сұраныс көлемінің аз дәрежеге өзгеруі икемсіз сұраныс деп аталады. Икемсіз сұраныс, басқаша айтқанда, баға өзгерісінен сұраныс көп бейімделе қоймайды деген сөз. Бұл кезде болады (2.2-сурет).
Икемсіз сұраныс тұсында сұраныс бағамен салыстырғанда баяу өсіп, азаяды. Сондықтан да бағаның арзандауы түсімді азайтып жібереді. Яғни икемсіз сұраныс кезінде түсім мен баға арасындағы байланыс тура пропорционалды сипатта болады. Мысалы, тауарды 30 доллардан сатудан 1350$ (30$*45 дана) көлемінде түсім алынса, 70 доллардан сату түсімді 1750$ (70$*25 дана) көлеміне дейін көтереді (2.2-сурет).
Икемді сұраныс жағдайында сұраныс қисығы жатыңқылау нышанда болса, икемсіз сұраныс кезінде қисық тіктеу нышанда болады.
Егер бағаның өзгеру шамасы мен сұраныс көлемінің өзгеру дәрежесі бірдей болса, бұл бірлік икемділікке тең сұраныс деп аталады. Бұл кезде болады (2.3-сурет).
Бірлік икемділікке тең сұраныс жағдайында түсім өзгермейді.
Әр түрлі сұраныс икемділік жағдайындағы баға өзгерісі мен түсім арасындағы байланысты 1-кестеден көруге болады.
1-кесте. Сұраныстың бағалық икемділігі және жалпы түсім
Достарыңызбен бөлісу: |