Сұраныс және ұсыныс негіздері


Сұраныстың табыс бойынша икемділігі



бет15/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

Сұраныстың табыс бойынша икемділігі тұтынушы табысы бір пайызға өзгерген кездегі сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.

Сонымен, сұраныстың табыстық икемділігі ( ) –бұл сұраныс көлемінің тұтынушы табысының (income – ағылшынша табыс) өзгерісіне деген сезімталдығын сипаттайтын көрсеткіш. Ол сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгерісін бөлу арқылы анықталады:



(5),

мұндағы - сұраныс көлемі



- тұтынушы табысы

- сұраныс көлемінің өзгерісі

- тұтынушы табысының өзгерісі.

Табыс бойынша икемділік коэффициентінің ерекшелігі – ол тауарлар категориясына байланысты өзінің таңбасын өзгертеді. Егер сатып алушының жиынтық табысы артқан сайын сұраныс көлемі қысқаратын болса, сұраныстың табыс бойынша икемділігі теріс мәнге ие болады . Мұндай тауарларды төмен категориялы немесе төмен сапалы тауарлар деп атайды. Бұл тауарларды тұтынушылар ақша қаражаттарының шектеулігі салдарынан қолданады. Табыстары артқан сайын сатып алушылар мұндай тауарларды тұтынуын қысқартады немесе олардан мүлде бас тартады. Бұл тауарлардың қатарына арзан макарондар, маргарин, жарма т.с.с. жатады.

Табыс өскен сайын кейбір тауарларға сұраныс артады. Бұл тауарлардың табыс бойынша икемділігі теріс мәнге ие ( ). Мұндай тауарларды қалыпты немесе стандартты тауарлар деп атайды. Экономистер стандартты тауарлардың төмендегі түрлерін ажыратады:


  1. Алғашқы қажеттіліктегі тауарлар. Мұндай тауарларға сұраныс табыстың өсуіне қарағанда баяу өседі. Бұл кезде икемділік коэффициенті болады. Алғашқы қажеттіліктегі тауарларға сіріңке, нан, сүт, тұз, шәй т.с.с. жатады;

  2. Дәулетті тауарлар. Дәулетті тауарларға деген сұраныс табыс өсуіне қарағанда тез өседі. Икемділік коэффициенті бұл жағдайда болады;

  3. Екінші қажеттіліктегі тауарлар. Мұндай тауарларға деген сұраныс табыстың көтерілуімен қатар жүреді. Олардың икемділік коэффициенті болады.

Халықтық тұрмыс жағдайлары жақсарып, әл-ауқаттары артқан сайын төмен сапалы игіліктерді өндіретін салалар қысқарып, дәулетті тауарлар өндіретін салалардың даму перспективаларына болжау жасалынады.

Егер сала бойынша сұраныстың табыстық икемділігі жоғары болса, бұл сала дамушы болып есептеледі. Сұраныстың табыс бойынша икемділігінің коэффициенті өндірістің өсу қарқынымен бірдей дамыса, бұл өндіріс саласы тұрақты дамиды деген сөз. Жоғарыдағы көрсеткіштің теріс таңбалылығы өндірістің құлдырауының белгісі болып табылады.

Сұраныстың табыс бойынша икемділігін анықтау дағдарысқа ұшыраған салаларды дер кезінде анықтау, дағдарыстың алдын-алу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сұраныс икемділігінің тағы бір түрін қарастырайық. Әңгіме сұраныстың қиылысқан икемділігі жөнінде болмақ. Икемділіктің бұл түрі өзара бірін-бірі ауыстырушы және толықтырушы тауарлармен байланысты.

Бұрынғы тақырыптан белгілі болғанындай, субститут тауардың бағасының өсуінен берілген тауарға сұраныс азайса, комплементарлық тауардың бағасының өсуінен берілген тауарға сұраныс азаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет