Ұсыныс икемділігі – бұл тауар мен қызметтер бағасының өзгеруі ұсынылатын игіліктер көлеміне қалай әсер ететінін көрсететін шама.
Ұсыныстың икемділігі (немесе ұсыныстың бағалық икемділігі) коэффициентін есептеу әдістемесі сұраныстікіне ұқсас келді:
(7)
Ұсыныстың бағалық икемділік коэффициенті оң мәнге ие. Өйткені ұсыныс көлемі мен баға арасындағы байланыс тура сипатта және ұсыныс қисығы оң көлбеулі болады.
Ұсыныс икемділігін анықтауда уақыт факторы маңызды роль атқарады. Уақыт созылған сайын өндірушінің баға өзгерісіне бейімделуіне мүмкіндігі көбірек болады. Өнімді өндіру белгілі бір уақытты қажет ететіндіктен ұсыныс нарықтық бағаға тез бейімделе қоймайды.
Әдетте, экономикада ұсынысқа қатысты ағымдық уақыт, қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік уақыт аралықтары қарастырылады.
Ағымдық мерзімде бұрын дайындалған өнім сатылады және ол нарықтық бағамен жіберіледі. Бұл уақыттағы ұсыныс сұранысқа тәуелді болады. Және бұл кезеңдегі ұсынысты өте икемсіз ұсыныс деп атайды. Оның ұсыныс қисығы вертикаль нышанда болады. Өйткені өте икемсіз ұсыныс тұсында ұсыныс көлемі бағадан тәуелсіз және болады.
(2.7-сурет).
Қысқа мерзімде өндірушінің нарықтық баға өзгерісіне байланысты ұсынысты арттырып немесе азайтып отыруына мүмкіндік болады. Өндірушілер өндіріс көлемін арттыруға еңбек өнімділігін арттыру, материалдар мен шикізаттар көлемін арттыру арқылы қол жеткізеді.
Қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы ағымдық мерзімдігімен салыстырғанда кішкене оңға қарай көлбеу жасайды. Бұл кезде болады (2.8-сурет).
Ұзақ мерзімдегі кезеңде өндіруші өндірістік қуаттылықты көтеріп, өндірістік құрылымды өзгерте алады. Бұл уақыт кәсіпорын үшін баға өзгерісіне бейімделуге жеткілікті болады. Бұл кезде ұсыныс қисығы қысқа мерзімге қарағанда да жатыңқылау болады (2.9-сурет). Уақыт өткен сайын ұсыныс икемді бола береді. Ұзақ мерзімде барлық ресурстар өзгермелі болғандықтан ұсыныс икемділігі қысқа мерзімдегіден, әдетте, артық болады. Өндірушілер ұсынатын тауарларының көлемін ұсыныс икемді болған сайын арттырады. Олар бағаның артуын өндірісті арттыру үшін пайдаланады.
Егер ұсыныстың икемділік коэффициенті бірден жоғары болса ( ), ұсыныс икемді, ал бұл көрсеткіш ноль мен бірдің аралығында болса ( ), ұсыныс икемсіз болады. болғанда, ұсыныс бірлік икемді деп аталады.
Икемді ұсыныс тұсында түсім баға өсуіне байланысты тез өседі. Ал икемсіз ұсыныс кезінде түсім бағаның өсуіне қарағанда баяу өседі.
Микроэкономикада шексіз ұсыныс икемділігі немесе абсолютті ұсыныс икемділігі де кездеседі. Бұл ұсыныс қисығы горизонталь болған кезде орын алады (2.10-сурет). Берілген баға тұсында сатушылар кез-келген көлемдегі тауарды сатуға дайын. Дегенмен, ресурстар шектеулі болған жағдайда ұзақ уақыт бойы ұсыныс өте икемді болуы мүмкін емес.
Сонымен, ұсыныс икемділігінің басты ерекшелігі – ол уақыт аралығынан тәуелді болады. Мұнымен қоса ұсыныс икемділігі жүріп жатырған бизнестің ауқымына да байланысты. Мысалы, шағын бизнес саласындағы ұсыныс ірі бизнес саласымен салыстырғанда икемді болады. Өйткені шағын кәсіпорында басқару, ұйымдастыру, шағын нарыққа бейімделу жеңілірек болады.
Икемділік теориясы мемлекеттің салық саясатының салдарын анықтауда маңызды роль атқарады. Мәселен, мемлекет әр тауар бірлігіне салық салады делік. Бұл ұсыныс қисығының жоғары қарай параллельді орын ауысуына әкеледі. Салықты сатушылар мен сатып алушылар бөліп төлейді (2.11-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |