Сұраныс және ұсыныс негіздері


Тауар бағасы мен шекті пайдалылық



бет25/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

Тауар бағасы мен шекті пайдалылық


Игіліктер

Шекті пайдалылықтар (MU)

Баға (Р)

Бір ақша бірлігіне келетін шекті пайдалылық



Х

У

200

160

20

8

10

20

Көріп отырғанымыздай, бір ақшалай бірлікке келетін шекті пайдалылықтар тең емес. Бір теңгеге сәйкес келетін У тауарының шекті пайдалылығы Х тауарыныкіне қарағанда көп.

Сондықтан тұтынушының Х тауарына жұмсайтын ақшасын үнемдеп, оның орнына қосымша У тауарынан алғаны жөн. Мысалы, ол Х тауарының бір бірлігіне жұмсайтын 20 теңгенің орнына У тауарынан қосымша 2,5 бірлік алуына болады (20:8=2,5). Бұл У тауарының шекті пайдалылығын 400-ге арттырады (160*2,5=400). Бұл сомадан Х тауарының соңғы бірлігінің шекті пайдалылығын шегереміз: 400-200=200. Нәтижесінде, Х тауарының шекті пайдалылығын арттыру және У тауарының шекті пайдалылығын азайту арқылы жалпы пайдалылық 200 ютильге артады.

Тұтынушы өзінің табысын осылайша қайта бөле отырып табыстың бір ақшалай бірлігіне келетін шекті пайдалылықтарды теңестіруге тырысады. Теңдестік орнамайынша, тұтынушы артық шығын шығармай-ақ шекті пайдалығы жоғары тауарды (біздің мысалымызда бұл – У тауары) ала береді, сөйтіп пайдалылықты арттырады.

Бірақ игіліктерді қайта бөле беру тұтынушыны теңдестік жағдайға әкеледі. Теңдестік орнағандықтан қайта бөлу жүргізуге тұтынушы қызығушылық танытпайды. Осыдан барып Госсеннің екінші заңы шығады: барлық тұтынылған игіліктердің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда тұтынушы берілген игіліктер жиынын тұтынудан максимум пайдалылық алады.

Сонымен, тұтынушының ақшалай табысы кез - келген игілікті алуға жұмсалған бір ақша бірлігі (теңге, доллар, рубль т.с.с.) бірдей шекті пайдалылық әкелетіндей етіп бөлінген жағдайда пайдалылылық максимум мәнге жетеді.




  1. Пайдалылықты талдаудың ординалистік бағыты тұтынушы таңдауын түсіндіруде реттілік қағидасын қолданады. Ординалистердің тұжырымдамасындағы талдаудың негізгі құралы талғамсыздық қисығы болып табылады. Тұтынушылар іс-әрекетін зерттеуге ХХ ғасырдың 20-шы жылдары енгізілген талғамсыздық қисығын бір оқулықтарда итальян экономисті В. Парето, енді біреулерінде Ф Эджуорт алғаш ұсынған делінген. Дегенмен, бұл графикалық модельдің В.Паретоның еңбегі екендігін дәлелдейтін деректер көбірек (Аталған ғалымдардан басқа ординалистік бағыттың өкілдерінің қатарына Е. Слуцкий мен Дж. Хикс те бар).

Енді кардиналистік (сандық) тұжырымдамаға қарсы шыққан ординалистердің (реттілік теориясын жинақтаушылар) қағидаларының негізгі элементі ретінде талғамсыздық қисығына толық тоқталайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет