Институционалистердің айтуынша кәсіби және салалық ерекшеліктер жалақы белгілеуде ескерілуі тиіс.
Еңбек нарығына тән құбылыстың бірі – жетілмеген бәсеке жағдайы. Ол кәсіподақ пен кәсіпкерлерге байланысты болады. Еңбекті ұсыну жағында кәсіподақ, сұраныс жағында кәсіпкер тұрады. Яғни нарықта екі жақты монополия болады. Кәсіподақ – монополист, кәсіпкерлер – монопсонист болады. Осы екі монополиялық күш бағаны белгілейді. Осыны реттеу үшін ұжымдық келісім шарттар маңызды роль атқарады.
Ол ХІХ ғасыр бас кезінде пайда бола бастаған. Алғаш рет Англияда кәсіподақ қозғалысы қалыптасқан.
Келісім шарттардың маңызы:
● жалақыны анықтау;
● жұмысшының мүдделерін қорғайды, еңбек жағдайын жасап, әлеуметтік қамтамасыз етеді;
● ұлттық еңбек қатынастарын реттейді.
Кәсіподақтың еңбек нарығына әсерін қарастырайық. Кәсіподақ жалақы деңгейін теңдестік жалақы деңгейінен жоғары қояды. Мысалы, АҚШ пен Канадада кәсіподаққа мүше жұмысшылар кәсіподаққа мүше емес жұмысшылардан 8-18% артық жалақы алады.
М әселен, 5.6-суреттен байқағандай кәсіподақ ставкасын W1-ге көтерді делік. Сұраныс L1-ге азайып, ұсыныс L2-ге артады. Яғни L1-L2 жұмыссыздар. Кәсіподақ жалақыны көтерген кезде кәсіпкерлер, ең алдымен, сұранысты кемітеді, себебі артық жалақы өндірістік шығынды көбейтеді. Саладағы жұмыссыздар саладан кетуге мәжбүр болады. Яғни жұмыссыздық қалыптасады.
- еңбекті толық пайдаланбаудан болатын қоғам зияны.
Жұмысшы жалақысының өсуі кәсіпорында өндіріс факторының басқа түрлерін пайдалануды шектеуді керек етеді.
Сонымен кәсіподақтың араласуы жалақы деңгейін көтеріп, жұмысбастылықты азайтады. Дилемма туындайды: жалақы көбейту немесе жұмысбастылықты арттыру. Осы мәселені шешу үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру керек:
бәсеке нарығында кәсіподақ жалақыны мейлінше арттыруды міндет қылмауы керек;
кәсіподақ жалақының максимум ставкасына емес, жиынтық жалақыны арттыруға, яғни W*L шартын орындауға ұмтылуы тиіс;
кәсіподаққа мүше болғысы келетін жұмысшыларды шектеу керек;
босаған кадрларды қайта оқыту керек.
Енді кәсіпкерлердің еңбек нарығына ықпалын қарастырайық.(5.7-сурет).
Е гер сала бойынша 1 кәсіпкер болса, кәсіпкер жалақы деңгейін теңдестік деңгейден төмен қояды. SL < DL. Жалақы аз болғандықтан жұмысшылар бұл салаға келгісі келмейді.
- қоғам зияны.
2. Капитал басқа тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін ұзақ мерзімде қолданылатын адамдар құрған игілік болып табылады.
а) Физикалық капитал.
б) Қаржылық (ақшалай) капитал.
в) Заңды капитал.
а) Физикалық капитал – өндірістің әр түрлі фазасында қолданылатын адам еңбегінің өнімділігін арттыратын материалдық құралдар жиынтығы (станок, компьютер, ғимарат, т.б.)
б) Қаржылық (ақшалай) капитал – белгілі бір бағаға ие ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздар жиынтығы.
в) Заңды капитал – бірқатар құндылықтарға иелік ету құқықтың жиынтығы.
Капиталға әр түрлі мектеп өкілдері әр қалай анықтама берген. Дегенмен олардың бәрінің де ортақ көзқарасы – капитал еңбек арқылы құрылып, басқа тауарлар мен қызметтерді игертуге қатысады және табыс әкеледі.
Капитал айналым капиталы және негізгі капитал болып бөлінеді. Кей капитал өндіріс процесінде ұзақ пайдаланады, кейбіреуі бір рет қана қатысады.
Негізгі капитал өндіріс процесінде бірнеше өндірістік цикл бойы қатысып өзінің құнын өндіретін тауарға бірте-бірте береді. Негізгі капиталдың әрбір элементінің заңды түрде белгіленген қолдану мерзімі болады. Кәсіпкерлер өндіретін өнімдерге берілетін құнды амортизациялық аударым ретінде жинақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |