Еңбек нарығындағы сұраныс қисығы еңбектің жалақыға тәуелділігін көрсетеді
(5.1-сурет). Сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады. Бұл еңбектің шекті пайдалылығының азаю заңын көрсетеді, яғни фирма қосымша жұмысшыны тарту арқылы аз пайдалылық алып, олардың жалақысын азайтады.
5.1- сурет. Еңбек нарығындағы сұраныс қисығы
Жалақыға әсер етуші факторлар:
- еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс;
- жұмыс берушілер мен кәсіподақ арасындағы келісім шарт;
- мемлекеттік реттеу.
Дегенмен де шешуші жалақы деңгейін жетекшінің өзі анықтайды, ол шекті өнімділікті жалақы көлемімен салыстырады.
Еңбек сұранысына әсер ететін екінші фактор - басқа факторлар ұсынысы. Ең алдымен, капитал. Бұл – капитал мен жұмыс күшінің бірін-бірі ауыстыруы немесе толықтыруы болып табылады. Еңбек ұсынысы кәсіподаққа мүше жұмысшылар мен мүше емес жұмысшыларға тәуелді болады.
Жеке жұмысшыларға тоқталайық. Олардың өз еңбектерін ұсынуы бос уақыт пен еңбек етіп табысына тауар мен қызметтерді алудан түскен пайданың арасында таңдау жасауына байланысты. Яғни жұмысшы 1 сағат бос уақыт пен 1 сағатта табатын табыстан түсетін қанағатты (шекті пайдалылықты) салыстырады. 1 сағат жалақы ставкасы балама шығын болып табылады. Бұл шығын неғұрлым көп болса, жұмысшы сағаты көп жалақы ставкасын қажет етеді.
Жалақы деңгейі шексіз өсе бере ме? Жоқ, ол белгілі бір деңгейге дейін көтеріледі. Жалақы өскен сайын жұмысшының одан да көп жұмыс істегісі келеді. Яғни ол бос уақытты жұмыспен ауыстырады. Дегемен жұмыс уақыты артқан сайын жұмысшы үшін бос уақыт қымбаттай түседі. Себебі бос уақыт азаяды. Енді жұмысшы одан әрі жұмыс істегі келмейді (жұмыс уақытын азайтады), ол көбірек бос уақытқа ие болғысы келеді. Жалақының шамадан тыс өсуі еңбек ұсынысын азайтады. Осыны графиктен көрейік. (5.2.-сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |