Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет26/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

Талғамсыздық қисығы – бұл тұтынушы үшін құндылықтары бірдей екі игіліктің әр түрлі құрамдағы комбинациясын көрсететін сызық.

Тұтынушының таңдауы барлық тауарларға да қатысты болғанымен түсінікті болу үшін екі тауарды ғана қарастырамыз: Х және У тауары. Х тауарын горизонталь, У тауарын вертикаль осьтің бойына саламыз (3.2-сурет).




Талғамсыздық қисығының бойындағы А1, А2, А3, А4 тауарлар жиынының кез - келгенін тұтынудан алатын тұтынушы қанағаты бірдей болады. Басқаша айтқанда, олардың қайсысын алса да тұтынушы бірдей пайдалылық алады.

Бір кеңістікте көптеген талғамсыздың қисықтары орналасуы мүмкін. Қарастырылатын тауарлар жиынының пайдалылықтарының өзгеруі талғамсыздық қисықтарының орын ауыстыруына себепші болады. Көптеген талғамсыздық қисығының жиынтығы талғамсыздық қисығының картасы деп аталады.

Талғамсыздық қисықтары бірқатар қасиеттерге ие:



    • олар, біріншіден, бір-бірімен қиылыспайды;

    • екіншіден, координата басынан алшақтаған сайын оның бойындағы тауарлар жиынының тұтынушы үшін пайдалылықтары арта түседі;

    • үшіншіден, талғамсыздық қисығының бойындағы тауарлар жиыны тұтынушыға бірдей пайдалылық әкеледі (осы қасиетіне қарап талғамсыздық қисығын тең пайдалылықтар сызығы деп атауға болады);

    • төртіншіден, талғамсыздық қисықтары бір-біріне параллель орналасады. Талғамсыздық қисығының бұл қасиетін олардың жоғарыда көрсетілген бірінші қасиетінің негізінде геометриялық жолмен дәлелдеуге болады. Орта мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын «Геометрия» пәнінен параллель сызықтардың қиылыспайтыны белгілі.

Талғамсыздық қисығының бойындағы тауарлар жиынының тұтынушы үшін пайдалылықтары бірдей болғандықтан тұтынушы А1 жиынын А2 жиынына, А2 жиынын А3 жиынына оңай, еш шығынсыз ауыстыра алады. Тұтынушының талғамсыздық қисығының бойындағы бір тауарлар жиынынан екіншісіне ауысу ауыстыру аймағы деп аталады.

Талғамсыздық қисығының бойындағы бір игілікті екінші игіліктің қанша бірлігі ауыстыратынын білу үшін ауыстырудың шекті нормасы (MRS – marginal rate of Substitution) ұғымы қолданылады. Бұл көрсеткіш Х тауарының қосымша тағы бір бөлігін тұтыну үшін тұтынушының У тауарының қанша бірлігінен бас тартатынын көрсетеді:



мұндағы , - сәйкесінше Х және У тауарларын тұтыну көлемінің өзгеруі. Теріс таңбалы болуы тұтынылатын игіліктің бірін арттырғанда екіншісінің бір бөлігін тұтынуды азайтатындығымен түсіндіріледі. Мысалы, тұтынушы бастапқыда А1 жиынындағы тауарларды тұтынды делік. Енді ол Х тауарын тұтынуды тағы 5 бірлікке арттырмақшы. Бұл жағдайда тұтынушының У тауарларының қанша бірлігінен бас тартатындығын анықтайық:


Яғни тұтынушы Х тауарының қосымша бір бірлігін пайдалану үшін У тауарының екі бірлігінен бас тартады.

Талғамсыздық қисықтарының нышаны тұтынушының таңдауынан тәуелді болады және әркелкі түрге ие болуы мүмкін. Енді бірнеше ерекше жағдайларды қарастыралық.

Егер тұтынушы бір тауарды екінші тауармен тұрақты пропорцияда ауыстыруға дайын болса, бұл екі тауар абсолютті субститут тауарлар (өзара бірін-бірі қатаң ауыстыру) болады. Бұл жағдайда тұтынушы үшін екі тауар өзара бірін-бірі толықтай ауыстыратын тауарлар болып табылады. Бұл тауарлар бойынша ауыстырудың шекті нормасы – 1-ге тең, ал талғамсыздық қисығы координаталар осімен 450 көлбеу жасап қиылысатын түзу сызық түрінде болады (3.3-сурет).

Мысалы, 1 стакан алма шырыны мен 1 стакан ананас шырыны тұтынушы үшін тең таңдаулы болуы мүмкін. Өйткені бұл жерде алма және ананас шырындары өзара абсолютті субститут тауарлар.

Кей жағдайда екі игілік жеке дара қолданылмайды. Тұрақты пропорцияда, үнемі бірге тұтынылатын тауарлар абсолютті комплементарлық (өзара бірін-бірі қатаң толықтырушы) тауарлар деп аталады. Мұндай тауарларда ауыстырудың шекті нормасы 0-ге тең, ал олардың талғамсыздық қисықтары 90º-тық бұрыш жасап орналасады (3.4-сурет). Осылайша талғамсыздық қисығының нышаны L әрпі түрінде болады.

Өзара бірін-бірі қатаң толықтыратын тауарларға ұялы телефон мен SIM-карта жақсы мысал бола алады.

Тұтынушылар теориясында бір-бірін қарама-қарсы тауарлар (антитауарлар) деген ұғым бар. Антитауарлар – бұл тұтынушыға ұнамайтын тауарлар. Мысалы, тұтынушы жеміс шырынын ұнатуы, ал сүтті тіпті де қаламауы мүмкін. Дегенмен тұтынушыға, белгілі бір себептерге байланысты, оларды тұтынуға тура келді делік. Бұл жағдайда олардың талғамсыздық қисықтары оң көлбеулі болып салынады (3.5-сурет).


Енді тұтынушы үшін талғамсыз тауарлар деген ұғымды қарастырайық. Мәселен, тұтынушы жеміс шырынын ұнатады, ал сүтке бейжай қарайды делік, басқаша айтқанда, ол сүтті ұнатады немесе ұнатпайды деп кесіп айту қиын. Бұл жерде сүт тұтынушы үшін талғамсыз тауар болып тұр. Талғамсыз тауарлар үшін талғамсыздық қисығы вертикаль түзу сызық түрінде болады (3.6-сурет).




Сонымен, тұтынушы сұранысына баға, сапа, табыс секілді факторлардан басқа тұтынушының талғамдары мен таңдаулары, тауардың пайдалылығы да әсер етеді. Тауардың пайдалылығын сандық және реттілік әдісімен түсіндіруге болады. Сандық жағынан түсіндіруді ұсынған кардиналистік мектеп өкілдері талғамсыздық қисығы деп аталатын модельді қолданған. Талғамсыздық қисықтарының нышаны тұтынылатын 2 игіліктің ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет