Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет34/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

Айналым капиталы – шикізаттар мен материалдар, электроэнергия, су, т.б. Ол өндіріс цикліне бір рет қатысып, өзінің құнын жаңа өнімге бірден береді.

Тауарды тарату кезінде айналым капиталына жұмсалған шығындар кәсіпкерлерге бірден қайтып, өндірістік факторларын сатып алуға қатысады. Ал негізгі капиталға жұмсалған шығындар бірден қайтпайды. Ол үшін бірнеше жылдар, 10 жылдықтар өтуі мүмкін.

Өндіріс шығынының құрамына барлық айналым капиталы мен негізгі капиталдың белгілі бір бөлігі ғана кіреді. Негізгі капитал тозуға ұшырайды. Тозудың екі түрі бар: физикалық, моральдық.

Физикалық тозу өндіріс процесі нәтижесінде немесе табиғат күшінің әсерінен болады. Неғұрлым негізгі капитал көп пайдаланса, соғұрлым көп физикалық тозуға ұшырайды.

Физикалық тозумен амортизация түсінігі байланысты. Амортизация экономикалық катерогия, өнімге өткізілген негізгі капитал бөлгін сипаттайды. Тауарды таратқаннан кейін ақшалай түрде кәсіпкерге қайтады. Ол амортизациялық қор деп аталатын арнайы есепте жинақталады.

Амортизациялық аударым көлемі еңбек құралының бағасы мен пайдалану ұзақтығына байланысты болады.

Мысалы, станок бағасы 120 мың ақшалай бірлік, пайдалану мерзімі 12 жыл болса,

Жылдық амортизациялық аударым:

ақшалай бірлік

Егер капиталдың барлық пайдалану мерзімі бойы амортизация нормасы тұрақты болса, оны сызықтық амортизация деп атайды.

Моральдық тозу – оны пайдаланушылар көзқарасы бойынша негізгі капиталдың пайдалы қасиетінің төмендеуі.

Моральдық тозу біріншіден, арзан машина, жабдықтарға байланысты болуы мүмкін, екіншіден жаңа машинаның пайда болуына байланысты (техникалық прогресс, өмір сүру сипатына, сәнге, жарнамаға байланысты болуы мүмкін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет