Еңбек нарығындағы жалақы деңгейінің қалыптасуына:
● Еңбек ұсынысындағы айырмашылықтар әсер етеді. Мысалы, неге банк қызметекерлері мен бухгалтерлер тазалаушыларға мен аула сыпырушыларға, санитарларға қарағанда көп алады. Бұл білікті еңбек ұсынысының біліксіз еңбек ұсынысына қарағанда аздығына байланысты. 5.5-суретте осы айырмашылықты көруге болады.
● жалақыға еңбекке деген сұраныс та әсер етеді. Бұл жағдайда сұраныс қисығы оңға (жалақы жоғарылайды) немесе солға (жалақы төмендеуі) жылжуы мүмкін;
● жалақыға аймақтық факторлар, еңбек дискриминациясы әсер етуі мүмкін (нәсілдік, жыныстық)
● мемлекеттің ең төменгі жалақы деңгейін анықтайды, жұмыс күні, ұзақтығын белгілеуі, уақытынан артық жұмыс істеуді реттеуі;
● жұмыс істеушілердің бір жерден екінші жерге көшкісі келмеуі. Бұл сол жерде жалақыны төменгі деңгейде ұстап, басқа жердегі жалақыны жоғары деңгейде ұстауға әкеп соғады.
Еңбек нарығы туралы бірнеше көзқарастар қалыптасқан.