Толық салыстырмалылық туралы аскиома. Игіліктерді салыстыра отырып тұтынушы келесідей қорытынды жасайды:
(x1;x2)> (y1;y2) – тұтынушы X тауарларының жиынын У тауарларының жиынына қарағанда көбірек таңдайды;
(x1;x2)<(y1;y2) – тұтынушы X тауарларының жиынын У тауарларының жиынына қарағанда аз таңдайды;
(x1;x2)=(y1;y2) – X және У тауарлар жиындары тұтынушы үшін бірдей таңдаулы.
Транзитивтілік аксиомасы. Егер тұтынушы У тауарлар жиынына қарағанда
Х жиынын, ал У жиынына қарағанда Z жиынын таңдаса, онда ол Z жиынына қарағанда Х жиынын таңдайды деген сөз.
Яғни (x1;x2)>(y1;y2), ал (y1;y2)> (z1;z2) болса, онда (x1;x2)> (z1;z2) болады.
Егер Х жиынының құндылығы У жиынының құндылығымен, ал У жиынының құндылығы Z жиынының құндылығымен бірдей болса, онда Х жиыны мен Z жиындары да тең құнды болғаны:
(x1;x2)=(y1;y2, ал (y1;y2)= (z1;z2) болса, онда (x1;x2)=(z1;z2)
Достарыңызбен бөлісу: |