Сұраныс және ұсыныс негіздері


Қайталауға арналған сұрақтар



бет19/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
Байланысты:
Лекции микро

Қайталауға арналған сұрақтар


  1. Сұраныстың және ұсыныстың икемділігі ұғымдарын түсіндіріңіз.

  2. Сұраныстың бағалық икемділігіне байланысты икемділіктің түрлерін атаңыз.

  3. Сұраныстың табыстық икемділігі және ол қалай есептеледі?

  4. Сұраныстың қиылысқан икемділігі және оны есептеу.

  5. Ұсыныс икемділігі ұғымын түсіндіріңіз.

  6. Икемділіктің практикалық мәнін түсіндіріңіңіз.


3-дәріс. Тұтынушы іс-әрекеті
Дәріс жоспары:

  1. Экономикалық қажеттілік және сұраныс

  2. Пайдалылық және шекті пайдалылық

  3. Талғамсыздық қисығы.




  1. Адам өмірде өзінің тамаққа, киімге, көлікке, білім алуға, демалуға т.с.с. деген

қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады. Қажеттілік дегеніміз – бұл адамның немесе өндіріс орнының қандай да бір игілікті тұтынуға деген тілегі, ынтасы. Әдетте, жалпы қажеттілікті экономикалық және экономикалық емес деп бөліп қарастырады.

Экономикалық емес қажеттілік адамның табиғи ерекшелігімен байланысты (мысалы, адамның ауаға, тыныс алуға, ұйықтауға, т.с.с. қажеттілігі). Ал экономикалық қажеттілік өндіріс арқылы ғана жүзеге асады. Өндіріс процесінде құрылған игіліктер өндірістік мақсатқа (кәсіпорындар үшін) және жеке тұтынуға жіберіледі. Кәсіпорындарға жіберілген игіліктер өндірісте аралық өнім ретінде пайдаланылады да, кейін олардан дайын өнім алынады. Жеке тұтыну – бұл адамның жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тауар мен қызметтерді пайдалануы. Экономикалық теорияда «тұтыну» және «сұраныс» терминдері синоним сөздер ретінде қолданылады.

Тұтынушы сұранысына бізге белгілі бағалық және бағалық емес факторлардан басқа тұтынушының психологиялық ерекшеліктері әсер етеді. Бұл жөнінде американ экономисті

Х. Лейбенстайннің «Тұтынушы әрекеті және сұраныс теориясы» атты еңбегінде жан-жақты жазылған. Х. Лейбенстайн сұранысты функционалды және функционалды емес тұтынушы сұранысы деген екі үлкен топқа бөліп қарастырады. Оның айтуынша, функционалды сұраныс бұл тауарды немесе қызметтің тұтыну қасиетіне байланысты туындайтын сұраныс түрі. Ал функционалды емес сұраныс экономикалық игіліктің қасиеттерінен тікелей тәуелді емес жағдайда қалыптасатын сұраныс түрі. Функционалды емес тұтынушы сұранысын

Х. Лейбенстайн ұтымсыз, спекулятивті және әлеуметтік сұраныс деп бөледі.

Ұтымсыз сұраныс – бұл алдын ала жоспарланбай, тұтынушының аяқ астынан болған көңіл күйінің нәтижесінде орын алатын сұраныс. Адамдар кей кезде асығыс шешім қабылдап, тауарды сатып алғаннан кейін өкінуі мүмкін. Мысалы, тәттіге құмар адамдардың бірі қымбат кондитерлік өнімді, ал енді бірі өзіне қажет емес тұрмыс бұйымын сатып алуы мүмкін. Бұған итермелеген жағдай – аталған өнімдер сатылатын сауда орнындағы тұтынушының бір мезеттік көңіл күйі.

Спекулятивті сұранысты белгілі бір есеппен жасалынатын сұраныс деуге болады. Сұраныстың бұл түрі инфляцияға байланысты орын алады. Бағаның болашақта қымбаттауын күткен адамдар тауарға деген сұранысты бүгінгі күні қалыптастырады. Яғни спекулятивті сұраныс дегеніміз – инфляция жағдайында бағаның өсу қаупінен сақтану мақсатында орын алатын тұтыну түрі. Мысалы, жаз айларындағы қанттың қымбаттауын күткен адамдар алдын- ала сақтанып, жаздың басында қанттың мол қорымен қамтамасыз етілуі мүмкін. Спекулятивті сұраныстқа тағы да бір мысал. Белгілі компанияның өніміне деген сұраныстың болашақта артуы акция бағасын арттырады деп болжаған қор биржасындағы делдал акцияны көп көлемде сатып алады. Оның мақсаты – акцияны болашақта қымбат бағамен сату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет