Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет21/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
Байланысты:
Лекции микро





Веблен әсері. Әлеуметтік сұраныстың бұл түріне тауар бағасының қымбаттауы әсер етеді.

Веблен әсері – бұл тауар бағасының қымбаттауына байланысты сұраныстың артуы. Әдетте, бұл дәулетті тауарларда кездеседі. Мысалы, гауһар зергерлік бұйымының немесе әйгілі суретшінің картинасының аукциондағы бағасының арзандауы тауардың сапасына немесе түпнұсқалығына күмән тудырып, сұранысты азайтуы мүмкін. Ал, керісінше, бұл тауардың бағасының қымбаттауы сұранысты ынталандырады.




  1. Нарықтың маңызды элементі нарықтық сұраныс екені белгілі. Оны сипаттайтын сұраныс қисығы тұтынушылардың белгілі бір тауардың қажеттілігі, пайдалылығы туралы субъективті түсінігінің нәтижесінде қалыптасады. Тұтынушылар тауарды оның пайдалылығы деп аталатын көрсеткішіне байланысты таңдайды. Пайдалылық – бұл белгілі бір игілікті тұтыну нәтижесінде индивидтің алатын қанағатының дәрежесі немесе игіліктің тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігі.

Экономистер «пайдалылық» терминін басқа ұғымдармен ауыстыруға тырысты. Мәселен, белгілі орыс экономисті Н. Бунге пайдалылықтың орнына «жарамдылық», америка экономисті әрі статистігі И.Фишер «қанағат» терминін қолдануды ұсынды, ал итальяндық-швейцариялық экономист әрі әлеуметтанушы В. Парето «пайдалылықты» зат пен адамның талғамы арасындағы байланыс деп қарау керектігін айтты. Берілген сындарға қарамастан «пайдалылық» түсінігі қазірде де қолданылып келеді. Белгілі бір тауардың пайдалылығын сандық жағынан бағалау объективті емес, тек жеке, субъективті сипатта болады. Бір тауар бірінші тұтынушы үшін жоғары құндылыққа ие болса, екінші бір тұтынушы үшін оның еш құны жоқ болуы мүмкін.

Қазіргі экономика ғылымында заттың немесе қызметтің пайдалылығын өлшеудің екі тұжырымдамасы қолданылады: кардиналистік және ординалистік.

Пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы пайдалылықтың шамасына математикалық тұрғыдан дәл анықтама беруді ұсынады. Мұнда пайдалылықтың өлшем бірлігі ретінде гипотезалық бірлік - ютиль (utilityағылшынша пайдалылық) қолданылады.

Кардиналистік әдіс төмендегі гипотезалармен сипатталады:


  1. тұтынушы қолындағы қаражатын жұмсай отырып, тұтынатын тауар мен қызметтерден максимум пайдалылық алуға тырысады;

  2. тұтынушы тұтынылатын игіліктерді сандық жағынан бағалай алады;

  3. тұтынатын игіліктің саны артқан сайын оның шекті пайдалылығы төмендейді.

Сандық тәсілді сынға алатын ординалистік (реттілік) теория пайдалылықты өлшеу үшін басқа тәсілді ұсынады. «Ординарлық» термині реттілік дегенді білдіреді. Бұл принципке сәйкес ординалистер тұтынушының тауарлары мен қызметтерін жасаған таңдауларына байланысты белгілі бір ретпен қойып қарастырады. Бұл әдістің кардиналистік тәсілден айырмашылығы – ол игіліктің пайдалылығын субъективті-психологиялық бағалауды қажет етпейді және салыстырмалы түрде объективті сипатта болады.

Ординалистік тұжырымның негізінде төмендегі аксиомалар қарастырылады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет