Сұраныс және ұсыныс негіздері



бет23/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
Субституция аксиомасы. Тұтынушы белгілі бір игіліктің аз көлеміне қарағанда көп көлемін таңдайды.

Пайдалылықты есептеудің ординалистік теориясындағы талдау жүргізудің негізгі құралдары талғамсыздық қисығы және бюджет сызығы болып табылады. Оларға тоқтамас бұрын сандық теориядағы пайдалылық, жалпы пайдалылық, шекті пайдалылық ұғымдарын қарастырған жөн. Сонымен, тұтынушылар іс-әрекетінің тек ғана жалпы пайдалылығы емес, сонымен қатар оның шекті пайдалылығы да қарастырылады. Өйткені, біріншіден, игілікті тұтынған сайын адамның қажеттілігі біртіндеп қанағаттана бастайды. Осылайша, тұтыну саны артқан сайын тауардың жалпы пайдалылығы артады. Экономикалық игіліктің жалпы пайдалылығы дегеніміз – жекелеген тауар мен қызметтер жиынын тұтынудан алынатын жалпы қанағаттың өлшемі. Ол TU (total utility – ағылшынша жалпы пайдалылық) әрпімен белгіленеді.

Екіншіден, игілікті тұтыну барысында оның әр қосымша бірлігінің пайдалылығы кемиді. Игіліктің әр қосымша бірлігін тұтынудан алатын тұтынушының пайдалылығы шекті пайдалылық деп аталады. Ол MU (marginal – ағылшынша шекті, соңғы) деп белгіленіп, келесі формуламен анықталады:


(1),

мұндағы MU – шекті пайдалылық



– тұтынылатын игіліктің санының өзгеруі нәтижесіндегі жалпы пайдалылықтың өзгерісі

– тұтынылатын игіліктің көлемінің өзгерісі.
Игіліктің саны Q артқан сайын жалпы пайдалылық өседі. Ал игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Мұны төмендегі 3.1-суреттен көруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет