Сұраныс және ұсыныс негіздері


Сұраныстың бағалық икемділігі



бет13/81
Дата22.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#127402
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
Байланысты:
Лекции микро
krugovorot veshch. v biosfere moya
Сұраныстың бағалық икемділігі

Баға өзгерісінің жалпы түсімге ықпалы





Икемді сұраныс





Икемсіз сұраныс





Бірлік икемді сұраныс




Жоғарыда айтылғандардан басқа сұраныстың бағалық икемділігінің өте (абсолютті) икемді және өте (абсолютті) икемсіз сұраныс деп аталатын түрлері кездеседі.

Бағаның елеусіз шамаға ғана өзгеруінің өзі немесе мүлде өзгермеуі сұранысты шексіз өзгертетін болса, мұндай тауарларға деген сұраныс өте икемді сұраныс деп аталады.

Бұл кезде болады (2.4-сурет).



Өте икемді сұраныс еркін бәсеке нарығында немесе инфляция тұсында орын алады. Инфляция кезінде ақшаның құнсыздануынан сақтанған сатып алушылар тауарға жоғарғы сұраныс қалыптастыруы мүмкін. Өте икемді сұранысқа ие тауардың сұраныс қисығы абсцисса осіне параллель, яғни горизонталь нышанда болады.

Кей уақытта баға қанша өзгергенмен бұл сұранысқа әсер етпеуі мүмкін. Бағаның шексіз өзгеруі сұранысқа мүлде әсер етпесе немесе өте елеусіз ғана әсер етсе, мұндай сұраныс өте икемсіз сұраныс деп аталады. Бұл жағдайда болады (2.5-сурет).

Өте икемсіз сұраныс үнемі жоғары сұранысқа ие тауарларда (алғашқы қажеттіліктегі тауарлар, дәрі-дәрмектер, қоғамдық көлік) болады. Мұндай сұранысқа ие тауарлардың сұраныс қисығы абсцисса осіне перпендикуляр, яғни вертикаль нышанда болады.

Микроэкономикада икемділіктің нүктелік және доғалық икемділік деп аталатын түрлері бар. Нүктелік икемділікті (Point elasticity – ағылшын тілінен аударғанда нүктелік икемділік) сұраныс қисығына жанама сызық жүргізу арқылы анықтауға болады. Сұраныс қисығының көлбеу бұрышы Х осімен қиылысатын жанаманың бұрыш тангенсінің мәні арқылы анықталады (2.6-сурет).


Сұраныстың бағалық икемділігінің формуласын нүктелік икемділікті есептеуде қолдануға болады.


(3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет