Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Р.М. Нуреев Курс микроэкономики.- М.: 2001.
2. Микроэкономика. Л.Г. Симкина, Б.В. Корнейчук .- СПб: 2003.
3. Хэл Вериан Микроэкономика Промежуточный уровень Современный подход. - М.: 1997.
14–тақырып. Сыртқы әсерлер.
Дәріс жоспары:
1. Сыртқы оң және теріс әсерлер.
2. Коуз теоремасы.
3. Қоршаған ортаның ластануымен күресу.
1.Сыртқы әсерлер - нарықтық мәмілелерден болатын шығындар немесе пайдалар. Сыртқы әсерлерден болатын шығындар өнім бағасының құрамына енбейді. Олардың сыртқы деп аталу сенбебі- бұл әсерлер тек қана мәмілеге қатысушы агенттерге емес, сонымен бірге үшінші тұлғаға да қатысты. Сыртқы әсерлер өндіріс нәтижесінде де, тұтыну нәтижесінде де орын алуы мүмкін. Сыртқы әсерлерді экстерналдар деп те атайды. Оларды сыртқы оң әсер және сыртқы теріс әсер деп бөледі. Теріс әсерлер үшінші тұлғаны шығынға әкеледі, ал оң әсерлерден үшінші тұлға пайда көреді. Сыртқы әсерлер қоғамдық шығындар мен жеке шығындар арасындағы айырма арқылы анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |