Сұраныс және ұсыныс заңы



бет5/5
Дата26.12.2021
өлшемі128 Kb.
#105663
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
000632c1-dfff09da

5.Сабақты қортындылау

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативтік – құқықтық актілерге негізделген: Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар»,«Теріс пиғылды бәсеке туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» Заңдары.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы «Теріс пиғылды бәсеке туралы» заңы теріс пиғылды бәсекелестікті мойындайтын әрекеттерді белгілейді, теріс пиғылды бәсекені және оның зардаптарын болдырмау және жою механизмін белгілейді. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы теріс пиғылды бәсекенің келесі түрлері бөлінеді:


  • Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану – бұл тұтынушыда өндіруші тауарлы теріс пікір тудыруы мүмкін.

  • Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап енгізуі.

  • Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.

  • Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.

  • Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықтық қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылу және т.б.

Антимонополиялық заңдар 1880жылы АҚШ-та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосылуын бақылау.

Қазақстанда 1996 жылы «Бәсеке және сауда нарығындағы монополиялық қызметті шектеу» туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекттік комитет құрылды. Қазақстан Республикасында монополияға қарсы және теріс пиғылды бәсекелестік саласындағы ынтымақтастық туралы көптеген келісімдер жасалды. Мысалы, Өзбекстан Республикасымен (1997 ж. 14 наурызда), Қырғыстан Республикасымен (1999 ж. 15 қазан), ТМД мемлекеттерімен (1993 ж. 12 наурыз) «Монополияға қарсы саясат саласындағы келісім туралы» келісімшарттар бекітілді.

Жаңа ұғымдар:


  • Сұраныc

  • Ұсыныс

  • Нарық тепе-теңдігі

  • Бәсеке

  • Монополия

  • Олигополия

  • Бағалық бәсеке

  • Жетілген бәсеке

5. Оқушылардың жауабын бағалау.



6.Үйге тапсырма.

Г.Жолдасова «Экономика негіздері» 84-101 бет



Я.Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» 119-139 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет