2.Экономикалық ресурстар. Экономиканың үш фундаменталды мәселесі.
Кез-келген ғылым секілді микроэкономикалық теория зерттелетін құбылыстарды түсiндiрумен, болжаумен айналысады. Әрбiр қоғам үнемi үш сұраққа жауап iздеуi тиiс, ол – не өндiру, қалай өндiру және кiм үшiн өндiру қажет?
«Қажеттілік» бойынша – не өндіреміз?
«Ресурстар мен технология» бойынша – қалай өндіреміз?
«Өнімдер мен қоданулар» бойынша – кім үшін өндіреміз?
Экономикалық теорияның негізгі сұрақтары мыналар болып табылады:
Не өндіреміз? – бұл қажеттіліктер бойынша берілген экономикалық жүйеде белгілі бір уақыт кезеңінде және қандай мөлшерде, мүмкін болатын тауар немесе қызмет түрінің қайсысы өндірілуі тиіс деген экономикалық мәселе.
Қалай өндіреміз? – бұл өндірілуі мүмкін тауардың немесе қызмет түрінің таңдап алынған нұсқалары ресурстардың қандай қисынымен және қандай технологияны пайдалану арқылы өндірілуі тиіс деген экономикалық мәселе.
Кім үшін өндіреміз? – бұл таңдап алынған тауар немесе қызмет кімге арналып шығарылалы, олар қалай бөлінеді және оны кім сатып алуы тиіс деген мәселе.
.