С¥раныс пен ¥сыныс теориялары. НарықТЫҚ тепе-теңдік



бет5/15
Дата05.02.2022
өлшемі255,12 Kb.
#130776
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Микро слайд

Сұраныс дегеніміз тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі - бүл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны. Ал сұраныс бағасы — бұл тұтыну- шылардын белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы.

Сұраныс заңы дегеніміз тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғүрлым төмендеген сайын, тауарға сүраныс соғұрлым жоғарылай береді. Бұл кері тәуелділікті сұраныс қисығы арқылы сипаттауға болады. Сұраныс қисығы дегеніміз сұраныс заңының графикалық көрінісі мен бейнеленуі, сатып алушылардың берілген уақыт мезетінде әр түрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатып алуға болатындығын көрсететін қисық сызық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет