3.Жаһандық теңсіздік дегенді қалай түсінесіз және сол теңсіздікті болдырмауға Тар боладыма. Берген жауабыңызды дәлелдеңіздер
Кез келген теңсіздік қарулы қақтығыстарға әкеп соқтыруы мүмкін. Егер билік басында тұрғандар өз ресурстары арқылы одан көп ре-сурстарды қолға алуды көздесе, жоғары дамыған елдер мұнай, газ немесе басқа да шектеулі ресурстарды арзанға алу үшін нашар дамыған елдерді басып алады, салдарынан биліктен тыс қарапайым халық оларға қарсы көгеріледі. Чикагодағы екі көшеден жиналған топтардың арасындағы немесе Үндістандағы мұсылмандар мен үнділер арасындағы шайқастарда адам өлімі көп болуы мүмкін, бірақ ол соғыс деп аталмайды. Соғыс - кем дегенде бір жағы тікелей үкімет тарапынан құрылған әскердің қатысуымен болатын қарулы қақтығыс (Kestnbaum, 2009). Кейбір жагдайларда шиеленістер өрбіп, екі ел арасындағы соғыс, басқалары ел ішіндегі көтеріліс (азаматтық соғыстар) сияқты кең көлемді қоғамдық оқиғаларға үласуы мүмкін.Согыс әрдайым үш топтың - үкіметтің, қарулы күштердің және қарапайым халықтың арасындағы қарым-қатынастардың өзгеруіне әкеледі (Kestnbaum, 2009; Paret, 1992; Geyer, 2002). Үкімет қарулы күштердің қолдауымен немесе халық өз отанын жаудан қорғау үшін қарулануға дайын болуын білдірген жағдайда ғана әскерін жинап, соғысқа қатысуы мүмкін. Қарулы күштер үкіметтің және халықтың қолдауымен немесе жауды жеңуге өкілеті жеткілікті болған жағдайда ғана соғысқа шыға алады. Халық үкіметтің және әскердің елге қамқорлық жасап, жаудан қорғауына сенімді болған жағдайда ғана олардың соғысқа қатысуын қолдайды. Сондай-ақ халық өз үкіметін және әскерін жау ретінде қабылдаса және күресуге тұрарлық деп санаса, көтеріліске шығады. Елдердің арасындағы теңсіздіктің артуы бүкіл элем бойынша зорлық-зомбылық, этностық немесе саяси күрестің орын алуына себеп болады (Kerbo, 2005). Соңғы онжылдықта мұндай конфликтілер Израильде, Македонияда, Мексикада, Ауғанстанда және басқа жерлерде орын алды. Қазіргі заманғы соғыс, соның ішінде азаматтық соғыс - елдегі қарым-қатынастардың өзгеруімен қатар, елдер арасындағы қарым-қатынастардың өзгергенін де көрсетеді (Kestnbaum, 2009; Hironaka, 2005). Кейде бір ел басқа елдің ресурстарын тартып алуға тырысады. Мысалы, 1930 жылдары Германия Чехословакияга басып кірді, ал Жапония минералдарды, құнарлы жерлерді және басқа да ресурстарды иелену мақсатында Манчжурияны басып алды. Сонымен қатар жоғары дамыған елдердің үкіметтері мен мүдделі іскер топтарының өз ресурстарын пайдаланып нашар немесе орташа дамыған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа батқан әлсіз үкіметтерді қолдауына байланысты жан-жалдар туындайды. Мұндай жағдайлар Вьетнамда, Иранда, Иракта және басқа жерлерде қарулы бүлік шығуына себеп болған