Ежелгі Қытайдың қандай негізгі әдеби ескерткіштерін білесіз?
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: «И цзин» -Өзгерістер кітабы», «Ши цзин» – «Өлендер кітабы», «Шу цзин» – «Тарих кітабы».
«И цзин» – «Өзгерістер кітабы» – бүкіл Қытай мәдениетінің қалып-тасуына зор әсер еткен, маңызын әлі күнге дейін жоймаған шығарма. Кейбір зерттеушілер оны қасиетті кітап деп атап, Ведалармен, Інжіл. Құранмен бір деңгейге қояды.
«Ши цзин» – «Өлеңдер кітабы» 305 поэтикалық шығармалардан тұрады. Олардың қай кезеңдерде жазылғанын дәл басып айту қиын, қазіргі заманғы ғалымдар бұл өлеңдер шамамен біздің дәуірімізге дейінгі XI -VII ғасырларда, Қытайда философиялық мектептер әлі қалыптасып үлгермеген уақытта жазылған, кейінірек Конфуций өлеңдерді іріктеп, өңдеп, өзінің философиялық ілімінде қолданған, ал оның шәкірттері Конфуций мектебінің негізгі кітабына айналдырған деген болжам айтады.
«Шу цзин» – «Тарих кітабы» немесе «Құжаттар кітабы». Кітапты алғаш рет Конфуций құрастырды, кейіннен әр түрлі ойшылдар оны бірнеше рет өңдеді (олардың кейбіреулері кітапқа өз мәтіндерін де қосып, араластырып жіберген), кейбір бөліктері біздің дәуірімізге дейінгі 213 жылы кітаптар өртелген кезде отқа жағылды деген пікірлер бар. Атынан көрініп тұрғандай, кітаптың тарихи мазмұны басым, бірақ философиялық көзқарастар да (әсіресе, Конфуций мектебіне тән) көп кездеседі.