Қытайдың философиялық ойының дамуына «Өзгеріс кітабының»тигізетін ықпалы қандай?
Өзгеріс кітабының” символдары мен ұстанымдары дәстүрлі Қытай болмысын қамтиды. Бүгінгі күнге дейін қытай философиясы үнемі көне бастауларға ден қояды және басқа философиялық көзқарастардың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударып, өз ойлау қабілетінің ерекшелігін көрсетеді.
Дао - деген не?
Дао (қыт. жол) - Қытай философиясының ең басты ұғымы. Дао бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, әрбір бастаманың басы. Дао- әрбір қайталанбас сәттің нәрі.