-
оны зерделік, дене тұрғысынан және жеке тұлғалық дамыту;
-
оның жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, шығармашылық
қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту;
-
оқу-тәрбиелеу үдерісінде оқушыға жеке тәсілдеме қолдану.
3.2.2.
Баланы мектепте оқытудың басталу сәтінен 4 аптадан артық
кешіктірмей, психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын
әзірлеу.
3.2.3.
Оқушылардың ҚР заңнамасына сәйкес сапалы білім алуға деген
құқығын жүзеге асыру үшін жағдай тудыру.
3.2.4.
МектепмамандарыПМПК ұсыныстарына және психологиялық-
педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасына сәйкес оқушыны қажетті
психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етеді.
3.2.5.
Оқушыларға жұмыс түзіміне сәйкесмектепте, сондай-ақ ПМПК
мен № ... ОБМ-інің ПМПк ұсыныстарын есепке ала отырып, ұзартылған күн
тобында болуға мүмкіндік туғызады.
3.2.6.
Ата-аналарға білікті көмек көрсету (№ ... ОБМ-інің мамандарының
құзыреттілігінің аясында), ата-аналарға жақын арада болатын кеңестер мен
кеңестердің нәтижелері, сондай-ақ білім беру үдерісінде туындаған мәселелер
туралы хабардар етеді.
3.2.8.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасынан
ауытқығанда немесе оны жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда
бағдарламаны түзету мақсатында бұл туралы ата-аналарға дер кезінде хабар
беріледі.
3.2.9.
Ата-аналарды № ... ОБМ-інің қызметін реттейтін жергілікті
актілермен және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен
таныстырады.
Достарыңызбен бөлісу: