Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет39/132
Дата21.12.2021
өлшемі1,39 Mb.
#104347
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   132
Байланысты:
Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

3. 
Лауазымдық міндеттері 
 
 
Логопед мұғалімнің   міндеттері: 
3.1. 
Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу. 
3.2. 
Оқушыларға  психологиялық  жайлы  және  қауіпсіз  жағдай  тудыруға 
көмектесу, түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын 
сақтаумен қамтамасыз ету. 
3.3.   
Оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының 
құрылымы  мен  байқалу  айқындығын  анықтау,  логопедиялық  тексеру 
нәтижелері  бойынша  тұжырымдама  жасау  және  оларды  рұқсат  етілетін 
көлемде  ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде 
және оларды жеңуде  бағдарлау мақсатында)  жеткізу. 
3.4. 
Түзету  жұмысының  міндеттерін,  формасын,  тәсілдерін  анықтау, 
бастапқы сөйлеу тілдік бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды 
бұзылыстардың  алдын  алу,  оқушылардың  дамуындағы  жүйкелік-психикалық 
ауытқушылықтарды  жеңу,  сөйлеу  тілдік  бұзылыстарды  барынша  түзетуге 
бағытталған  жеке  даму  бағдарламасы  аясындағы  түзете  дамыту  жұмысын 
жүргізу; оқушылардың  ары қарай  қоғамда бейімделуін қамтамасыз ету. 
3.5. 
Балаларды  ПМПК-ке,  психологиялық,  медициналық  орталықтарға 
(қажет болған жағдайда) жіберу. 
3.6. 
Сабақ  өткізу  үшін   оқушыларды  психофизикалық,  және    сөйлеу 
тілдік  жағдайын есепке ала отырып,  топтастыру.   
46 
 


3.7. 
№  ...  ОБМ-інде  жүргізілетін  қолдау  үдерісі  мен  түзете  білім  беру 
үдерісінің  барлық  субъектілерінің  (әкімшілік,  педагогтар  ұжымы,  ата-аналар) 
және оқушылардың арасында делдал болу. 
3.8. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  оқушылардың  замануи  білім  беру 
кеңістігінде бейімделу жобаларын  жүзеге асыру саласындағы № ... ОБМ-інің 
болжалдық мүмкіндіктерін талдау. 
3.9. 
Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: 

түзете  дамыту  жұмысының  жеке  бағдарламаларын  ресурстық 
қамсыздандыру; 

түзету  жұмысын  ұйымдастыру  барасында  педагогтардың  және  ата-
аналардың   кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; 

сөйлеу тілдік бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты  жинау және  
қорландыру; 

№ ... ОБМ-інің түзету жұмысы бойынша жобалар мен бағдарламаларды 
табысты жүзеге асыру үшін қажетті ішкі байланыс жүйесін;  

оқушылармен  түзете  дамыту  жұмысының  жеке  бағдарламасын  жүзеге 
асыруды мониторигілеу жүйесі; 
-  
түзете дамыта оқыту саласында қабылданған шешімдерді орындау; 

оқушыларды ары қарай мектептік және әлеуметтік бейімдеу жұмысын. 
3.10. 
Әзірлеу және пайдалану: 

оқушылардың түзетуге болатын сөйлеу тілінің айтылу, фонематикалық 
үдерістерінің  және  лексикалық-грамматикалық  бұзылыстарын  жоюға 
бағытталған  түзете  дамыту  жұмысының  (апробацияланған  және  авторлық) 
бағдарламасын, сабақтар циклын; 

мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларды  кешенді  түрде  тексеру  мен 
қолдаудың жеке бағдарламаларын; 

мектеп  және  жанұя  жағдайындағы  сөйлеу  тілдік  бұзылыстары  бар  
оқушылармен  жұмыс  бойынша  педагогтарға,  мамандарға  және  ата-аналарға 
арналған ұсынымдар. 
3.11. 
№  ...  ОБМ-інің  және  жанұялық  тәрбиелеу  жағдайындағы  
оқушылардың  сөйлеу  тіліндегі  бұзылыстарды    жеңу  бойынша  түзету 
жұмысының міндеттері мен ерекшеліктері туралы  хабарлау мақсатында білім 
беру  үдерісіне  қатысушылармен  (педагогтар  мен  ата-аналар)  кеңес  беру 
жұмсын жүргізу. 
3.12. 
Қатысу: 

Қолдау 
қызметін, 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консилиум  жұмысын жоспарлауға; 

әдістемелік  бірлестіктер  мен  әдістемелік  жұмыстың  басқа  түрінің 
әрекеттеріне; 

Педагогтар  кеңесіне,  ППҚ  қызметінің,  психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына; 

ата  аналар  үшін  өткізілетін  шараларға  (жиналыстар,  семинар-
практикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.). 
47 
 


3.13. 
Оқушылардың   сөйлеу  тілінің  құрылымдық  компоненттерін  
тексеруге  және  логопедиялық  түзете  дамыту  жұмыстарын  жүргізуге  арналған 
көрнекі құралдар мен материалдар. 
3.14.   
Қажетті  құжаттамаларды,  аналитикалық-статистикалық  есепті 
(тексеру  мен  жүргізілген  түзету  сабақтарының  нәтижелерін  бейнелейтін, 
берілген формадағы жылдық есепті құру) қабылданған формада  ресімдеу және 
жүргізу,  ПМПк  үшін  балаларды  логопедиялық  тексеру  және  түзету  жұмысы 
нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау.   
3.15. 
Өзінің  кәсіптік  жұмысын  орындағанда  №  ...  ОБМ-інің  жарғысын, 
еңбекті  қорғау  ережелері  мен  нормасын  сақтау,  қауіпсіздік  техникасын, 
санитарлық және өртке қарсы ережелерді, еңбек тәртібін, еңбек тәртібінің ішкі 
ережелерін орындау. 
3.16. 
Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет