Среднесрочной и долгосрочной основе методические рекомендации


Жалпы білім беру мектебінің ЕДШ нұсқаушысына     лауазымдық



Pdf көрінісі
бет53/132
Дата21.12.2021
өлшемі1,39 Mb.
#104347
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   132
Байланысты:
Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

Жалпы білім беру мектебінің ЕДШ нұсқаушысына     лауазымдық 
нұсқаулық 
 
1. 
Жалпы ережелер 
 
1.1. 
Осы  лауазымдық нұсқаулық  ҚР «Білім туралы» заңына,  ҚР Еңбек 
кодексіне  сәйкес  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту,  жалпы  орта  және 
қосымша  білім  беру  жүйесінің  педагог  қызметкерлерінің  лауазымдарының 
үлгілік  біліктілік  сипаттамаларына  (ҚР  БҒМ  2009  жылғы  шілдедегі 
қосымшалармен  және  өзгерістермен  №338  бұйрығы),  «Даму  мүмкіндіктері 
шектеулі  балаларға  психологиялық-педагогикалық  қолдауды  ұйымдастыру 
бойынша әдістемелік ұсынымдарға»  (ҚР БҒМ  2011 жылғы 12 желтоқсандағы 
№  524  бұйрығы),    «Денсаулық  сақтау  қызметкерлерінің  лауазымдарының 
біліктілік  сипаттамасын  бекіту  туралы»  бұйрықтарына    (ҚР  ДСМ    2009 
жылғы 26 қарашасындағы   № 791 бұйрығы)сәйкес әзірленген. 
 1.2. 
ЕДШ  нұсқаушысы  тағайындалатын  және  босатылатын  мамандар 
санатына жатады.   
1.3.
ЕДШ нұсқаушысы  Психологиялық-педагогикалық қолдау  қызметінің  
аясында  (ары  қарай  ППҚ)  тікелей  инклюзивтік  білім  беруді  үйлестірушіге 
немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады. 
1.4.  
ЕДШ  нұсқаушысы      Психологиялық-педагогикалық  қолдау 
қызметінің  басқа  қызметкерлерімен   пәнаралық  негізде  өзара  әрекеттестікте  
жұмыс істейді.  
1.5. 
ЕДШ нұсқаушысы    өз қызметінде  мына құжаттарды басшылыққа 
алады:    
-  
БҰҰ «Баланың құқығы  туралы» концепция; 

ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы; 

ҚР  «Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  психологиялық-
педагогикалық қолдау туралы» заңы;   
-  
ҚР «Білім туралы заңы»;  

ҚР «Неке және отбасы»; 

ҚР «Физкультура және спорт туралы заңы»; 

ҚР білім беру мәселелері бойынша заңнамасы; 

БҰ-ның жарғысы;  

БҰ-ның жергілікті нормативтік актілері; 

БҰ-ныңішкі  еңбек  тәртібінің  ережелері;  БҰ-ның   басшылығының 
бұйрықтары мен өкімдері; 

еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен 
нормалары; 

осы лауазымдық нұқсаулық; 

еңбек шарты. 
1.6.       
ЕДШ нұсқаушысы    төмендегі мәселелерді білуі керек:  

ҚР Конституциясын; 

БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын; 
60 
 



ҚР «Білім туралы» заңын; 

ҚР білім беру мәселері бойынша заңнамасын; 

ҚР «Физкультура және спорт туралы заңын»; 
-  
БҰ   білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруды  реттейтін  жарғы  мен 
жергілікті актілерін; 

бұлшық ет әрекеттерінің  анатомиялық-физиологиялық негіздерін, дене 
шынықтыру  жаттығуларының  дені  сау  және  ауру  адамның  ағзасына  әсер  ету 
механизмін; 

емдік  дене  шынықтырудағы  зерттеудің  атқарымдық  тәсілдерін,  дене 
дамуы дене жұмысқа қабілеттілікті бағалау тәсілдерін; 

әр түрлі аурулар мен зақымдалу клиникасында емдік дене шынықтыру 
сабақтарына деген көрсеткіш және қарсы көрсеткіш; 

дене  тәрбиесінің,  спорттық  жаттығу  мен  емдік  дене  шынықтырудың 
теориясы  мен  әдістемелерінің  негіздерін,  дене  жаттығулары  мен  спорттық 
құрылғылардың гигиенасын; 

дене  жаттығуларын  және   емдік  дене  шынықтырудың  басқа  да 
құралдарын  (емдік  гимнастика,  спорттық  қолданбалы  жаттығулар,  ойындар, 
механотерапия, массаж) қолдану мен мөлшерлеудің  түрлері мен тәсілдерін; 

салауатты  өмір  салты  түрі  мен  әдістеріне  және  санитарлық-ағарту  
жұмыстарына үгіттеу.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет