Географияның зерттеу әдістері
Тарихи қағида бойынша дәстүрлі әдістер (суреттеу, картографиялық әдістер) географияда XX ғ. 30-50 жылдары бастап пайдаланып келе жатыр. XX ғ. 60-80 жж. ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты көптеген жаңа мүмкіншіліктер пайда болды: ғарыштық, математикалық, модельдеу, геоақпараттық және т.б. Географиялық ақпараттық жүйе пайда болды [11].
Қазіргі географиялық ғылыми-зерттеу әдістері:
Жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары);
Нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалык-экономикалық, социологиялық және тағы да басқалары);
Ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары);
Ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары);
Алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе [12].
Достарыңызбен бөлісу: |