Ежелгі замандардағы қалыптасуы География — өте ежелгі ілім. Сонау тас дәуірінің адамдары өздерін қоршаған орта элементтерінің екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі екендігін байқап отырған. Көрген-білген жерлерін, көкжиектің өзі басып көрмеген арғы жағын ой өрісімен жалғастыра білген. Өз ортасын зерттеп, танып-біліп, салыстырып, тасқа, ағаштың қабығына, жерге сызып белгі салып отырған. Географиялық алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазуды керек етті Б.з.б. 6 ғасырда географияда екі бағыт: жалпы жертану (негізін Аристотель қалады) және
елтану (Геродот) айқындала бастады.
Содан бері География өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті.
Географияның эллиндік дәуірдегі дамуы
Эллиндік дәуірде Эратосфен өзінің «География» атты еңбегінде табиғатты зерттеулердің барлық бағыттарын біріктірмек болды. Б.з.б. 1—2 ғасырдағы күрделі географиялық еңбектерге Страбонның «Географиясы» (ел тануы), Птолемейдің «География жөніндегі нұсқауы» (географиялық координаттары көрсетілген елді мекендер тізімі) жатады [2].
Орта ғасырларда география Қытайда, Парсыда, Орталық Азияда және Араб елдерінде жақсы дамиды.