Улы заттар туралы алғашқы деректер ежелгі Рим дөрігерлері Диоскорид, Үлкен Плиний, Платон, т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылды.
Құрамында улы заттары бар екендігіне күдікті барлық заттар химиялық- токсикологиялық талдау жасау үшін, тиісті зертханаларға жіберіледі.
Тексеруге жіберілетін заттар әр түрлі болуы мүмкін: сұйық және қатты заттар, су, несеп, ішек-қарындағы азық қалдықтары, құсық бөліктері, әртүрлі мүше кесінділері, улы химикат үлгілері болуы мүмкін.
Токсикологиялық зерттеуді облыстық және республикалық мал дәрігерлік зертханалардың химиялық-токсикологиялық бөлімдерінде, сонымен қатар, соттық медицина, соттық-сараптау иституттары зертханаларында жүргізуге болады. Бұл ұйымдар тексеруге жіберілген заттарды арнаулы құжаттар арқылы қабылдайды. Оған:
1. Тексерілетін заттар тізімі, иесінің аты - жөні, тұрғылықты жері және нақты керекті нәтижеге сұраныс.
2. Соттың және тергеу бөлімдерінің шешімі, соттық-ветеринарлық сою хаттамасы, ауру тарихы жіберіледі.
Химиялық-токсикологиялық талдау жүргізетін мекеме тексеру барысында - ағзада улы заттардың бар-жоқтығын анықтап қана қоймай, улы заттардың қай категорияға жататындығын және сандық көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.
Химиялық-токсикологиялық талдау жүргізетін мекеме тексеру барысында - ағзада улы заттардың бар-жоқтығын анықтап қана қоймай, улы заттардың қай категорияға жататындығын және сандық көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.
Химиялық-токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап-қаптау және зертханаға жіберу.
Химиялық-токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық зерзаттар бұған дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда буылып-түйілуі керек. Ботаникалық талдау жүргізілетін көлемді азықтарды құрамын сақтап, бұзылмай жеткізуге ыңғайлы қаптармен жіберуге болады. Жазғы күндері алынған патологиялық зерзаттардың бұзылып кетпеуін қадағалаған жөн. Суық ауа-райында және тез жеткізуге мүмкіншілік болса, зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ. Фиксация жасау үшін тек ректификатты спирт қолданылады. Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды.