Ботаникалық әдіс. Улы өсімдіктердің бар жоғын анықтауға мал жейтін азықты тексерудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда біріншіден, жайылым, кейбір жағдайларда астаудағы азық қалдығы тексеріледі. Тексерілген азық құрамынан улы өсімдіктерді табу тексерудің ботаникалық әдісіне негізделген. Азықты және жайылымды ботаникалық тексеру улы өсімдіктердің токсикологиясын және морфологиясын жақсы білетін мамандардың қатысуымен жүргізілуі қажет.

Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы: әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология; ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.
Әскери және сот токсикологиясы клиникалық токсикология мен патологиялық анатомияның мәліметтерін негізге алады. Өнеркәсіп, өндіріс, әсіресе, химия өнеркәсібінің дамуына байланысты токсикологияның кәсіптік улану немесе өндірістік улану деген жаңа салалары пайда болды. Токсикологияның ең маңызды саласы – медициналық токсикология. Ол жалпы, клиникалық және профилактикалық болып бөлінеді.