Vector жүйісі екі құрамадан тұрады: «Vector Paro» және «Vector-скейлер». Қолдану кезінде құрамында фтор және кальций бар арнайы белсенді ұсақ заттар араласқан ерітінді құйылады. Діріл арқасында ультрадыбысты алаң құрылады, белсенді заттар тербеліске ұшырап, тіс-қызыл иек қалталарынан қақтарды және тіс шөгінділерін жояды, эмальді жылтыратады.
Vector Paro
Vector Paro – бұл қызыл иек астылық тіс шөгінділерін тазалауда қолданылатын ультрадыбысты жүйе. Бұл кезде тербеліс басқа ультрадыбысты скейлер тәрізді горизонтальді емес вертикальді әсер етеді. Бұл тіс түбірін жарақаттап алу көрсеткішін төмендетеді.