Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті СРС Орындаған:Сәрсенбаева Саяжан Тексерген:Ахметова Жадыра Тобы:ХБ-201 Тақырыбы: Көпэлектронды атомдар
Электронның энергиясы оның ядродан қашықтығына байланысты болады. Сондықтан электрон ядроға жақын жатса, энергиясы да көбейе береді. Сол себепті бас квант санының мәні өскен сайын көп электронды атомдарда атом орбитальдарының энергиясы артады. Мысалы, бірінші деңгейде орналасқан электрондарға қарағанда бас квант санының мәні n= 2 болатын екінші деңгейде немесе L қабатында орналасқан электрондардың энергиясы көп болады.
Атомның ядро заряды қанша болса, ондағы электрондар саны да сонша болады дедік. Алайда, осы электрондардың барлығы ядроға бірдей күшпен тартылмайды, олар ездерінің энергия қорының шамасына қарай ядродан әр түрлі қашықтықта орналасады. Энергия қорлары шамалас электрондар ядродан бірдей қашықтықта орналасады, осы деңгейлерді энергетикалық деңгейлер деп атайды. Ол N әрпімен белгіленеді, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сан мәндерін қабылдайды, N-нің мәні элементтің орналасқан периодының нөмірімен анықталады. Әрбір энергетикалық деңгейдегі электрондар саны N = 2n2 формуласымен анықталады.
Мұндағы N— электрондар саны, n - бас квант саны; егер n = 1 болса, N = 2; n = 4, N = 2 • 42 = 32 электрон болады. Химияда электрондық қабаттағы орбитальдарды энергетикалық деңгейше деп те атай береді. Сонда s- орбитальды s- деңгейше, p –орбитальды p –деңгейше деп атауға болады. Энергетикалық деңгейшелерді олардағы орбитальдардың санын көрсетіп, шартты түрде ұяшықтар түрінде сызбанұсқаға айналдырып бейнелеу қалыптасқан. Әрбір ұяшықта 1 не 2электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды бағыты қарама – қарсы бағдаршамен белгілейді. 3)Орбиталь квант саны бас квант санына тәуелді болады және ол электрондардың пішіндерін анықтайды, сондай–ақ электронның энергиясының бас квант санының мәніне сәйкес келетін орта энергиядан айырмашылығын көрсетеді.Бас квант санының мәні қанша болса, оған сәйкес келетін деңгейде электрон бұлттарының пішіні және деңгейде электрон бұлттарының пішіні және деңгейлер сонша болады. 4)Швецария физигі В. Паули 1925 жылы элементтердің периодтық жүйедегі орнына қарап және спектрлерін анализдей отырып, квант сандарын электронның реалды күйін сипаттай алатындай етіп, комбинациялаудың жалпы принципін ұсынған. Паули бұл тыйым салу деп аталған принципі бойынша бір атомның ішінде барлық жағынан ұқсас екі электрон болуы мүмкін емес, яғни атомдағы 2 электронның 4 квант санының төртеуі де бірдей бола алмайды.Атомдағы әрбір электронның басқалардан гөрі ең кемінде бір квант саны өзгеше болуы керек. Паули принципін пайдалана отырып алғашқы екі квант қабатында бола алатын электрондардың санын табайық: n = 1, l = 0 десек, ондағы электрондардың тек спиндері ғана өзгеше болады. Хунд ережесі. Бір деңгейшедегі орналасқан электрондардың спин квант сандарының қосындысы максималь болуы шарт; ол үшін электрондар деңгейшеде алдымен бір- бірден, соңынан жұптаса орналасады. Бір орбитальда спиндері қарама –қарсы бағытталған екі электрон ғана орналасады. Клечковскийдің бірінші ережесі.Элемент атомының электрондары оның энергетикалық деңгейлері мен деңгейшелерінде бас және орбиталь квант сандары қосындысының (n + l) өсуі ретімен орналасады.Клечковскийдің екінші ережесі.Егер екі деңгейшенің бас және орбиталь сандарының қосындысы (n + l) бірдей болса, онда электрон алдымен l– дің мәні кіші n – нің мәні ҥлкен деңгейшеде, одан соң n – нің мәні ҥлкен l –дің мәні кіші деңгейшеде орналасады.