Әйел адам, 25 жаста.
Шағымдары: жүрек соғысының жиіленуіне, жүрек жұмысының бұзылыстарына, шамалы физикалық күштеме кезіндегі ентігуге, тершеңдікке, жылаулыққа, дене салмағының төмендеуіне, айқын әлсіздікке, көз жасының жасаурауына, жарықтан қорқуына
Ауру анамнезі: өзін науқаспын 3 жылдай санайды, алғаш рет тахикардия, шамалы физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, жалпы әлсіздік пайда болған. Соңғы 1 жыл ішінде 15 кг дейін салмақ жоғалтқан (75 кг-нан 60 кг дейін), жас аққыштық, жарықтан қорқу пайда болған. Қазіргі жағдайының нашарлауы 1 апта ішінде, респираторлы вирусты инфекцияны басынан өткіргенен кейін, дене температурасының 39ºС дейін көтеріліп, айқан диффузды тершендік пен жалпы әлсіздік дамыған. Кейін тахикардия, жүрек жұмысының бұзылыстары мен астеникалық синдромдары өрши бастаған. Шамалы физикалық жүктеме кезіндегі ентігу және аяқтарының ісінуі пайда болған. Өздігінен түнгі мезгілде аспирин 2 таб, антибиотиктер 5 күн -дей қабылдаған. Қызба жойылған, бірақ жүрек жұмысының бұзылысы, тахикардия, айқын ентігу сақталған. Жүрек жұмысының бұзылысы мен айқын астеникалық синдромның сақталуына байланысты, тұрылықты жердегі терапевтке қаралған.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Науқас лабильді, тез сөйлейді. Дене конституациясы нормостеникалық. Тері жамылғысы бозғылт-күлгін, ылғалды, бархытты, мойын аймағында вульгарлы бөртпе бар, ұстау кезінде жылы. Қалқанша безі бастың қалыпты жағдайында байқалады, «семіз мойын», ауырсынусыз, тығыз. Көз алмасы ассиметриялы, экзофтальм байқалады. Греффе, Кохер, Дальримпля, Мебиус, Штельваг, Жофруа симптомдары оң. Ромберг позасында – көз қабақтарының жабық кезінде треморы, «телеграф бағанасы» симптомы байқалады. Лимфатүйіндері ұлғаймаған. Аяқтарының ісінуі бар.
Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ 20 рет мин. Жүрек маңы өзгермеген. Жүректің салыстырмалы шекарасы: оң және жоғарғы шекарасы қалыпты, сол жақ шекарасы– 5 қабырғааралықтың орта бұғаналық сызығынан 1 см сыртқа орналасқан. Аускультацияда жүрек үндері анық, ырғағы дұрыс емес. ЖСЖ- 135соққы мин, АҚ-100/60 мм.сын.бағ. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Үлкен дәреті тұрақты, қалыпты. Кіші дәреті еркін, ауырсынусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |