Срсп 11 Ұлттық руханият Алдашев Н. М еркебаева ж қТӘ-202 Тақырып: “Жүсіп-Зылиха” дастаны



Дата08.12.2023
өлшемі26,23 Kb.
#195503
Байланысты:
Руханият срсп 11


Срсп 11
Ұлттық руханият Алдашев Н.М
Еркебаева Ж ҚТӘ-202
Тақырып: “Жүсіп-Зылиха” дастаны


Жүсіп – Зылиха” – Шығыстағы көп елге тараған ғашықтық дастан. Негізінен Інжіл мен Құран Кәрімде баяндалатын Жүсіп пайғамбар туралы оқиғаға құрылған. Сюжеті Шығыстың көп ақындарының шығармаларына өзек болған. Оның ауызша нұсқаларымен бірге жазба нұсқалары да бар. Дастанның көне қолжазбалары Британия музейінде және Будлин кітапханасында сақталған. “Жүсіп – Зылиханың” сюжетіне дастан жазған ақындар көп болған. Солардың ішінде халық арасына кең тараған әрі кемел нұсқасы – Абд әр-Рахман (Әбдірахман) Жәми жырлаған дастан. Қазақ халқы арасына “Жүсіп – Зылиха” жыры ерте кезден-ақ кеңінен тараған. Мысалы,Алтын Орда дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілі Дүрбек ақын да оғыз-қыпшақ тілінде “Жүсіп – Зылиха” дастанын жазған. Дүрбектің өмірі туралы көп мәлімет сақталмаған. Ақын 14 ғасырдың 2-жартысы мен 15 ғасырдың бас кезінде Сыр бойында өмір сүрген. Дүрбек “Жүсіп – Зылиха” дастанын 1409 жылы жазған. Дастанның 1516 жылы көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 жылы көшірілген 2-нұсқасы Париж ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Дастан Жақып пайғамбардың он бір баласы арасындағы күншілдіктен туған қайғылы жәйттерді баяндаудан басталады. Жақып он бір ұлының кенжесі Жүсіпті өте жақсы көреді. Әкесінің патшалық тағы мен тәжін Жүсіптен қызғанған он ағасы оны өлтірмек болады. Жүсіпті әулиелер мен періштелер аман алып қалады. Жүсіпті ағалары аяқ-қолын матап, құлдыққа сатып жібереді. Дастанда Жүсіптің ұзақ жылдар жат елдерде жүріп, жан төзгісіз қайғы-қасірет көргені суреттеледі. Ақыры Жүсіптің кемеңгер даналығы мен темірдей төзімділігіне Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр әміршілері Рян мен Әзиз ерекше риза болады. Соның арқасында Жүсіп Мысыр еліне патша болып, сүйіктісі Зылиха сұлуға үйленеді. Патша Жүсіп бүкіл елдегі түрлі қантөгістер мен соғыстарды тоқтатып, бейбіт, бақытты өмір орнатады. Дүрбектің “Жүсіп – Зылиха” дастаны сырттай қарағанда, пайғамбарлар, әулие-періштелер, патшалар өмірінен жазылған туынды сияқты болып көрінеді. Ал, шындығында, Дүрбек ежелгі аңыз сюжетін арқау ете отырып, өзі өмір сүріп отырған дәуірдің көптеген көкейкесті мәселелерін көтергенін аңғару қиын емес. Дүрбек Алтын Орда мен Мауреннахрда 14 – 15 ғ-ларда орын алған кейбір тарихи оқиғаларды өз дастанына өзек етіп алған. Әлемді дүр сілкіндірген Әмір Темірдің 1405 ж. 19 қаңтарда Отырар қ-нда кенеттен қайтыс болғаны мәлім. Бұл хабарды естіген бойда-ақ Әмір Темір ұрпақтары тақ пен тәжге таласып, бүкіл Мауреннахр өңірін ұзақ жылдар бойы қанды шайқастар алаңына айналдырды. Міне, осындай соғыстардың бірі Әмір Темірдің ұлы Шахрух пен немересі Халил арасында 1409 ж. Балх қ-сы үшін болған еді. Бұл соғыста Балх қаласының халқы түгел қырылғанын Дүрбек өз көзімен көреді. Алты ай бойы қоршауда қалған Балх қаласындағы жан шошырлық дозақ көріністерін Дүрбек “Жүсіп – Зылиха” дастанында шеберлікпен, сенімді етіп көрсете білген. Дастанның негізгі идеясы – ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын көрсету. Ақын ел басқаратын жандардың ақылды, әділ, мейірімді, жомарт болуын көксейді. “Жүсіп – Зылиха” дастанының сюжетін өзге ақындар да нәзира үлгісімен қайта жырлаған. Мысалы, қазақ ақыны Жүсіпбек Шайхысыламұлы да осы сюжетті арқау еткен “Жүсіп – Зылиха” қиссасын жазып, оны Қазан баспаларынан бірнеше рет (1898, 1901, 1913) бастырып шығарған.
Ұлттық руханиятымызды, мәдени мұраларымызды, тарихтан алар еншімізді түгендеуге бет бұрдық. Солардың бастысы – қазақ тілінің тарихына қатысты жазба мұраларды танып, түстеу, бұрыннан ғылымға белгілі болғанымен, толық зерттелмеген жазба жәдігерлерді қазақ тілінің тарихымен сабақтастыра зерттеу болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды игеру - бүгінгі өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті. Түптамырын түркі халықтарының тарихи мұраларынан алып, қазіргі тіліміздің пайда болу, өсу, дамуының заңдылықтарын, қалыптасу жолдарын білу үшін ескі түркі жазба ескерткіштерінің тілін жан-жақты зерттеп, қазіргі ана тілімізге қатысы қанша екендігін анықтау қажет. Сондай кезеңнің бірі 13 -15 ғ. Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi осы кезеңде жаңаша қырынан дамыды. Бұл кезде Алтын Орда мемлекеті болды оның астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнектi ғалымдар, сәулетшiлер, ақындар, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi. Бәлкім осының әсерінен болар бүгінге дейін өз құндылғын жоймаған шығармалар дүниеге келді. Атап айтқанда әл-Хорезмидiң «Мұхаббат-наме», Сайф Сараидiң «Гулистан бит-турки», («Түркi тiлiндегi Гүлiстан», Құтбтың «Хосрау — Шырын», Дүрбектiң «Жүсiп — Зылиха» дастандары. Соның ішінде шығыстағы көп елге тараған ғашықтық дастан «Жүсіп – Зылиха» туралы мақаламызда қарастырмақпыз. Оның ауызша нұсқаларымен бірге жазба нұсқалары да бар. «Жүсіп – Зылиха» дастанын бірқатар зерттеушілер зерттеді және ғұламалар мен шайырлар осы дастанды әр түрлі жырлады осының өзі дастаның құндылығы мен өскелең ұрпаққа бере тәрбиесінің мол екендігін танытса керек. Бір қызығы әр дәуірдің ақын-жазушылары жырға қайта оралып, кейбіреуі тыңнан толғап отырған. Фирдоусидің «Иусуф вә Зулайха», Әлидің «Қисса-и Иусуф», Дүрбектің «Иусуф вә Зулайха», Жәмидің, Шаййад Хамзаның «Иусуф вә Зулайха» айтсақ та, бұл аңыздың шығыс елдеріне қаншалықты жайылғанын мәлім. «Жүсіп – Зылиханың» сюжетіне дастан жазған ақындар көп болған. Солардың ішінде халық арасына кең тараған әрі көне нұсқасы Дүрбек ақынның «Жүсіп – Зылиха» дастанын. Дастан 1409 жылы жазылған. Дастанның 1516 жылы көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 жылы көшірілген 2-нұсқасы Париж ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы. «Жүсіп – Зылиха» ең көне нұсқаларының бірі Фердауси нұсқасы ол жөнінде Е.Э.Бертельс: «Бұл тақырыпқа Фердауси айрықша реалистікпен қараған, таңғажайып (діни) кереметтердің бәрін екінші планға ысырып,оларға тым орын аз қалдырған, сараң баяндаған». Сонымен қатар Е.Э.Бертельс пікір бойынша мұндай проза түріндегі әдеби туындыны Абдуллах Ансори (1006-1008 ж) жазған болу керек деп болжам жасаған. Дүрбек-әдеби лақап аты. Оның толық аты-жөні де мәлім емес деген пікір білдіреді. Ал дастанды зерттеген тек қазақ ғалымдары ғана емес сонымен қатар татар, өзбек, орыс ғалымдары арасында пікірталас туғызған да болатын. Қазақ ғалымдары ішінен дастанды біршама зерттеген А. Қыраубайқызы,Н.Келімбетов,Ә.Қоңыратбаев, Ө Күмісбаев, П. Бейсенбаев т.б болса өзбек ғалымдары С.Хайдаров, Ж.Лапасов, В.Валихожаев, сондай-ақ, түрік ғалымдары Ф.Көпрүлузаде, С.Н.Банарлы, т.б. ғылыми зерттеулер жасап, бірқатар еңбектер жариялады. Әсіресе, Ф.Сүлейменованың «Жүсіп-Зылиха» дастанының Париж қолжазбасы жайындағы зерттеуін аса құнды еңбек екенін білеміз. Түріктанушы ғалым Ә.Н.Нәжіп өз зерттеулерінде Дүрбек ақынның «Жүсіп–Зылиха» дастаны-Алтын Орда дәуір әдебиетінің классикалық үлгісінде жазылған туынды екенін дәлелдей келіп Е.Э.Бертельс пікірін теріске шығарады, арғы тегі қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ тілдерінде бірі болып келетін, көне өзбек тілінде жазылғанын ерекше атап көрсетеді. Дастан Жақып пайғамбардың он бір баласы арасындағы күншілдіктен туған қайғылы жәйттерді баяндаудан басталады. Жақып он бір ұлының кенжесі Жүсіпті өте жақсы көреді. Әкесінің патшалық тағы мен тәжін Жүсіптен қызғанған он ағасы оны өлтірмек болады. Жүсіпті әулиелер мен періштелер аман алып қалады. Жүсіпті ағалары аяқ-қолын матап, құлдыққа сатып жібереді. Дастанда Жүсіптің ұзақ жылдар жат елдерде жүріп, жан төзгісіз қайғы-қасірет көргені суреттеледі. Ақыры Жүсіптің кемеңгер даналығы мен темірдей төзімділігіне Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр әміршілері Рян мен Әзиз ерекше риза болады. Соның арқасында Жүсіп Мысыр еліне патша болып, сүйіктісі Зылиха сұлуға үйленеді. Патша Жүсіп бүкіл елдегі түрлі қантөгістер мен соғыстарды тоқтатып, бейбіт, бақытты өмір орнатады. Дүрбектің «Жүсіп – Зылиха» дастаны сырттай қарағанда, пайғамбарлар, әулие-періштелер, патшалар өмірінен жазылған туынды сияқты болып көрінеді. Ал, шындығында, ақын ежелгі аңыз сюжетін арқау ете отырып, өзі өмір сүріп отырған дәуірдің көптеген көкейкесті мәселелерін көтергенін аңғару қиын емес бұл мәселе бүгінгі күнге дейін қоғамда бар. Осындай шығармаларды жас ұрпаққа оқытап тәрбиелесек ақылдылық пен ұстамдық, мейіріммен, кешірімділік қандай да болмасын зұлымдықты жеңетіндігі ақиқат екендігіне көздері жетер еді. Сонымен қатар бұл шығармада ақын Алтын Орда мен Мауреннахрда 14 – 15 ғ-ларда орын алған кейбір тарихи оқиғаларды өз дастанына өзек етіп алған. Әлемді дүр сілкіндірген Әмір Темірдің 1405 ж. 19 қаңтарда Отырар қаласында кенеттен қайтыс болғаны мәлім. Бұл хабарды естіген бойда-ақ Әмір Темір ұрпақтары тақ пен тәжге таласып, бүкіл Мауреннахр өңірін ұзақ жылдар бойы қанды шайқастар алаңына айналдырды. Міне, осындай соғыстардың бірі Әмір Темірдің ұлы Шахрух пен немересі Халил арасында 1409 ж. Балх қаласы үшін болған еді. Бұл соғыста Балх қаласының халқы түгел қырылғанын Дүрбек өз көзімен көреді. Алты ай бойы қоршауда қалған Балх қаласындағы жан шошырлық тозақ көріністерін Дүрбек “Жүсіп – Зылиха” дастанында шеберлікпен, сенімді етіп көрсете білген.Біздің ойымыз ша дастанның негізгі идеясы – ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын көрсете отырып келер ұрпаққа осындай кемшіліктерден аулақ болуға шақыруды мақсат тұтқан. Дастанда ақын ел басқаратын жандардың ақылды, әділ, мейірімді, жомарт болуын көксейді. «Жүсіп – Зылиха» дастанының сюжетін өзге ақындар да нәзира үлгісімен қайта жырлаған. Дүрбек ақынның «Жүсіп–Зылиха» дастанында бірқатар қаһармандар кездеседі.Олар: Он бір баланың әкесі – Жақып, Мағриб елінің патшасы – Таймус, Мысыр әміршісі – Әзиз,т.б. Түрк тіліндегі ең көне нұсқалары: Әлидің «Қисса-и Иусуф», Рабғузидің «Қисса Иусуфі» Бірі-өлеңмен, екіншісі қарасөзбен жазылған. Екеуінің де негізгі сюжеті бір, бірақ аздап айырмашылықтары бар. Мәселен Әлидегі Жүсіпті көру үшін Құдықта мың жыл отырған Мысыр көпесі Мәлік ибн Дағридың түсі, Жүсіптің көркіне қайран болып, халықтың аштығын ұмытқаны Рабғузиде кездеспейді. Фердаусидің творчествосын жетік білетін Ленинградтық ғалым Г.Т.Тагирджанов Әлидің, Рабғузидің, Шайиад Хамзаның «Жүсіп – Зылихасын» Фердаусимен салыстыра қарап, Әли мен Рабғузи өздерінің бұрын туған көп үлгілердің ішінен Фердауси жырына айрықша сүйенеді, оқиғасы ғана емес, жекелеген жолдарында да ұқсастық бар деген қортындыға келген. Халық арасына кең тараған нұсқасын Әбдірахман Жәми 1483 жылы жырлаған, 77 тараудан төрт мың бәйттен тұрады. Дастанның мазмұны Інжіл мен Құран Кәрімде баяндалатын Жүсіп пайғамбар туралы оқиғаға құрылған. Сюжеті Шығыстың көп ақындарының шығармаларына өзек болған. Жәмидің көзі тірісінде әлемге әйгілі «Жүсіп – Зылиха» жырын ақынның замандасы Моинеддин Мұхаммед Земчи «Тамаша сыр шертілген поэзиялық шығарма» деп бағалаған екен. «Жүсіп қиссасының» негізгі сюжетінде бұрынан белгілі «Жүсіп–Зылиха» қиссаларынан соншалықты айырмашылық жоқ. Мысалы, қазақ ақыны Жүсіпбек Шайхысыламұлы да осы сюжетті арқау еткен «Жүсіп – Зылиха» қиссасын жазып, оны Қазан баспаларынан бірнеше рет (1898, 1901, 1913) бастырып шығарған . Шығармада діни идеялар да кездеседі. Десек те шығарма махаббат туралы. Қай заманда болмасын, қай халықта болмасын махаббат тақырыбына жүгінбеген ақын жоқ. Өйткені махаббат – ұлы сезім. Адам баласы, адамзат тарихы кей нәрселерді ұмытса да, махаббатты ұмытпақ емес. Махаббат ол өмірімізді әрлендіріп, өмірімізге сән беретін, мән-мағына беретін кереметтей сезім. Әр адам өз басынан махаббат сезімін өткергенде ғана осы бір сезімнің құдіреттілігін түсінер деп ойлаймын. Әрине, бізге жеткен дастандар да махаббаттың құдіреттілігін насихаттайды. «Жүсіп – Зылиха» дастанының ерекшелігі бұл дастанда екі жастың жас ерекшелігі махаббатқа кедергі болмайды. Зылиха Жүсіптен үлкен болса да олардың бір-біріне деген ынтық сезімі өшпейді. Тақырыптың таңдалу себебіне келер болсақ, дастан махаббат туралы және қазақ даласына және жалпыға кең тараған дастан. Бұл дастанды тек кітаптан оқып қана қоймай бала кезімізде әжелеріміздің аузынан естіп қанып өскендіктен шығарма өте қызықтырды. Сонымен қатар шығарма ертегі іспеттес шытырман оқиғалы болып келеді және сол уақыттағы шын өмірге жақын болып келеді. Және оқиғалары өте қызықты. Жақыптың он екі баласы бар еді. Он екісінің ішіндегі көріктісі, Жақыптың аса жақсы көретін сүйікті баласы Жүсіп бір күні таңғажайып түс көреді. Түсінде ол ағаларымен жерге ағаш отырғызыпты. Ағаштар көгере бастапты. Жүсіптің ағашы бәрінен биік өсіп, көкке жетіпті. Басқа ағаштар Жүсіптің ағашына иіліп сәлем беріп тұр екен.Жүсіптің түсін есіткен ағалары намыстанып: «Жүсіп атамызға өзін бізден артық қылып көрсетіп, жақсы атану үшін, «түс көрдім»дегенді ойлап тауып жүр», деп жақтырмайды. Жүсіп екінші рет түс көрді: «Оған он бір жұлдыз,күн,ай көктен сәлем берді. Ол түсін атасына айтып еді, Жақып басқа балаларының қызғанышын оятпас үшін: көргеніңді ешкімге айтпа,ағаларың жамандық ойлап жүрмесін», - дейді. Бірақ Жүсіп пен Жақыптың әңгімесін оның Рубил атты үлкен ұлының шешесі естіп қойып, өз баласына айтады.Ол басқаларына жеткізеді. Содан Жүсіптің ағалары қатты ашуланып, оны өтірікші, мақтаншақ санайды. Тезірек көзін жойып, құтылмаққа дұға қылады. Көктем келді.Бір күні Жақыптың балалары серуендеп қайтпаққа жиналып, атасына: «Жүсіпті бізбен бірге жібер, аң аулап, көңіл көтеріп қайтсын»,-дейді. Жақып мұның алдында жаман бір түс көріп, ұйқы-күлкіден безіп, шошып жүр еді. Түсінде: тау басында отыр екен. Төменде Жүсіпті он бөрі ортаға алып, жемекке амал қылып жүр екен. Ішінен біреуі бөлініп шығып басқаларын қуады. Сол кезде Жүсіп жерге кіріп кетеді. Жақып балаларының сөзінен сескеніп, Жүсіпті жібергісі келмейді.Бірақ Жүсіптің өзі де өтінген соң, көңілін қимай, босатады.Ағалары Жүсіпті алдап, айдалаға ертіп апарады да, оны қалай өлтіруді кеңеседі. Бірі: «Таспен ұрып өлтірейік»-десе,екіншісі: «Пышақпен бауыздап кетейік», дейді.Жүсіп жылап жалынады. Яһуда деген ағасы оның көз жасын көріп аяп, «қоя берейік»,- дейді.Оған басқалары ұрысады.Ақыры, олар Жүсіптің аяқ-қолын байлап, терең құдыққа тастайды.Олар қайтып келіп,Жақыптың алдына жығылып,жылайды. «Жүсіпті қалдырып кеткен жерімізден бөрі жеп қойыпты»,- дейді.Жолда бір лақты сойып, Жүсіптің көйлегін қанға былғап әкелген еді, соны береді.Жақып жылап: «Сол жеген бөріні көрсет»,- дейді. Балалары бір бөріні ұстап әкеледі.Ол Жақыпқа: «Жегенім жоқ»,- дейді. Жақып балаларының қастық қылғанын сезеді. Балалары әкесі біліп қоймас үшін қайта барып Жүсіпті,өлтіріп басын кесіп әкелмекші болады. Сол кезде Мысырдан Шамға сапар шегіп келе жатқан бір керуен құдықтағы Жүсіпті көріп, шығарып алады. Ағалары келіп: «Бұл біздің қашып кеткен құлымыз, қаласаңдар сатамыз. Сатып алсаңдар аяғына шыншыр кісен сал, ыңыршақ түйеге мінгіз, Шамға апарғаннан кейін бөтен елге сатып жібер»,- дейді. Керуен басы айтқандарын істеуге уәде береді.Ол Жүсіпті Мысырға апарып, Мысыр патшасына сатады. Патшаның әйелі Зылиха Жүсіпті көріп ғашық болады. Жүсіп оның құлы болса да, әдемі киіндіріп,жасандырып, жақсы ұстайды. Бір күні Жүсіпті оңаша алып, оны өзін сүйетінін айтады. Жүсіп көнбейді, қашады. Зылиха ұстаймын деп етегінен тартып қалғанда, киімі жыртылып кетеді. Патша келіп қалады. Зылиха пәлені Жүсіпке жабады. Сонда төрт айлық бала сөйлеп, куә болады: «Жыртылған етегі алдыңғы жағында ма, артқы жағында ма, соны біліңдер»,- дейді. Патша көріп, түсіне қояды.Жыртылған артқы етегі екен.Зылхаға: «Сен қашпағансың, қуғансың!»- дейді. Алайда ел өсегінен қорқып, Жүсіпті зынданға салады. Бір күні зынданға патшаның азпазы мен аяқшысы түседі. Екеуі де түс көреді. Жүсіп түстерін жорып: аяқшының өлетін, аспаздың үш күннен кейін соң құтылатын айтады. «Құтылғанда патшаға менің кінәмнің жоқ екенін айта бар»,- дейді. Айтқанындай аспазды шығарып алып кетеді.Құтылғанмен, ол Жүсіптің өтінішін ұмытып кетеді. Патша түс көреді. Түсінде: «Жеті бас бидай – жаңа шығып келе жатқан жеті бас бидайды жейді, жеті арық сиыр-жайылып жеті семіз сиырды жеп қояды». Мұның шешуін ешкім білмейді.Сонда аспаздың есіне Жүсіп түсіп, патшаға айтады. Жүсіп патшаның түсінің сырын шешіп береді: «Жеті жыл тоқшылық болады, қабаға бидай сыймайды, одан соң жеті жыл аштық келеді,құрғақшылық болады,ашаршылық келеді»,- дейді. Патша разы болып, Жүсіпті зынданнан шығармақшы болады. Ол: «Зындандағы кісілердің бәрін босатсаң, шығамын»,- дейді. Патша келіседі. Зындандағылардың бәрін босатады. Зылиханы шақырып алады. Зылиха Жүсіпті сүйетіндігін, бірақ өзіне қарамағандығын, патшадан қорқаннан өтірік айтқанын шынай баяндап береді. Жүсіп содан былай патшаның барлық шаруасын басқарады. Жеті жыл бой астықты қамбаларға толтырып қор жинайды. Ашаршылық келеді. Жұрт қырылады. Тек Мысыр елі ғана тоқ болады. Жан-жақтан ағылған адам астыққа ақшасын да. Малын да салып, ақыр аяғында өлмес үшін Мысыр еліне өздері де құл болады. Жүсіптің ағалары да ашығып,Мысырда астық сатады екен дегенге осында келеді. Жүсіп бұларды таниды. Ал,олар Жүсіпті кішкене күнінде көргендіктен танымайды. Жүсіп ағаларына мол астық бергізіп,әкелген ақшасын да қабының ішіне қоса салдырады.Ендігі келгенде үйде қалған ибн Иауминді (Жүсіп екеуі бір анадан туған) алып келуді бұйырады. Ағаларына еліне келіп, атасына балған жайды баяндап,көрген сый-сияпатын айтып тауыса алмайды. «Ибн Иауминді кел» - деген сөзін есіткенде, Жақып: «Жүсібімнен арылдым, енді мұны жіберіп тағы пәлеге душар болармын, жібермеймін!»- дейді. Айтты: «Жүсіпті алып кеттіңіздер, әкелмедіңіздер. Енді мұны алып кетсеңіз,әкелеміссіздер»дейді. Ұзамай әкелген астықтары таусылған соң, Жақып амалсыздан Ибн Иауминді ертіп,балаларын Мысырға тағы жібереді.Жүсіп Ибн Иауминді көрген соң жүрегі елжіреп,оңаша шығып жылайды.Ақыры,інісіне өзінің Жүсіп екенін айтады.Ақыры,әкелі – балалы Жақып пен Жүсіп бір-бірімен көріседі.Жылай-жылай соқыр болған Жақыптың көзі ашылады.Жүсіп ағаларын бірнеше сыннан өткізіп барып кешіреді. Күндердің бір күні Мысыр патшасы өліп,орнына Жүсіп патша болады.Шалқақтаған тұрмысы көзінен бұлбұл ұшқан Зылиха кедейленіп,жалғыз қызметшісімен қалады. Өзі қартаяды.Сонда да болса Жүсіпті есінен бір сәтке шығармайды, аһ ұрумен күн өткізеді. Бір көріп қалсам деп,Жүсіптің өткен - кеткен жолын тосады. Бір күні Жүсіп аңға шығады дегенді естіп, жолға барып отырады. Көп әскерлермен Жүсіп өтіп бара жатқанда: «Маула тағала таза (адал) құлды ұлық мәртебеге жеткізер, патша қылар,жазық қылған (жазықты болған) патшаны ұлық мәртебеден түсіріп, залал қылар» - деді. Жүсіп Зылиханы танып, «Зылиха!»- деп дауыстайды. Зылихан Жүсіптің даусын есіткенде,талып қалады. Есін жиып, Жүсіпті әлі күнге тосып жүргенін, мал-жанын, жастық-сұлулығын Жүсіптің жолына құрбан еткенін айтады. Жүсіп өмір бойы ғашықтық арманына жете алмай, шерменде болған Зылиханы аяп іші жылыйды.Түсінеді. Көп ұзамай Зылихаға некеленеді. Дастанның бүкіл сюжеттік желісі Жүсіптің басынан кешкен сан қилы оқиғалары негізделген. Дастандағы жүзден астам аңыз-хикаялардың барлығы дерлік негізінен Жүсіптің бейнесін сомдауға арналған. Жүсіп - кек сақтамайтын, кешірімшіл жан. Ол өзін өлтірмек болған он ағасының күнәсін кешіріп,оларға көп жақсылық жасайды.Өзіне жала жапқан Зылихаға ғашық болады.Ақыры оған үйленеді. Жүсіп бейнесі күрделі,сан қырлы. Бір жағынан ағынға қарсы жүзеді жігерлі қайсарлылықпен өз тағдырымен күреседі, мойымайды.Ал,екінші жағынан, «Әзірейіл мен Жебірейіл» көрінген сәттерде бірден дәрменсіз, әрекетсіз өз тағдырын өзі сырттан жайбарақат бақылап отырған. «бейшара пенде», «құдайдың құлы» болып көрінеді. Түйіндеп айтқанда, дастанның идеясы жалпы адамзатқа ортақ мейірім мен зұлымдық, адамгершілік пен әділетсіздік, махаббат пен досытық, сатқындық пен адалдық мәселсі көтерілген. Ол барлық қоғамға ортақ мәселені дастанның авторы кешірім, еңбек, ақылдылық, ізгілік, мейіріммен жеңуге тырысқан. Сонымен қатар, адами қасиеттерімен Жүсіп көркіне көз тоймайтын, бозбала шақтан жігіттікке,бірте-бірте көргені көп көсем, білгені мол данышпан болып. Мемлекет қайраткері – Мысыр елінің әміршісі дәрежесіне дейін көтерілген жан. Қиссаның оқиғасы қызық, тартымды. Негізгі арқауы махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік тақырыбына жазылған. Қашаннан адамзат атаулының ізгі арманы, асыл мұраты, сенім, мақсаты, осы тақырыпта тоғысып жатыр. Адамның туған жерге, адамның адамға, ата-анаға, балаға, ғашыққа деген махаббаты да мәңгілік. Махаббаттың қайғы - қуанышы, сәтті-сәтсіз жақтары әркімнің басында болатын жағдайда орайласып отырады.Ол казіргі кезеңде де белестерден қайталанып жаңарып көрінеді. Осындай шығармаларды жасұрпақтың бойына сіңіре отырып біз мейрімді, салиқалы, адами қасиеттері мол ұрпақ тәрбиелей аламыз.
ГЛОССАРИЙ


Мәснауи - екілік
Ғазал - негізінен кемі үш, көбі 12 бәйіттен түзілетін бірыңғай ұйқасы бар өлең
Бәйіт - өлең-жыр және екі жолды өлең 
Рубаи - негізінен кемі үш, көбі 12 бәйіттен түзілетін бірыңғай ұйқасы бар өлең

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет