Сүт барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім



Дата21.12.2022
өлшемі10,12 Kb.
#163875
Байланысты:
46 Сүт — барлық жа-WPS Office


Сүт — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едəуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.Сүт – адам мен сүтқоректі жануарлардың сүт безінде лактация кезеңінде түзілетін сұйық зат.Сүт – бағалы тағамдық өнім. Ана босанғаннан, мал төлдегеннен кейін алғашқы күндері сүт уыз түрінде шығады. Ана сүттінің уызы сәбиді әртүрлі аурулардан қорғайтын затқа (антиденелерге) бай. 7–10 күн өткен соң сүттің әдеттегі құрамы қалыптасады. Ана сүтінің құрамы сәбиге қажетті қоректік заттар, гормондар (әсіресе, қалқанша бездің гормоны), ферменттер, ақуыздар, көмірсулар мен витаминдерге бай болғандықтан сәбидің организмі оны жақсы сіңіреді. Сондай-ақ сүт құрамындағы минералды тұздардың (кальций мен фосфор) сәбидің қаңқа сүйегінің қалыптасуына әсері зор. Сондықтан баланың дұрыс дамып, өсуі үшін жас сәбиді ана Сүтімен емізудің маңызы өте зор.Сиыр сүтінің құрамында су (87,5%), сүт қанты (4,7%), май (3,9%), ақуыздар (3,3%), минералды заттар (0,7%), витаминдер мен ферменттер бар. Мал сүтінің құрамындағы ақуыздар: альбумин – жас организмнің өсуі; глобулин – иммунитеттің қалыптасуы үшін қажет. Сүт майы глицеридті қоспалардан тұрады. Салқындатылған сүтте май түйіршіктерінің диам. 0,1–20 мкм болатын суспензия, ал жаңа сауылған сүт пен ысытылған сүтте эмульсия түрінде болады. Осы түйіршіктер сүт біраз тұрғаннан кейін оның бетіне кілегей болып жиналады. Сүт лактозасы (дисахарид) – таза күйінде ақ түсті, кристал тәрізді ұнтақ. Оны айран, қымыз ашыту үшін және медицинада, бактериологияда қоректік орта дайындау үшін қолданады. Сүттің минералдық құрамы: макроэлементтер (кальций, фосфор, натрий, калий, күкірт, хлор, магний, т.б.) мен микроэлементтерден (цинк, мыс, темір, күміс, т.б.) тұрады. Сондай-ақ ферменттер, гормондар, иммунды денелер, газдар да кездеседі. Сүт құрамындағы вегетативті микробты (оның ішінде патогендік түрін) жою үшін пастерлеу әдісін қолданады.Сүт толассыз түзіледі де, сауын аралығында ол желіннің жинақтаушы жүйесінде жиналады. Сүтпен алдымен альвеолалар қуысы мен сүт жолдары, соңынан орташа жəне ірі сүт өзектері мен желін қуысы толады. Желін альвеолалары қуысының 60-70% сүтке толған соң, сүт өзектері мен цистернаның бірыңғай салалы еттері босаңсып, сүт желін қуысына өтеді. Бұл сүт жолдарындағы біріңғай салалы ет талшықтары мен қысқыш ет-тер тонусының өзгеруі нəтижесінде туындайтын рефлекстік про-цесс жəне ол сауылғаннан соң, 5-6 сағаттан кейін басталады. Егер мал сауылмаса желіндегі қысым жоғарылап, сүт түзу процесі баяулайды. Желіннің сыйымдылық жүйесіндегі қысым капил-Ляр қысымы деңгейіне (с.б. 35-50 мм) көтерілген соң сүт түзу тежеледі. Бұл сауылудан 10-12 сағат өткен кезде, желін сүтпен 85-90 %-ға толған жағдайда байқалады. Желіндегі қысым с.б. 50 мм-ден асқанда, сүт түзу процесі тоқтайды. Оған альвеолаларға келетін капиллярлардың қысылуы, желін арқылы өтетін қан мөлшерінің азаюы, экструзия процесінің қиындауы себеп бола-ды. Бұл кезде белоктар мен суда еритін қосындылар торшалар мембранасындағы жасушалар арқылы шығарылады да, май гло-булалары торша ішінде қалып қояды. Осымен байланысты мал сирек сауылса, сүттің майлылығы төмендейді. Сауылған сүттің соңғы үлестерінде май мөлшері жоғарылайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет