Гомогенизациялау–сүттің май түйіршіктерін уатып, тұтқырлығын жоғарлатып және дәмін жақсарып, 10-15 МПа қысым арқылы (100-150 атм) 45-55 °С температурада сүтті механикалық өңдеу.
Пастеризациялау – сүттің биологиялық және тағамдық құндылығын сақтау үшін ұзақ, немесе төменгі температурада ( 30 мин 60 - 65 °С дейін); қысқа уақытта (20-30 с ішінде 74-78 °С дейін); лезде, немесе жоғарғы температурада (85-99 °С дейін ) қыздыру.
Стерилизациялау–өнімдегі барлық микрофлораны (100%) жою және сақтау мерзімін ұзарту .
Уперизациялау-сүтке тікелей таза қыздырылған бу жіберу арқылы сүтті стерилизациялау әдісі.