ЖАЗУШЫ ӘСКЕН НӘБИЕВ
Белгілі жазушы, ардақты ағамыз Әскен Нәбиев он
жылдықты бітірісімен майданға аттанды.Қырғын
соғыстың ақырғы күндеріне шеін отты шепте болып,
"Рейхстагқа" ту тікпесе де, қанпезер жаудың күре
тамырын отап, омыртқасының күлпаршасын шығарған Сталинград шайқасына қатысуының өзі де бір азаматқа ел алдындағы парызын ақтарарлық ерлік жолы емес пе! Сол "не жеңеміз, не жеңілеміз" дегендей, ең сындарлы тарихи шайқаста жан аямай өжет ерлікпен қатынасып жүріп жарақаттанды, елше оралды.
Әскен Нәбиев 1923 жылы 13 желтоқсанда Ақмола облысында дүниеге келді. 1941 жылы орта мектепті Сталиндік мақтау қағазымен үздік бітіріп шықты. Сол жылы жүрек қалауымен өз Отанын қорғау үшін майданға аттанды. Кеңес әскерінің жеңіске жетуінде шешуші рөл атқарған Сталинград түбіндегі шайқасқа белсене қатысты. Сол жылы басынан қатты жарақат алып, елге оралды. Майданда болған уақыт аралығында көрсеткен ерен ерлігі үшін ол Үкіміттің "Ұлы Отан соғысы" орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін" медальдарымен және тағы да басқа көптеген жауынгерлік мадақтармен марапатталды.
ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ЖІГЕР БЕРГЕН ХАТТЫҢ ТАРИХЫ
Жылдар жылжып өтсе де, осыдан 70 жыл бұрын аяқталған Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің батылдығы мен ерлігі мәңгі ұмытылмайды. Сол бір қаһарлы жылдардағы олардың майдандағы толғанысын, қуанышы мен күйініштерін суреттеп беретін соғыс тарихының деректері қатарына хаттарды да енгізуге болады. Дала поштасының мөрі басылып, үш бұрыштап бүктелген хаттардың сарғыш тартқан беттері майдан өмірін шынайы да қарапайым тілмен жеткізіп тұрды.
Өмір мен өлімнің ортасында, оқ пен оттың арасында жүріп, болмаса, қаза болған жауынгер жолдасының қабірі жанында асыға жазылған солдат хаттары мазмұны жағынан сан алуан. Бірі-туған-туысқандарына, жақындарына, жерлестеріне жолданса, енді бірі-Қазақстанның астанасы Алматыға, оған қоса Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне жолданған. Бірақ қайсыбірін алсақ та, олардың негізгі желісі біреу ғана болды. Ол-жауға деген қатыгездік, Отанға деген сүйіспеншілік.
1943 жылдың қаңтарында Ленинградты қоршаған жау шебі (блокада) бұзылды. Волхов пен Ленинград майдандары қосылды. Сталинград аумағында 1400 шаршы шақырым аумақ дұшпаннан тазартылды. Сталинград түбінде қоршауда қалған 330 мың жау әскерін жою мен тұтқындау аяқталған еді. Бұл жеңіс майдан даласына ғана емес, II Дүниежүзілік соғыстың басқаша сипат алуына ықпал етті. Бұл Жеңіс фашистік Германия әскерімен қоса, оның сыбайластарының да сағын сындырып, Кеңес жауынгерлерінің рухын өсіре түсті.
Сталинград майданына Қазақстанда жасақталған 6 дивизияға 50 мыңдай солдат қатысты. Олардың ерлік істерінен хабардар болып отырған қазақстандықтар 1943 жылдың 6 ақпанында <<Правда>> газетінде майдандағы қазақ жауынгерлеріне арнап хат жариялады. Бұл хат майдандағы қазақ жауынгерлері ғана емес, күллі майдангерлердің рухын, жігерін, фашизмге деген өшпенділік ыза-кегін одан сайын арттырып, қайратқа қайрат қосты.
Сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Н.Скворцовтың басшылығымен дайындалған бұл хаттың мәтінін Ғабит Мүсірепов жазып, орыс тіліне сөзбе-сөз аударуды Б. Асанов, І. Омаров, Қ.Жармағанбетов өз міндеттеріне алған. Енді орысшасын редакциялап, көркемдеуде С. Сергеев-Ценский, К. Паустовский, М. Әуезов көп еңбек сіңірген көрінеді. Тарихи хатқа сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті үгіт-насихат бөлімінің орынбасары Бөлебай Исабеков те белсене араласып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген. Хаттың қалай жазылуы керектігіне С.Мұқанов, Қ. Сәтбаев, Ә. Тәжібаев, Ғ. Ормановтар өздерінің ой-пікірлерін қосқан.
Тарихы хатты жазуға бүкіл республика халқы қатысты. Оған 3 миллионға жуық адам қол қойып, ұрыс жүргізіп жатқан майданға жолдады. Ол әуелі Алматы баспаханасында мыңдаған данамен кітапша болып басылды. Содан кейін республикалық, бүкіл майдандық газеттерде жарық көрді, плакат, үнпарақ түрінде басып шығарылды. Халық хаты орталық радио арқылы оқылып, бүкіл елімізге және майдан шептеріне асқақ үнмен самғады. Орысша мәтінін белгілі күміс көмей диктор Юрий Левитан, ал қазақша мәтінді республикалық <<Социалистік Қазақстан>> (қазіргі <<Егемен Қазақстан>>) газетінің сол кездегі редакторы Балтабек Асанов оқыды. Баспасөзде басылып, көпке кеңінен жария етілген осы тарихи хатқа қол қойғандардың арасында К.Байсейітова, С. Мұқанов, Н. Оңдасынов, Қ. Сәтпаев, Н. Бердіқұлов, Н. Байғанин, С. Оңғарбаева, Ш. Берсиев, Ж. Шаяхметов сынды 86 ғылым, мәдениет, әдебиет, шаруашылық және қоғам қайраткерлерінің аты-жөні, лауазымы мен атақтары толық көрсетілген. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданындағы <<Баян>> колхозының қос орденді төрағасы Қажымұрат Үмітбаев, Көкшетау ауданындағы <<Қазақстан>> колхозының орденді ферма бастығы Кенжебай Төлежанов, Совет ауданындағы <<Көктерек>> колхозының тракторшысы Мақсат Есенбаев, <<Интернациональный труд>> колхозының орденді мүшесі Құсайын Ілиясов, Н. заводының орденді стахановшысы Сәмит Мұсалимов, Ильич МТС-нің орденді комбайыншысы Ақжігіт Акин және басқалары болды.
<<Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгеріне жазған хатының>> <<Правда>> газетінде жариялануына мұрындық болған Балтабек Асановтың естелігінен естелігінен: <<1943 жылғы қаңтардың басы. Кеңес халқының фашизмге қарсы жүргізілген Ұлы Отан соғысындағы игі бетбұрыс кезі. Сталинрад түбінде қоршалған жау әскерін құрту мақсатындағы қиян-кескі ұрыстар жүріп жатқан шақ.
Мен жолдамын.<<Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хатын>> Мәскеуге апара жатырмын. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті хатты БК(б)П Орталық Комитетінің саяси Бюросының кезекті мәжілісіне бірінші мәселе етіп қойып, жариялауға рұқсат алып шыққан екен>>. Зейін қойып тыңдаған адамға ерекше әсер ететін, әр майдангердің жүрегіне жол тапқан, отаншылдық сезіміңді оятарлық жігерлі де уытты сөздері бар бұл тарихи хат былай басталған еді:<<Қазақстанның ардақты ұлдары! Балаларымыз, ерлеріміз бен бауырларымыз! Өздеріңнің туған үйлеріңнен алған хатты қандай сезіммен оқысаңдар, бұл хатты сондай сезімнен оқыңдар, бауырлар!>> Бұл хатты сендерге жүздеген жыл тар кезең, тайғақ асудан сансыз азаппен өтіп, бақытқа жеткен барлық халқың жазып отыр, сондықтан көзбен емес, көкірекпен, еліңді, жеріңді сүйген жүрекпен оқыңдар, туысқандар! Соғыстың қатаң тағдыры қайда апарса, сол жерде оқыңдар, бұл хатты! Майдан өлкесінде әрқашан көкжиектен күн көтерілгенде оған қараңдар да туған жерлеріңді еске алыңдар. Селеуі теңіздей тербелген Арқаның адырлы кең далаларын, алтын бұлағы ағылған Алтайдың асқар жоталарын, ақ бас Алатаудың жеміске толы сай-салаларын, соншалық кең туған жерлеріндегі аталарыңның қасиетті қабірлерін, туған-өскен үйлеріңді көз алдарыңа келтіріңдер. Соларды жауға таптатпаймыз, жауды қайткенде жеңеміз деп ант етіңдер! Гитлер бандыларының бізге шабуыл жасағанына, міне, бір жыл жеті ай. Украина, Белоруссия, Қырым, Донбасс, Донның далалары қанға боялды... Ардақты ұлдарымыз бен туысқандарымыз! Қырыңдар жауды! Атқан оғың, сілтеген найзаң мүлт кетпесін! Жер аламын деп келген немістер жер жастансын! Біздің жер- жаудың көрі болсын!>> Халық хатында сонымен қатар майдандағы жауынгерлерге зор көмек көрсетіліп, туған ел-Қазақстанның майданның берік тірегіне айналып отырғандығы баяндалған. <<Қымбатты жауынгерлер! Сендер жаумен алысып жатырсыңдар, -делінген еді хатта. - өз күштеріңе еркін сенесіңдер! Бірақ арқаларыңды тірегендерің Ұлы Отаның екені күштеріңді үстеп еселей берсін. Ал арқа сүйеген Отаның-алып ел, ол бай, ол- Ұлы жер!
Жауынгер! Туған анаң, сүйген жарың, апа-қарындастарыңның аманатын ұмытпа: Жеңіп қайтсаң жауынды, Анаңның жарық күні сен>>. <<Правда>> газетінің сол хат жарияланған күнгі- 1943 жылғы 6 ақпандағы санында <<Даңқты қазақ халқы кеңестік Отаны үшін күресте>> деген бас мақала берілді. Онда былай деп атап көрсетілді: <<Қазақ халқының хаты барлық майдангерлердің жүрегіне жол табады. Оны Кеңес Одағының барлық халықтары жүрек лүпілімен оқыды. Бұл хат Мәскеу қорғанысының ерекше бір кезеңін еске түсірді. Сол кезде ержүрек Кеңес халқының астанасына жол тартпақшы болған неміс танкілеріне 28-панфиловшы ержүректікпен қарсы тұрды. Қаһарман жауынгерлер, жалынды Кеңес патриоттары бұл жолды өздерінің өр кеуделерімен қорғады. Олар ерлікпен қаза тапты, бірақ жауды астанаға өткізген жоқ. 28-панфиловшының арасындағы атой салған төрт ер қазақ елінің қаһарман ұландары еді. Олардың есімдері Кеңес халқының жүрегінде. Оларды мәскеуліктер де қасиеттеп есте сақтайды. Әліппай Қосаев, Нарсұтбай Есболатов, Асқар Қожабергенов, Мұсабек Сеңгірбаев бүкіл Кеңес адамдарына қымбат саналған қаланы қорғап, өз қандарын өздерінің орыс бауырларының қандарымен араластырды емес пе?>> Ал бұдан соң газеттің бас мақаласында былай деп жазылды: <<Қазақтар майданда жауға қарсы жақсы соғысады, тылда олардың әкелері, аналары мен әйелдері майдан үшін жұмысты ерекше жақсы істеуде. Қазақстан өз жерінің барлық байлықтарымен, тауларының барлық асыл кендерімен майданға қуатты тірек болып отыр>>.
Қазақ халқының майдандағы қазақтарға жолдаған хаты баспа беттерінде жарияланғаннан кейін майданнан топтаған жолдау хаттар республикаға көбейеіп келе бастады. 1943 жылы республикалық <<Социалистік Қазақстан>> мен <<Казахстанская правда>> гезеттері мұндай жауап хаттарды бірнеше ай бойы жариялап тұрды. Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған осы хат - аса зор маңызы бар тарихи құжат. Хаттың қиын-қыстау кезеңде Отан мүддесіне қорғап жазылған аса терең мазмұнын бүгінгі жастарымыз да, келер буын жеткіншектеріміз де болуы тиіс. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дүниежүзін шарпаған жиһандық соғыс қазақ халқының батыр ұлт екенін баршаға мәлімдеді. <<Правда>> газетінің бетінде 1941 жылы қазан айында <<Қазақтар>> деген мақала жарияланды. Бұл Мәскеуді қорғаған 8-гвардиялық Панфилов атындағы дивизия туралы еді. Осы бір жеңіс күндері көрнекті совет жазушысы И.Эренбургтың 1942 жылы жазған <<Қазақтар>> деген мақаласында:<< Бір фриц маған:<<Біз жойқын күші бар қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған бетінен тіпті ешқандай оқ та, өрт те тоқтаталмады. Олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп жүгіріп келе жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін естідім. Бұрын мұндай халық бар екенін естімеп едім...>> деді.
Белгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің <<Ресей 1941-1945 жылғы соғыста>> деген кітабында:<<Қызыл Армияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар қатарында қазақтар тұрды,>> дегенді айтады.1942 жылғы желтлқсанда - Нүркен Әбдіров Сталинград түбінде Гастелло ерлігін қайталады. 1942 жылы 19 желтоқсанда Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапқан Нүркен Әбдіровке қайтыс болғаннан соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыс!
Осы бір ұсқынсыз ұғымның жүрек езетін салмағы мен жан сыздатар улы дерті замандар бойы жалғасын тауып, берекелі бейбіт күнмен үздіксіз жағаласып келеді. Оның қап-қара, терең таңбасы ұрпақтар санасына ешқашан жоғалмайды, керісінше, тарих қойнаулары ашыла түскен сайын айқындала түседі, соғыс зобалаңын көп тартқан халықтың жанын түршіктіріп, жауыздық, басқыншылық атаулығы өшіктіріп, бейбіт өмірге деген тәубашылдығын орнықтырады, жарасымды жасымпаздыққа жетелейді. Дегенмен, қатыгез қаражүректілік пен мейірімсіздік қашанда құрып кетпейді, ол бүкіл адам баласы өркениетінің бау-бақшасындағы арам шөптей қайта-қайта бас көтерумен болады, жұлып тастаған сайын жұлқынып, өршеленіп кететін тамыры бар оның! Бүгінгі таңда адамзат дамуының жоғарғы сатысында тұрған шағымызда да соғыс өрттерінің қатты алаңдатып отырғаны сондықтан. Тіпті, Ұлы Жер шарының жүрегі үрейден дір-дір етеді. Біз осыны түсінгендіктен, жиырма жасқа жаңа толған жас, жаңа мемлекетіміздің іргесін қалай болғанда да ынтымақтастықтың ырыс-құтымен бекітпекпіз!...
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Балақаев Т.Б.,Алдажұманов Х.С.,Қазақ еңбекшілері-майданға,1985Сарғайса да тарихтың ақ парағы,ол күндер мәңгі есте сақталады!Методикалық ұсыныстар/ҚМРБК Құраст.Кенесарина Т-Алматы,1995-50б.
Аймахан Қ.Өздігінен келген жоқ: Кеңестер Одағының Батыры,Тәуелсіз Қазақстанның №1Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлымен сұхбат//Алматы ақшамы.-2005-11қаңтар-№3-Б.3
Malimetter.kz Қазақша рефераттар
Аупбаев Ж.Соғыс және бейбітшілік: Ұлы Отан соғысысының қазақстандық тарихы//Халық кеңесі - 1995-3 ақпан
Әбжанов К. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)//Алматы ақшамы-200-5.
Степногорск қаласы №1 Ақсу орта
мектебінің 10 «А» сынып оқушысы
Бұғыбаева Айдананың «Сталинград шайқасы
және Қазақстан» атты ғылыми жобасына
Пікір
Тарих секциясына ұсынылып отырған Бұғыбаева Айдананың«Сталинград шайқасы және Қазақстан» атты ғылыми жұмысында алдына қойған мақсатына жетуде көп ізденген. Бұл жұмысты жазу үстінде Сталинград шайқасына қатысқан жерлесіміз туралы маңызды мәліметтерді өз бетімен жинай білген. Жоба жұмысы нәтижеге жеткен.
Пікір жазған: №1 Ақсу орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Кенбаев А.Ә
Зерттеу жұмысымның тақырыбы: Сталинград шайқасы және Қазақстан
Жұмысымның мақсаты:
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Сталинград майданының тарихи рөліне талдау жасау.
Осы кезеңде ерлік көрсеткен қазақстандық және жерлес жауынгерлердің ерлік істерін өткізу.
Зерттеу жұмысым төрт бөлімнен тұрады:
1.СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
2.ЕДІЛ БОЙЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖІГІТТЕР МЕН ҚЫЗДАР
3. ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ЖІГЕР БЕРГЕН ХАТТЫҢ ТАРИХЫ
4. СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАСҚАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ТУРАЛЫ
Қазақстан 1942 жылдың жазында Сталинград шайқасының ең жақын тылына айналды. Себебі, Сталинград шайқасы Қазақстан шекарасынан небәрі 200 шақырым жерде ғана болды.1942 жылғы 19 қарашада кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі жауға қарсы шабуылы басталды. Алғашқы екі күнде румындардың 3 және 4 армиясына ойсырата соққы беріліп, немістердің 6 далалық және 4 танк армиялары қоршауға алына бастады. 1941 жылғы желтоқсанда, 1942 ақпан айларында Алматы қаласында құрылған атқыштар дивизиясының құрамы негізінен Алматы мен Фрунзе қалаларындағы әскери училищилердің түлектерінен жасақталды. Дивизияның құрамы Қазақстанда тұратын әскер міндеттегілерден қалыптасты, сондықтан жауынгер сапындағылардың 25 пайызы қазақтар болды.Сталинград майданына шақырылған қазақтар күн сайын келіп жатты. Тек Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының өзінен ғана сол күзгі айларда Сталинград майданына 26225 жауынгер келіп қосылды. Сталинград майданына Алматыдан бір топ өнер шеберлері келді. Қазақстанның халық әртістері Үрия Тұрдықұлова, Ғарифолла Құрманғалиев, Мүсәлім Абдуллин тағы басқа әртістер Еділ жағасына келіп, қазақтың әндерін салғанда қазақ жауынгерлері рухтары көтеріліп, үлкен қуанышқа бөленді.
Жылдар жылжып өтсе де, осыдан 70 жыл бұрын аяқталған Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің батылдығы мен ерлігі мәңгі ұмытылмайды. Сол бір қаһарлы жылдардағы олардың майдандағы толғанысын, қуанышы мен күйініштерін суреттеп беретін соғыс тарихының деректері қатарына хаттарды да енгізуге болады. Дала поштасының мөрі басылып, үш бұрыштап бүктелген хаттардың сарғыш тартқан беттері майдан өмірін шынайы да қарапайым тілмен жеткізіп тұрды.
Сталинград майданына Қазақстанда жасақталған 6 дивизияға 50 мыңдай солдат қатысты. Олардың ерлік істерінен хабардар болып отырған қазақстандықтар 1943 жылдың 6 ақпанында <<Правда>> газетінде майдандағы қазақ жауынгерлеріне арнап хат жариялады. Бұл хат майдандағы қазақ жауынгерлері ғана емес, күллі майдангерлердің рухын, жігерін, фашизмге деген өшпенділік ыза-кегін одан сайын арттырып, қайратқа қайрат қосты. Мен, айтып кеткен тақырыптардың ішінен Сталинград үшін шайқасқан жерлестеріміз туралы айтқым келеді. Зерттеу жүргізе отырып, мен, Сталинград үшін шайқасқан жерлесіміз Садвакасов Қабикен туралы мәліметтер жинадым. Ол кісі 1922 жылы 15 мамырда дүниеге келіп, 1941 жылы Сталинград орта мектебін, қазіргі мен оқитын Ақсу орта мектебін бітірді. 2005 жылы 13 қарашада Ақсу кентінде өмірден қайтты. Бұл кісінің қызы Садвакасова Роза Қабикенқызы біздің мектеп мұғалімі. Мен ол кісімен әңгімелесіп, туыстарымен кездесіп, әкесі туралы мәліметтер жинақтап жаздым.
Садвокасов Қабикен Қызыл Армия қатарына қабылданғанда небәрі 19жаста еді. 1942 жылдың 15қаңтары күні Сталин атындағы аудандық әскери комитеттен соғысқа аттанып кете барды.Онымен жерлестері Шакуанов Аташ, Аушахманов Ермек, Каденов Зейнекеш, Набиев Әскен, Абдрахманов Дудаш, Салипов Тұрар, Кульжанов Брән, Хивренко Федор, Яковлев Дмитрий бірге аттанды.Тағдыр оны Башқұрт автономиясы республикасында қалыптасқан полковник Горохов Александр Михайлович басқарған 124-ші атқыштар бригадасына түсірді. 124-ші атқыштар бригадасы генерал Чуйков Валерий басқарған 62-ші гвардиялық армияға бағынды. Ол Сталинград қаласын қорғаған армия еді.Қабикен атай 1942 жылдың 28 тамызында Сталинград қаласына келді. Ол Сталинград трактор зауытын қорғады. Неміс фашистері трактор зауытын алуға бар күштерін салып бақты. Олар телефон сымдарын үзіп, үйдің шатырларынан оқ атты. Жағдай өте қиын болды. Жау снаряды Қабикен атай жатқан окопқа түсіп,Қабикен атайды жаралады.Ол Сталинград майданында 1943 жылдың 15 қаңтарына дейін болып тылға жөнелтілді. Қабикен атай Сталинградты қорғағаны үшін "Ұлы Отан соғысы","Ерлігі үшін","Германияны жеңгені үшін" ордендарімен мараппатталған.2005 жылы 83 жасында қайтыс болды. Садвакасов Қабикен мен жұбайы Кизатова Рухиға 11 бала өсіріп, қалдырған ұрпақтары: 11 бала, 7 немере, 5 шөбере. Ол кісінің 11 баласы болған, оның екеуін асырап алған. Біреуі: орыс, есімі Зоя. Ол Өзбекістанға тұрмысқа шыққан. Екінші қызы Асима, Новомарковкада тұрады. Ең үлкен ұлы- Нұрбек, Павлодар қаласында дәрігер болып жұмыс істейді. Екі қызы туған жерінде Ақсу кентінде тұрады. Роза Қабикенқызы- №1 Ақсу орта мектебінде 38 жыл мұғалім болып қызмет жасаса, екінші қызы Гүлнар Қабикенқызы күзет агенттігінде жұмыс істейді. Ата жолын қуған немересі Садвакасов Тимур Ақсу кентінің әскери батальонында капитан шенімен батальон басшы қызметін атқарады. Қабикен атамыздың ұрпақтары тәуелсіз еліміздің экономикасын көтеруде көптеген еңбектер жасап келеді. Мысалы, немересі Садвакасова Жанар Нұрбекқызы полиция бөлімінің майоры. Садвакасов Манат патолог- анатом дәрігері. Немересі Садвакасова Сабина Астана қаласында дизайнер қызметін атқарады. Садвакасов Арман Ақсу кентіндегі №39-шы шахтыда жұмыс істейді. Садвакасов Бахтияр Астана қаласында инженер қызметін атқарады.
Бұл суретте, Қабикен атамыздың Ақсу кентіндегі тұрған үйі.Ал мынау суретте мен Қабикен атамыздың қызы Роза Қабикенқызымен сұхбаттасып отырған сәтім. Көп мәліметтерді үлкен қызы Роза Қабикенқызынан алдым. Ақсу кентінен Қабикен атамызбен сол бір сұрапыл соғысқа бірге аттанған жерлесіміз қазақтың танымал белгілі жазушысы Әскен Нәбиев туралы айтқым келеді. Әскен Нәбиев жалғыз Ақсу мақтанышы емес, бүкіл қазақ мақтанышы. Әскен Нәбиев те біздің мектеп оқушысы болған. Ол кісі Ақсу кенті Советский көшесінде тұрған. Қазіргі уақытта ол кісінің барлық туыстары Астана қаласында тұрады. Әскен Нәбиев 1923 жылы 13 желтоқсанда Ақмола облысы Ақсу кентінде дүниеге келді. 1941 жылы орта мектепті Сталиндік мақтау қағазымен үздік бітіріп шықты. Сол жылы жүрек қалауымен өз Отанын қорғау үшін белгілі жазушы, ардақты ағамыз Әскен Нәбиев майданға аттанды. Қырғын соғыстың ақырғы күндеріне дейін отты шепте болып, "Рейхстагқа" ту тікпесе де, қанпезер жаудың күре тамырын отап, омыртқасының күлпаршасын шығарған Сталинград шайқасына қатысуының өзі де бір азаматқа ел алдындағы парызын ақтарарлық ерлік жолы емес пе! Сол "не жеңеміз, не жеңілеміз" дегендей, ең сындарлы тарихи шайқаста жан аямай өжет ерлікпен қатынасып жүріп жарақаттанды, елге оралды. Кеңес әскерінің жеңіске жетуінде шешуші рөл атқарған Сталинград түбіндегі шайқасқа белсене қатысты. Сол жылы басынан қатты жарақат алып, елге оралды. Майданда болған уақыт аралығында көрсеткен ерен ерлігі үшін ол Үкіметтің "Ұлы Отан соғысы" орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін" медальдарымен және тағы да басқа көптеген жауынгерлік мадақтармен марапатталды.
Қорытындылай келе, Бұл жұмысты тарих сабағында қосымша мәліметтер ретінде пайдалануға болады. Мен, жерлестеріміз Қабикен атай мен жазушы Әскен Нәбиевтің ерліктерін болашақ ұрпаққа үлгі еткім келеді. Олардың ерлік істері ешқашан ұмытылмайды. Ұрпағы үшін толар сақтан қан кешіп, бүгінгі біздің бейбіт заманымыз үшін жанын берген Қабикен мен Әскен аталарымыз сияқты қан майданда шейіт болған ата-әжелерімізді мәңгі естен шығармаймыз. Біздің Ақсу орта мектебінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-апаларымызға арналған үлкен мұражай бар. Сол мұражайдан сұрапыл қан майданға аттанған Ақсу ардагерлері туралы толық мағлұмат алуға болады. Дүние жүзін шарпыған жиһандық соғыс қазақ халқының батыр ұлт екенін баршаға мәлімдеді. Мен, бұл зерттеу жұмысымды Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнаймын. Ұлы Жеңіс, саған бас иеміз!1943>
Достарыңызбен бөлісу: |