125
қажеттілік тҥгелімен жоғары қарқынды мал шаруашылығы, сондай-ақ мал
ӛнімдерін егіншілік ӛнімдеріне айырбастау арқылы қанағаттандырылған.
Кент тауларын мекендеушілер, бҥкіл Сарыарқада тіршілік еткен
тайпаластары секілді ірі қара, қой мен жылқы ӛсірді.
Қарақҧйрық, марал, қҧлан, қабан, қасқыр, бҧлан, қарсақ, архар, ірі
қҧстарды да аулады. Ҥй малдарының ішіндегі саны аз жануар тҥйе болды.
Кент тауларындағы беғазы-дәндібайлықтарда жылқы мен қойдың ҥлес
салмағының
ҧлғаюы
мал
шаруашылығының
жылжымалы
бола
бастағандығын аңғартады. Бҧл енді андроновтықтардағы бақташылық емес
еді. Ол жартылай кӛшпелі шаруашылық болды. Бірнеше шағын кенттерден
тҧратын шағын ауданның орталығы Кент қонысы еді. Оның орталықтық жай-
кҥйі, ӛлшемдері, баспаналар саны мен ӛзге де кейбір параметрлері оны ірі
елді-мекен ретінде ғана емес, жаңадан қалыптасып келе жатқан қала ретінде
сипаттауға да мҥмкіндік береді.
Ежелгі қоныстардың қалалық статусы бірқатар археологиялық белгілері
бойынша анықталынады: 1 – ауданы; 2 – тҧрғындар саны; 3 – монументтік
(храмдық) архитектурасы; 4 – ауыл шаруашылық округтері; 5 – қолӛнер
ӛнімдері; 6 – айырбас; 7 - әлеуметтік стратификация.
Әдетте бҧл қала формуласы археологиялық зерттеулерде абсолютті емес.
Қола дәуіріндегі Сарыарқа мал ӛсірушілерінің кенттері аса ҥлкен емес,
олар 0,1-2 га шамасында. Ӛте ірі елді-мекендердің пайда болуы олардың рӛлі
ерекше болғандығын кӛрсетеді.
Кент қонысынан қоғамдық мәні бар қҧрылыс деуге лайық «Ҥлкен
қоршау» деп аталатын кешен зерттелген. Ол жоспары бойынша тікбҧрышты
болып келген, ҧзындығы бойынша СБ – ОШ бағытта.
Қалпына келтірілген «Ҥлкен қоршаудың» биіктігі 1 м шамасында.
«Ҥлкен қоршау» қоғамдық салтанаттарды, сонымен қатар ғҧрыптық
жоралғыларды ӛткізуге арналса керек.
Қазба барысында 100-ден астам бҥтін қола бҧйымдары табылған.
Сҥйек пен мҥйізден жасалған бҧйымдар ӛте кӛп. Қолданбалы ӛнердің
мҧндағы тамаша ҥлгілерін кәсіби сҥйекшілер дайындау әбден ықтимал.
Кент қонысынан алыс жатқан ӛңірлердің тҧрғындарымен ӛзара қарым-
қатынас орнағандығын айғақтайтын мол мағлҧматтар алынған.
Кент қоныстарындағы қыш қҧмыралар арасынан ортаазиялық кейінгі
уақыттағы Намазга-6 шарық ыдыстары, сондай-ақ қарасҧқ, елов, тҥгіскен
ыдыстары да табылған.
Қызылкент аңғарындағы 10 қорымнан 240 бейіт қҧрылыстары
анықталған. 60-тан астам конструкциялар қазылған. Қҧрылыстар арасында
гранит тастары жалпағынан бір қабат (І тип) етіп қойылған (бірнеше қабаты
ӛте сирек ҧшырасады) шаршы секілді келген қоршаулар басым. Қоршау
ішінде тігінен орнатылған плиталардан тҧратын тікбҧрышты немесе
шаршыға ҧқсас жәшік орналасқан. Мҥрде жер бетіне (материк), ҥстіне
немесе одан 5-10 см тӛмен деңгейде қойылған. Мҧндай қоршаулардың
ӛлшемдері 1,2х1,4 м-ден, 4,0х4,1 м, ал жәшіктерінің ӛлшемдері 0,6х0,8 м-ден
1,4х1,6 м-ге дейін барады.
126
ІІ типтегі қҧрылыстар ҥлкен кӛлемділігімен ерекшеленеді (қоршаулар
9,0х8,5 м-ге дейін, тас жәшіктер 2,7х3,0 м-ге шейін); қабырғаларының
қаландысы кӛп қабатты; мола қабырғасы жанында қҧрылыс ерітіндісін
жасауға арналған аса терең емес шҧңқырлары кездеседі; жерлеу қабірінде
қыш ыдыстардың ҥлес салмағы ҧлғая бастаған. ІІ типтегі қҧрылыстар ӛз
уақытында кесене атауын иемденген және де Ә.Х.Марғҧланның Беғазы,
Бҧғылы-3, Саңғыру-1, Айбас-Дарасы, Дәндібай некропольдерін қазуы
барысында кеңінен танымал болған. Кесенелерге жоғарғы әлеуметтік
деңгейдегі адамдардың жерленгендігі ешқандай кҥмән туғызбайды. Кейбір
осы аталған кесенелерден ондаған қыш қҧмыралар, алтын бҧйымдар, қола
заттар молынан шыққан.
Осындай кесенелерге жерленген кӛсемдердің тҧрғылықты жері қыста
Кент секілді қоныстар болды, ал жазда далалық тҧрақтар болған еді.
Кӛсемдер әскери отрядтар мен сауда керуендерін жасақтады, жылқыны
алысқа пайдалана отырып, экспедициялар ҧйымдастырды.
Кент тҧрғындарының басты экспорт кӛзі металл болған деуге болады.
Оның ӛндірісі мен таралуын жергілікті элита ӛкілдері бақылап отырды. Бҧл
жағдай кен кӛздері мол Орталық Қазақстанның кӛптеген ӛңірлеріндегі
археологиялық кешендерден де анық байқалады. Жергілікті кәсіпшілер ӛз
ӛнімдерін малға, мал ӛнімдеріне айырбастаса керек.
Бҧл дала ақсҥйектерінің әлеуметтік жай-кҥйі мал санының артуына
байланысты кҥшейді, оған олар бақылауын орнатқан кең ауқымды
металлургиялық ӛндіріс те ӛз септігін тигізді. Нәтижесінде қоғам мҥшелері
арасында мҥліктік қатынастар кҥшейе тҥседі. Осы кездері мемлекетік
қҧрылымның қалыптасу ҥрдістері жҥріп жатты.
Шығыс Сарыарқа аумағында Кентке ҧқсас бірнеше бірлестіктер болғаны
анық. Олардың бірқатарын Мыржық, Шортандыбҧлақ, Бҧғылы-2, Беғазы-1
тӛңірегіне локализациялауға болады. Бҧл ескерткіштер Кентке уақытына
сәйкес және де аумағы бойынша оған ӛте жақын келеді, әрі сҥйектен
жасалған олжалары мен металл бҧйымдары мол. Олардың тӛңірегіне
қоныстар мен қорымдар кӛптеп шоғырланған. ІІ типтегі қҧрылыстар, яғни
кесенелер де жеткілікті.
Мҧнда да мемлекеттіліктің қалыптасуына байланысты ҥрдістер де жҥріп
жатқан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: