Стан археологиясы



бет46/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Тау-кен ісі, металлургия. Мал шаруашылығы мен егіншілікпен қатар 
тҥрлі кентастарды алу, тас пен сҥйек ӛңдеу де маңызға ие болды. Қазақстан
аумағы мыс, қалайы мен алтын сынды пайдалы қазбалар бай екендігі белгілі. 
Мыс (Жезқазған, Зыряновск, Қаршыға, Жалтыр,Ащылы, Кҥшікбай), қалайы
(Атасу таулары, Қалба мен Нарым жоталары) мен алтын (Степняк, 
Қазаншҧңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай, Майқапшағай, Ақабек) кен-
орындары бҧл аумақтың кӛне металлургиялық орталықтардың бірі 
болғандығын айғақтайды. Ежелгі замандарда мысты тотықтанған
кентастарды алу мен балқыту ісі кең қанат жайды.
Бҧл уақытта ежелгі кеншілер қҧрамында мыс пен қалайысы мол
тотықтанған кентастарды (малахит, азурит, кассетерит) ӛндірді. Қопсыма 
кентастар ӛндірілді, борпылдақ кентастар тастан жасалған тоқпақшалар мен
балғалармен қарапайым «қайлалау» әдісі арқылы алынды. Тығыз кентастарға 
«отпен уату» әдісі қолданылды, ӛзек ҥстіне немесе қуысқа от жағылды да, тас
әбден қызған кезде оған су қҧйып, жарылуын қамтамасыз етті, содан кейін 
балға және қайламен жҧмыс істеді. Қҧрамында металы бар жыныстарды тері
қап арқылы сыртқа шығарды. 
Онымен қатар кентас денесінің астын ҥңгіді, содан кейін балға арқылы
кентастың ең тәуір кесектерін опырып алды. Терең қазылғанда тӛбесі 
басылып қалмау ҥшін ағаш тіреулер орнатты. Алайда шахталар талай рет
қҧлап, кен қазушыларды басып қалды. Ҥңгімелерден адам қаңқасы мен 
олардың жанындағы шірімей сақталып қалған ішінде кентас бар тері қаптар
ежелгі кен орындарын зерттеу кезінде ҧшырасқан. Шахта жанындағы суда 
бос жыныстарды ажырату ҥшін алынған кентас жуылды және уатылды. Ҧсақ
етіп уатылған кентасты қонысқа апарды да, ондағы арнайы қорыту 
пештерінде балқытты. Мҧндай пеш қалдықтары андроновтықтардың Атасу,
Суықбҧлақ, Қанай ауылы маңындағы қоныстарын қазған кезде табылған. 
Қазіргі уақытта кӛне металлургиялық орталықтары бар бірнеше қоныстар
(Талдысай, т.б.) белгілі болып отыр. 
Пеш жанынан кҥл, мыс қҧймалары аршып алынған. Қҧрал жасау ҥшін
қорыту процесінде мысқа қалайы қосылды да, металл қажет қалыпқа 
жеткізілді. Ежелгі кеншілер қалайы кӛлеміне қарай қола омырылғыш, немесе
керісінше, неғҧрлым жҧмсақ және иілгіш болатындығын білді.

Қазақстан аумағында қола дәуірінде ӛндірілген кен кӛздерінің ауқымы


халықты шикізатпен қамтамасыз етіп қана қоймағандығын, сонымен қатар 
металдың бір бӛлігі дайындама және бҧйым тҥрінде айырбасқа тҥскендігін де
кӛрсетеді. 



144


Қазақстан тау-кен-металлургия облысын (ТКМО) археолог Е.Н.Черных
Еуразия тау-кен-металлургиялық облыстары жҥйесінде алғаш рет бӛліп 
кӛрсеткен. Ол бҥкіл Орталық Қазақстанды және Солтҥстік Қазақстанның бір
бӛлігін қамтиды, және де Қазақ ҧсақ шоқыларын, немесе Сарыарқаны, яғни 
солтҥстікте Батыс Сібір жазығынан оңтҥстікте Балқаш кӛліне дейінгі
аймақты, батыста Торғай ойпаты мен шығыста Алтай мен Тарбағатай тау 
тарамдарына шейінгі жерлерді алып жатыр.
Осы кең байтақ ауданда мыс пен полиметалдың ондаған кен орындары 
ҧшырасады. Олардың барлығы, тҥгелдей ежелгі замандардан бері ӛндіріліп
келеді.

1946 жылы Ә.Х.Марғҧлан жетекшілігімен Орталық және Солтҥстік


Қазақстанның археологиялық ескерткіштері, соның ішінде ежелгі тау-кен ісі 
мен металлургия нысандары жоспарлы тҥрде зерттеліне бастады. Ол
Н.В.Валукинский, 
С.С.Черников,
М.Қ.Қадырбаев, 
Ж.Қ.Қҧрманқҧлов,
Э.Ф.Кузнецова, 
С.У.Жауымбаев,
С.А.Берденов 
есімдерімен
тығыз

байланысты. Одан бергі жарты ғасырдан астам уақыт ішінде кӛне кен


орындары кӛптеп зерттелінді, бірегей конструкциялы мыс қорытатын 
агрегаттары бар жиырмадан астам қоныстар қазылды.
Орталық және Солтҥстік Қазақстан аумағындағы ежелгі тау-кен ӛндірісі 
жайлы қомақты мағлҧматтар алынды. Қазақстан ТКМО-ның кендері жайлы
мәліметтер жасалды. Кен алынған уақыттар мен ӛндірілген кеннің ауқымы 
анықталды. Қола дәуіріндегі қазақстандық ТКМО-ның орны нақтыланды.
Кен ӛндіру әдіс-тәсілдері, пайдаланылған қҧрал-жабдықтар, саймандар 
жайлы сӛз ӛрбіді.
Қазақстан ТКМО шеңберінде жекелеген орталықтар бӛлінген. Мҧндай 
орталықтар саны алтау. Олар: Кӛкшетау, Баянауыл, Успенск-Қарқаралы,
Жезқазған-Ҧлытау, Балқаш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет