Стан археологиясы


Батыс Қазақстан ескерткіштері



бет44/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Батыс Қазақстан ескерткіштері
Б.з.б. ІІ-мыңжылдықта Батыс Қазақстан аумағын андроновтық (алакӛл) 
тайпалар мекен етті.




139


Мҧнда қола дәуірінің қоныстары мен қорымдары кӛптеп ашылған.
Ескерткіштерді зерттеу ісіне И.В.Синицын, М.П.Грязнов, В.С.Сорокин, 
Г.B.Кушаев, т.б. мамандар қатысқан болатын.
Ерте қола ғасырына жататын ескерткіштер салыстырмалы тҥрде 
айтқанда, аса кӛп емес.
Бҧл кезеңнің ыдыстарының тҥбі жалпақ, пішіні банка тәріздес болып 
келеді. Суреттердің композициялық қҧрылысы мен ыдыстардағы ою-ӛрнек
типтерінің ӛзара қатыстылығы біркелкі емес. Оның ҥшбҧрыш, шаршы және 
сопақша тҥрінде ойықтап басу кең таралған бӛлшектер болып табылады.
Ӛрнекпен ыдыстың қабырғалары мен тҥбі де кӛмкерілді. 
Екінші топтағы ыдыстарда тарақты штамппен және таяқшамен тҥсірілген
суреттер басым. Ӛрнектер тігінен, кӛлденеңінен және толқынды келген 
сызықтардан, тігінен тҥскен ирек сызықтар мен кескінді ҥшбҧрыштар
алаңынан тҧрады. 
Б.з.б. ІІ-мыңжылдықтың екінші ширегінде шаруашылықта ӛнім ӛндіру
типі тҥпкілікті орнығады, ал қола металлургиясы даму шегіне жетеді. 
Ортаңғы қола дәуірі мәдениетінде бірін-бірі алмастырған ҥш кезең
байқалады. Оның бірі, ерте кезі, кезеңнің қалыптасу тарихымен байланысты, 
бҧл кездері жергілікті ерте қола дәуірінің тайпаларына Арал ӛңірі арқылы
ежелгі егіншілік орталықтардың оңтҥстік мәдениеттері әсерін тигізе 
бастайды.
Ал соңғы кезеңінде андронов және қима қауымдастықтарының 
мәдениеттері белсенді тҥрде ӛзара байланысқа тҥседі. Батыс Қазақстан
мәдениетіне Еділ ӛңіріне кең таралған қима мәдениеті қатты ықпалын тигізе 
бастайды.
Бҧл кезеңнің баспаналары, әдетте, аса ҥлкен емес, едені жерге 15-20 см-
ге дейін кіріп тҧрған, сондықтан да оларды жер бетіне салынған қҧрылыс
тҥріне жатқызуға болады. Баспаналар пішіні тікбҧрышты, олардың шатырын 
ҧстап тҧрған бағана-тіреуіштен қалған шҧңқырлар жақсы сақталған. Ҥйдің
қабырғасы бӛренелерден кӛтерілді. Еден ірі ӛзен қҧмдары араластырылған 
саз балшықпен сыланды. Тағам дайындау ҥшін және баспананы жылытуға
шетіне тастар қойылған ҧңғымалы ошақтар пайдаланылды.
Батыс Қазақстан далаларында орманның жоқтығы Тасты-Бұтақ 

қонысында баспаналардың салынуындағы ерекшеліктердің қалыптасуына
алып келді. Мҧнда бағаналық конструкциялар ӛте сирек қолданылды, есесіне 
тас кеңінен пайдаланылды. Одан ішкі далда (қалқа) соғылды, ошақ
қоршалды, тҥрлі шаруашылық қажеттіліктер ҥшін қаландылар жасалды.
Тасты-Бҧтақ-1 қорымындағы мола ҥстіндегі конструкциялар дӛңгелек,
сопақша және бҧрыс пішінді тас қоршаулардан тҧрады. Қоршаулар тігінен 
қазылып қойылған тастардан да, ӛзара ешқандай материалдармен
дәнекерленбеген тақта тастардан да тҧрғызылған. Молаларда аса терең емес 
шҧңқырлар немесе тас жәшіктер болды. Қорымдардан жеке адамның,
қосарлана (жҧбымен) жерленген адамдардың қаңқалары анықталған. 
Анықталған қосарлы (жҧпты) жерлеуде тҥрлі жыныстағы адамдар мен
балалардың қабірлері басым, сондай-ақ балалы әйел адам қабірлері де 



140


кездеседі. Жерлеу, негізінен, мҥрдені қою ғҧрпы бойынша атқарылды,
мҥрдені ӛртеу ғҧрпы да ҧшырасады. Қайтыс болған адам сол немесе оң жақ 
қырынан бҥгіліп жатқызылды, қолының саусақтары бетіне қарай қойылды.
Бейіттердегі ыдыстар саны бірден беске дейін, бірақ екі ыдысты қою жиірек 
кездеседі. Ыдыстар дәстҥрлі тҥрде жерленген адамның бас жағына қойылған.
Қола білезіктер, пасадан жасалған моншақтар, қабыршақтастардан жасалған 
әшекейлер де табылған.
Батыс Қазақстан кейінгі қола дәуірі тайпаларының мәдениетінде екі 
кезең байқалады. Б.з.б. І-мыңжылдық бас кезіндегі бірінші кезеңде батыстық
тайпалар Еділ бойындағы қима мәдениетінің ықпалына ҧшырады. 
Кейінгі қола дәуіріндегі тайпалар дамуындағы екінші кезең мәдениеттің
бірден ауысуымен (ӛзгеруімен) тікелей байланысты. Андронов-қима 
қауымдастықтары қамтыған Еділ бойындағы, Орал ӛңіріндегі, Қазақстан мен
Батыс Сібір оңтҥстік жазығындағы барлық аумақты «мойын білік» 
(«валиковая») қҧмыра мәдениетін қалдырған тайпалар мекендейді. Олар қола
дәуіріндегі тҧрғындарға тән дәстҥрлі ӛзен террасаларындағы жайылмаларды 
мекендеген, және де олардың қоныстарында б.з.б. ҤІІІ-ҤІІ ғасырларға дейін
тіршілік жанданып жатқандығы анықталған. Бҧл уақыттағы қоныстардан 
сопақша келген жартылай жертӛлелер аршылған. Жартылай кӛшпелі мал
шаруашылығына бейімделгендіктен тайпалар жиі қоныс аударып отырды, 
соның нәтижесінде жер бетіне сопақша келген жеңіл баспаналар да салынды.
Батыс Қазақстандағы қола дәуірінің аяқталар тҧсындағы тайпалар ерте 
темір дәуіріндегі сақ-сармат мәдениетінің қалыптасуына қатысты.
Соңғы 
жылдары
Ҥстіртте 
З.С.Самашев
пен

А.С.Ермолаева


жетекшілігімен Тоқсанбай, Айтман, Маңайсор-1-3 қоныстары секілді 
бірқатар қола дәуірінің ескерткіштері зерттелді. Бҧл қоныстарда адам баласы
ҧзақ уақыт тіршілік еткен, оны кейде ҥш метрге жететін қалың мәдени 
қабаттар да растап отыр. Ең ерте кездегі қоныстар бҧдан тӛрт мың жыл
бҧрын қалыптаса бастаған болатын. 
Ҥстірттегі кӛптеген қоныстар жардың мҥйістерінде орналасты, олардың
бір бӛлігі ҥстірт шетінен бӛлініп, тектоникалық процестер нәтижесінде 
ӛзіндік қалдық тӛбешіктерге айналды.
Ландшафт жағдайларына жасалған ғылыми талдау, ежелгі адамдардың 
қоныстанатын кезде бірнеше факторларды ескергендігін кӛрсетеді, ең
алдымен қорғану тҧрғысынан қолайлы стратегиялық жайы, ішетін судың 
болуы, аң аулайтын жердің жақындығы мен суатқа келетін кәсіптік
жануарлардың болуы ескерілген еді. 
Баспаналар қазаншҧңқыры дӛңгелек пішінді болды және де материктік
саз балшық қабатында жетті. Тоқсанбай қонысының шет жақта орналасқан 
кейбір қҧрылыстары екі деңгейлі қҧрылыс болған сияқты, мҧнда тӛменгі
қабаттың шатыры ҥстінгі қабаттың едені болғандығы байқалады. Қҧрылыс 
материалы ретінде қабыршақтас пен әктас пайдаланылды. Қабырға тҥбіне ірі
блоктар қойылды, олардың ҥстіне кӛлденеңінен кӛлемі шағын тас плиталары 
ӛрілді.
Баспана едендегі ошақ арқылы жылытылды. 



141


Қоныстардың кӛп метрлі мәдени қабаттарынан табылған қомақты
остеологиялық материалдар мҧнда бақташылық мал шаруашылығы мен 
жануарлардың маусымдық миграциясына негізделген аңшылық орын
алғандығын, бҧлар Ҥстірт тҧрғындарының осы дәуірдегі шаруашылық 
негізін қҧрағандығын айғақтайды.
Металлургия мен тау-кен ісі де тҧрғындар ӛмірінде маңызды рӛл 
атқарды, бҧған мыстан жасалған пышақ, бігіз, білезік, бекіткіш, мыс
кесектері, кҥл қалдықтары, металл қорытуға арналып жасалған ыдыс, 
кентастарды ҥгітетін келсаптар секілді кӛптеген заттар да дәлел бола алады.
Металлургиялық орталық болған әрі негізгі олжалар табылған қоныс 
ауданынан бір телім даралана тҥседі. Мҧндағы ӛнеркәсіпте жергілікті
кентастар пайдаланылған деп топшыланады. 
Металлургиялық ӛндірістің дамуына қарамастан, шаруашылықта
шақпақтастан жасалған еңбек қҧралдары мен қару-жарақтар кеңінен 
пайдаланылды. Тастан жебе ҧштары, сҥңгі, бҧрғы, жонғыш, қырғыш, ҥгіткіш,
т.б. жасалынды.
Табылған артефактілер арасынан бір шеті қойдың басы секілді жасалған
тас ҥккіш ерекше қызығушылық танытады. Мҧндай қойдың басы сияқты 
мҥсіндік бейнесі бар заттар Еуразия аумағынан кӛптеп табылған.
Тоқсанбай қонысынан қашау, тескіш, бігіз, жалтыратқыш, штамп, қҧрал 
дайындамасы секілді сҥйектен жасалған бҧйымдар да кӛптеп ҧшырасқан.
Жалтыратқыштар қыш қҧмыра жасау мен тері ӛнеркәсібінде пайдаланылды. 
Ыдыстардың сыртын сылау және ою-ӛрнек тҥсіру ҥшін штамп пен шпатель
қолданылды. Бігіз, тескіш, тҥткіш қҧрал, қашау тері мен ағаш ӛңдеуде 
пайдаланылды.
Ең кӛп шыққан материал – қыш қҧмыра. Керамикалық ыдыстардың 
пішіні, ернеуін модельдеу, ою-ӛрнек декоры сан алуандығымен және ӛзіндік
ерекшелігімен сипатталынады.
Қыш ыдыстардың ою-ӛрнегін тҥсіру ҥшін сызу, тесу, тарақты штамп
тәсілдері пайдаланылды. Ҥстірт қоныстарындағы қыш ыдыстардың ою-ӛрнек 
жҥйесі элементтердің, мотивтер мен композициялардың әркелкілігімен
сипаталынады. 
Ою-ӛрнектегі кеңінен тараған негізгі сюжет ӛзара ҥйлескен кӛлденең
сызық, еңістетілген кесінді, ирек сызық, шырша, ромб болып табылады. 
Штрихты ҥшбҧрыштар, ромбылар, меандр оларға қарағанда кӛп тарала
қоймады. 
Ҥстірт пен онымен іргелес аумақтардың тҧрғындары осы уақыттардағы
Орал, Сібір, Қазақстанның далалы аймақтары, Ортаазиялық қосӛзен аңғары 
мен Иран таулы ӛңірлеріндегі этномәдени ҥрдістерге араласты.
Ҥстірттегі соңғы жылдардағы ашылулар тоқсанбайлық материалдарға 
жақын Еділ-Орал ӛңіріндегі бірқатар ескерткіштер материалдарының
мәдени-хронологиясын нақтылауға мҥмкіндік беріп отыр. 
Ӛткен тарих қойнауындағы кӛріністерді қалпына келтіруде, ілкі
замандардағы миграциялық процестерді анықтауда ҥстірттік қола дәуірі 
ошағының маңызы ӛте зор.




142


Ҥстірттің қола дәуіріндегі мәдени орталықтардан қашықта (алыста)
жатуы ерекше тоқсанбай мәдени феноменін қалыптастырды. Ежелгі 
популяциялардың Ҥстірттегі табиғи-климаттық ерекшеліктерге бейімделу
тетіктерін, олардың шаруашылық-мәдени даму деңгейін білу, Еуразия 
этномәдени массивтерімен байланыстарының дәрежесін анықтау, сонымен
қатар дҥниетаным сауалдарын шешу Қазақстан археологиясының маңызды 
міндеттерінің бірі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет