Стан археологиясы



бет4/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org
annotation78676
ХХ ғасыр 20 жылдарының бас кезі мен 40 жылдардың бас кезін 
Қазақстан археологиясының дамуындағы екінші кезең деп санауға болады.
1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының қҧрылуына байланысты 
археологиялық жҧмыстардың кӛпшілігін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих,
археология және этнография институты жҥргізеді. Осы кезден бастап 
археологиялық зерттеулер орталығы Алматыға ауысады, археология бӛлімі
ашылады, оның алғашқы жетекшісі болып Ә.Х.Марғҧлан тағайындалынады. 
Археология
бӛліміне 
Е.И.Агеева,
Г.И.Пацевич, 
Т.Н.Сенигова,
А.Г.Максимова жҧмысқа қабылданып, белсенді тҥрде ғылыммен айналыса 
бастайды, кейінірек олардың қатарына К.А.Ақышев, Г.В.Кушаев,
Ә.М.Оразбаев, М.Қ.Қадырбаевтар қосылады. Жалпы алғанда, 1946 жыл



28


Қазақстан археологиясының дамуындағы жаңа кезеңнің, ҥшінші кезеңнің
басы болды.
Қҧрылған бӛлімнің алғаш ҧйымдастырған археологиялық экспедициясы
Ә.Х.Марғҧлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 
(ОҚАЭ) болды. Кҥні бҥгінге дейін бҧл экспедиция Сарыарқадағы кӛненің
кӛздерін жҥйелі тҥрде іздестіріп, зерттеп келеді, оның жҧмысы жер 
ауқымдылығымен ғана емес, сонымен қатар зерттелетін ескерткіштердің
хронологиялық диапазонының кеңдігімен де ерекшеленеді. Экспедиция 
неолит және энеолит дәуірлерінің тҧрақтарын, андрон және дәндібай-беғазы
мәдениеттерінің қоныстары мен зираттарын, б.з.б. VІІ-І ғасырлардағы 
жерлеу ғимараттарын, тҥрік заманы обаларын, ортағасырлық қалалар мен
қоныстарды тауып, зерттеді және қазу жҧмыстарын жҥргізді. Ә.Х.Марғҧлан 
орта ғасырларда Орталық Қазақстанның кӛшпелілер елі ғана емес, сонымен
қатар отырықшы және қала мәдениеті орталықтарының бірі болғанын 
дәлелдеп берді. Мҧнда Нҧра және Сарысу алқаптарында, Ҧлытау етегінен
қолӛнердің, сауда мен егіншіліктің орталықтары болған ортағасырлық 
қоныстар мен қалалардың қалдықтары табылды. Қалалар мен қоныстардың
кӛпшілігі мыс, қалайы, кҥміс, қола, алтын ӛндіретін орындар болды.
Соғыстан кейінгі А.Н.Бернштам мен Е.И.Агеева басқарған Оңтҥстік
Қазақстан археологиялық экспедицисы (ОҚАЭ) екінші ірі экспедиция болды. 
Оның жҧмысының қорытындысы Отырар шҧраттарындағы, Шу-Талас
ӛзендері аралығындағы, Қаратаудың солтҥстік беткейіндегі, Сырдария 
алқабындағы қалалар мен қоныстар анықталған орындардың ҥлкен тобын
зерттеу, картаға тҥсіру және хронологиясын анықтау болған еді. Қала 
топографиясын зерттеу мен қыш ыдыстарды сыныптау қала мәдениетінің
мәдени-тарихи кезеңдерін тҥйіндеуге, Орта Азиямен болған қолӛнер мен 
сауда, этносаяси байланыстардың бағытын анықтауға мҥмкіндік берді.
Ӛткен ғасырдың 50 жылдарында ОҚАЭ-ның мәнді де маңызды 
жҧмыстарының бірі деп Арыс ӛзені алабындағы Жуантӛбе қаласы мен
Бӛріжар қорымындағы, Баба-Ата қаласындағы кешенді зерттеулерді айтуға 
болады, ӛйткені ортағасырлық ескерткіштер алғашқы рет кең ауқымда
қазылған еді.
Қазақстанның
оңтҥстігіндегі 
Кангюй
мемлекеті 
мәдениетімен
салғастырылатын кангюй-қаратау (отырар-қаратау) мәдениетін жіктеп 
берген, сонымен қатар Ақтӛбе қонысындағы қазба жҧмыстарды, Қаратаудың
солтҥстік беткейлеріндегі қола дәуірі мен петроглифтер анықтаған 
зерттеулерді де ерекше атап кетуге болады.
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясымен және Оңтҥстік 
Қазақстан археологиялық экспедициясымен қатар 1945 жылдан бастап КСРО
ҒА-ның

С.П.Толстов


жетекшілік 
еткен
Хорезм

археологиялық-


этнографиялық экспедициясы Қызылорда облысында археологиялық 
зерттеулер жҥргізді. Шірік-Рабат, Баландыда қазба жҧмыстары басталып,
Жетіасар шатқалындағы ескерткіштер, оғыздардың қалалары зерттелінді.
1947 жылдан бастап С.С.Черников басшылық жасаған Шығыс Қазақстан
археологиялық экспедициясы жҧмыс істеді. Экспедицияның негізгі міндетіне 



29


Ӛскемен мен Бҧқтырма ГЭС-терінің салынуына байланысты су астында
қалатын аймақта орналасқан ескерткіштерді анықтау және зерттеу кірді. Бҧл 
жерден неолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі кӛптеген ескерткіштер
тіркеліп, Шығыс Қазақстанның ӛткен тарихын сипаттайтын материалдар 
алынды.
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы ТАЭИ археология бӛлімінің қызметкері 
А.Г.Максимова ӛңірдің қола дәуірі туралы кандидаттық диссертациясын
дайындады.
1948-1950 жылдары Қазақстанның батыс аудандарында И.В.Синицын
жетекшілік еткен Саратов мемлекеттік университетінің археологиялық 
экспедициясы ӛзінің жҧмыстарын жҥргізді. Ҥлкен және Кіші Ӛзен ӛзендері
аңғарында, Қамыс-Самар қҧйындысы мен Дҧңғҧл ауданындағы каспийлік 
қҧмдарда зерттеу жҧмыстары жҥргізіледі.
Нәтижесінде сарматтар дәуірі мен орта ғасырларға жататын кӛптеген 
ескерткіштер анықталып, қомақты заттық материалдар жинақталады.
1950 жылы Батыс Қазақстандағы Сарайшық қаласында Ә.Х.Марғҧлан 
жетекшілік еткен Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (БҚАЭ)
жҧмыс істеді. 1953 жылы Т.Н.Сенигова басқарған БҚАЭ неолит дәуірінің 
тҧрақтарын, қола ғасырына және ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер
табады.
1954 жылы Тарих, археология және этнография институты болашақта
Қапшағай ГЭС-нің суы астында қалатын аймақты зерттеу мақсатында 
К.А.Ақышев басқарған Іле археологиялық экспедициясын ҧйымдастырды.
Алғашқы бір маусымның ӛзінде-ақ экспедиция сақтар мен усундер дәуіріне 
жататын обалардың ҥлкен тобын тапты, олардың арасынан зерттеуге ҥлгі-
ӛлшеуіш (эталон) ретінде Бесшатыр қорымы таңдап алынды.
Оңтҥстік-батыс Жетісу аумағында Жамбыл облыстық тарихи-ӛлкетану
музейінің экспедициясы жҧмыс істеді. Мҧндағы археологиялық ізденістерді 
Г.И.Пацевич пен Л.И.Ремпель басқарды. 40-жылдар соңы мен 50 жылдары
Қазақстан аумағынан бірнеше қызықты кездейсоқ олжалар табылды, олар 
жӛніндегі ақпараттар ҚазКСР ҒА басылымдарында жиі басылып тҧрды.
1954-1956 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты 
Қазақстанның кӛптеген облыстарына арнайы археологиялық зерттеулер
ҧйымдастырылды, нәтижесінде қирай бастаған ескерткіштер жай-жапсары 
қаузалды.
Қазақстан археологиясының 50-жылдардың орта шеніндегі аса жарқын 
жаңалықтарының бірі Оңтҥстік Қазақстандағы Қаратауда ежелгі палеолиттік
тҧрғын-жайлардың табылуы болды. Оларды геолог Г.Я.Ярмак пен археолог 
Х.А.Алпысбаев тапқан еді. Бҧл жаңалық қазақстандық археологияның жаңа
бағытын – палеолитті зерттеудің негізін қалады. 
Сайып келгенде, ӛткен ғасырдың 40-жылдарының аяғы мен 50-жылдары
археологиялық зерттеулердің кең ӛрістетілуімен ерекшеленді. Олар 
Қазақстанның барлық ӛңірлерін қамтыды да, жҧмыс аясына әр тҥрлі
хронологиялық ауқымдағы ескерткіштерді енгізді. Бҧл жылдардағы маңызды 
жаңалықтар арасында Қазақстанның оңтҥстігіндегі палеолит ескерткіштері,




30


Іле ӛзені аңғарындағы сақтар мен ҥйсіндердің оболары, Таңбалытас
шатқалындағы суреттер бар еді. Осы кездері Іле ӛзеніндегі Бесшатыр 
қорымында, Сырдария ӛңірі Шардара шатқалындағы ҥңгіме жерлеу
(катакомба) орындарында, Баба-Ата ішкі қамалында (цитадель) қазба 
жҧмыстары басталған еді.
Қазақстандық ғалымдармен бірге ескерткіштерді зерттеумен Мәскеу мен 
Ленинградтың (Санкт-Петербург - авт.) белгілі археологтары С.П.Толстов,
А.Н.Бернштам, С.С.Черников, И.В.Синицын да айналысты. 1946 жылы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет