Стан археологиясы


Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы



бет8/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы. Археология ғылымын
дамытуға бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарды, екінші кезеңі 2007-2009 
жылдарды қамтыған Мемлекеттік «Мәдени мҧра» бағдарламасы да зор
қарқын берді. Бҧл бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президенті 2004 
жылғы 13-қаңтарда (№1277) бекіткен. Бағдарламаның негізгі мақсаты деп,
рухани және білім беру саласының дамытылуы, елдің мәдени мҧрасын 
қорғау және тиімді пайдалануды атауға болады. Ал негізгі міндеттеріне
елдегі маңызды архитектуралық және тарихи мәдени ескерткіштерді қайта 
қалпына келтіру, мәдени мҧраны, соның ішінде ҧлттық мәдениет, фольклор,
салт-дәстҥрді зерттеудің толық жҥйесін жасау секілді кҥрделі мәселелер 
кіреді. Осыған орай мәдени мҧраны сақтау мен қалпына келтірудің
тӛмендегідей негізгі бағыттары нақтыланған: 
- ерте және ортағасырлық ескерткіштерді археологиялық тҧрғыдан
зерттеу, солардың негізінде қорық-музейлер қҧру және оларды туризм 
инфрақҧрылымы жҥйесіне қосу;
- Қазақстанның бірегей тарихи, мәдени және архитектуралық 
ескерткіштерін реставрациялау, консервациялау және пайдалану;
- ғылыми білімді тҥсіндіріп тарату, тарих ғылымының теориялық 
мәселелерін жасау, ғылыми, кӛркем және энциклопедиялық әдебиеттерді
шығару;

- республикадағы тарихи-мәдени мҧраны қорғау мен белсенді тҥрде


пайдаланудың ҧтымды қҧрылымын жасау жӛніндегі мәселелері мен оның 
міндеттері: облыстық инспекциялардың, реставрациялық ҧйымдардың
қызметтерінің басшылығын қамтамасыз ету, тарихи-мәдени ескерткіштерді 
қорғау жӛніндегі бекітілген бағдарламалар мен жобаларды жҥзеге асыру.
Міне, 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік «Мәдени мҧра» 
бағдарламасының негізгі талап-мақсаттары мен міндеттері, жҥргізілетін
бағыттары осындай деп кӛрсетілген болатын. Нәтижесінде бҧл бағдарлама 
бойынша кӛрсетілген мерзімде орасан зор жҧмыстар атқарылған-ды. Бҧл
кездері – біріншіден, 35 тарих және мәдениет ескерткіштерінде реставрация 
жҧмыстаыр аяқталды; екіншіден – маусымдық археологиялық қазба
жҧмыстары 30-дан астам кӛне қалаларда, қоныстар мен тҧрақтарда, 
қорымдар мен обаларда атқарылды; ҥшіншіден - әрбір ӛңірдің ескерткіштер
Жинаған жасауға ден қойылды.
Кез келген тарихи-мәдени кезеңнің ескерткіштерін бір ізге тҥсіретін осы
Жинақтардың маңызы зор. Бҧл жерде әңгіме облыстық тарихи және мәдени 
ескерткіштердің Жинағы туралы болып отыр. Бҥгінгі таңда республикада
Оңтҥстік Қазақстан, Жамбыл секілді бірнеше облыстың ғана Жинағы 
жарыққа шыққан. Керек болса Оңтҥстік Қазақстан облыстық тарихи және
мәдени ескерткіштер Жинағы кеңестік замандағы мағлҧматтармен ғана 
шектелген. Яғни, Қазақстан археологиясының кеңестік кезеңдегі жетістіктері
ғана Жинақта сӛз болады. Одан бергі уақыт ішінде ашылған ескерткіштерді, 



46


археологиялық олжаларды кӛрсету ҥшін Оңтҥстік Қазақстан тарихи және
мәдени ескерткіштер Жинағын қайтадан басып шығаруды қажет етеді.
Мемлекеттік
«Мәдени мҧра» бағдарламасы бойынша Алматы, 
Қызылорда және Солтҥстік Қазақстан облыстарының тарихи және мәдени
ескерткіштер Жинақтары қҧрастырыла бастады. Бҧл Жинақтарды қҧрастыру 
кезінде жаңадан археологиялық экспедициялар жасақталды. Мҧның ӛзі
Қазақстанда археологиялық ескерткіштерді іздестіруге тың серпін берді. 
Нәтижесінде бҧрынғы сан алуан нысандар жайлы мағлҧматтар бір ізге
тҥсірілуімен қатар, бҧрын белгісіз болып келген тҥрлі ескерткіштер ашылды. 
Сӛйтіп, облыстық Жинақтарды қҧрастырудың арқасында тҥрлі тарихи
дәуірлердің мҧрасынан хабардар ететін деректік қор шоғырланды. Сол 
себепті біз атқарылған ауқымды жҧмыстар арасынан тек осы Жинақтарды
тҥзуге қатысты жайттарды баяндап ӛтеміз. Ӛйткені стационарлық жҧмыстар 
жҥргізілген тҥрлі тарихи-мәдени дәуір ескерткіштері жайлы мағлҧматтардың
кӛпшілігі осы еңбекте қамтылған.
Алматы облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді тауып ғылыми
айналымға енгізу ҥшін 2004 жылы Еңбекшіқазақ, Райымбек, Кӛксу, Ақсу, 
Кербҧлақ, Жамбыл, Алакӛл аудандарында барлау-зерттеу жҧмыстары
жҥргізілді. Кӛксу ауданынан Мҧқыр маңынан ерте темір дәуіріне жататын 10 
қорым, Жамбыл ауданындағы Қарақыр мен Қарғалы-бастау тауларынан 5
қорым мен екі петроглифтер тобы, ғибадатхана, Лабасы тауынан екі шоғыр 
петроглифтер, қорым және қоныс, Кӛксу ӛзені алабынан 20 қорым, Ақсу
ауданындағы Баянжҥрек, Жоңғар Алатауы тауларынан ғҧрыптық тастар, 
қоныс, сақ дәуіріне жататын ғҧрыптық қҧрылыс және петроглифтер тобы
анықталған. Кербҧлақ ауданындағы Қоғалы, Жайнақ батыр, Тастыӛзек, 
Шоқан, Кербҧлақ ауылдары маңынан ірі обалардан тҧратын темір дәуірінің
қорымдары зерттелген. Еңбекшіқазақ ауданындағы Новоалексеевск, Есік, 
Қаракемер, Тҥрген қорымдары қайта қарастырылып, Шошанай-2, Сҥмбе-4,
Кіші Ақсу-1-2, Абат-1, Ақтам-1-3, Ардалаты-1-2, Мойынтоғай-1-2, 
Сарытоғай-1-2, Сӛгетті-1 қорымдарының ғылыми анықтамасы қайтадан
жасалды. Сонымен қатар 1958-1964 жылдары зерттелген Ақтасты 
қорымдары мен қоныстары қайтадан тексеруден ӛтті. Олардан басқа да ерте
темір дәуіріне жататын бірқатар ескерткіштер ашылды.
2004 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы
ескерткіштер тізімге алынды. Шиелі ауданынан анықталған ескерткіштердің 
жалпы саны 49 дана, олардың 38-і ерте темірден орта ғасырлар уақытына
жататын қорымдар мен обалық қорымдардан (Бесбҧлақ-1-5, Майтӛбе, Егеулі, 
Дарбаза, Ақтӛбе, Диірмен тау, Ақжар, Ақмая, Ақбҧлақ, Дәуітбай саз,
Берікқара, Қоскӛл, т.б.) тҧрады. Тӛрт жерден петроглифтер шоғыры шыққан. 
Ал Жаңақорған ауданынан кӛне заманнан кейінгі орта ғасырға дейінгі
уақытқа жататын 68 қорым (Талап-1-11, Бесарық, Қараҥңгір, Кепес, 
Қарауылтӛбе, Қостӛбе-1-2, Тоқтамыс, Бірлік, Қайнар, Аққолтық-1-2,
Алашапан, Қҧмбҧлақ-1-7, Қосҥйеңкі, т.б.) анықталған.
Бҧл жылы Солтҥстік Қазақстан облыстық тарихи және мәдени
ескерткіштерінің Жинағын топтастырушы мамандар 6 маршрут бойынша 



47


жҥріп ӛтіп, барлығы 312 тарихи нысандарды тізімге алды. Олардың басым
бӛлігі қола және ерте темір дәуірлерімен мерзімделінеді. Сонымен қатар 170-
тен астам нысандардың сипаттамасы жасалынды.
2005 жылы Алматы облысының жоғарыда аталған аудандарынан басқа 
Ескелді, Қарасай аудандарында да археологиялық жҧмыстар атқарылды.
Сонымен қатар басқа аудандардың елді мекендері маңындағы археологиялық 
нысандарды анықтау ӛз жалғасын тапты. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданы
аумағынан 70 шақты, Райымбек ауданынан 200-ге жуық, Қарасай мен 
Жамбыл аудандарынан 170-тей, Алакӛл ауданының жерінен 38
археологиялық нысандар (қорымдар, петроглифтер тобы, қоныстар, 
ортағасырлық ескерткіштер, қоршаулар, т.б.) анықталған. Олардың басым
бӛлігі ерте темір дәуірімен мерзімделінеді. 
Бҧл
жылы Қызылорда облысындағы Шиелі мен Жаңақорған 
аудандарында археологиялық зерттеулер жалғастырылды. Нәтижесінде
Жаңақорған ауданындағы тарихи және мәдени ескерткіштер (жеке обалар, 
оба топтары мен қорымдар, ортағасырлық қоныстар, қалашықтар,
қарауылтӛбелер, петроглифтер тобы, дамбалар, кесенелер, тас қҧрылыстар) 
саны 256-ға жетті. Олардың ішіндегі жеке обалар саны 23, ал топты обалар
мен қорымдар саны 160. Яғни, бҧл ескерткіштер табылған нысандардың 
басым бӛлігін қҧрайды. Шиелі ауданынан 22 жеке обалар, 30 топты обалар
мен қорымдар, 11 ортағасырлық қоныстар, 5 қалашық, 1 қарауылтӛбе, 17 
петроглифтер тобы, 1 дамба, 14 кесене, 1 тас қҧрылысы анықталған.
Солтҥстік Қазақстан облысында да археологиялық ескерткіштерді тізімге 
алу ӛз жалғасын тапты. Ақжар және Уәлиханов секілді аудандардан мезолит,
неолит, қола ғасыры, ерте темір дәуірлеріне жататын тҧрақ, қоныс, оба, 
топты оба, қорым, ҥйінді қорым, қыстау сынды 200-ден астам тарихи
нысандар анықталған. Олардың арасындағы Ленинградское-1-6, Қарашай-1-
3, Кӛмбайсор-1-4, Талшық-1-8, Ащысу-1, Қулыкӛл-1-8 сынды ескерткіштер
болашақта зерттелуі қажет деген ойдамыз.
2006 жылы да Алматы облысындағы ескерткіштерді сипаттап, тізімге алу
және ішінара қазу жҧмыстары жҥргізіле берді. Әсіресе Тҥрген отряды 
Райымбек, Ҧйғыр, Панфилов аудандарында нәтижелі жҧмыстар жҥргізді.
Далалық зерттеулер барысында бҧл аудандардан 355 археологиялық 
ескерткіштер анықталған. Бҧл ескерткіштердің басым бӛлігі ерте темір
дәуіріне жатады. Кейбір ескерткіштердің диаметрі 100-ден асады. Ал 
Қарасай отряды Жамбыл және Қарасай аудандарының аумағынан 20-30
нысан, Кӛксу отряды аудан жерінен 50 ескерткіш, Ақсу ауданы аумағынан 30 
археологиялық ескерткіштер тапқан. Сонымен қатар Іле, т.б. аудандарда да
зерттеу жҧмыстары атқарылған. 
Қызылорда облысына тиесілі Жинақты қҧрастырушылар Арал, Қазалы
және Қармақшы аудандандары аумағынан қола дәуірінен жаңа заман 
уақытына
дейінгі

ескерткіштер


ретінде

сипатталынатын


170-тей

ескерткіштерді тізімге алған. Бірқатар ескерткіштердің ғылыми сипаттамасы


қайта жасалғанымен, негізгі кҥш жаңа мағлҧматтар алуға ҥшін жҧмсалды. 



48


Сонымен қатар, Ақтӛбе облыстық тарихи және мәдени ескерткіштер
Жинағын қҧрастыру жҧмыстары да басталып кетті. Жекелген аудандардың 
ескерткіштері зерттеліне бастады. Солардың бірі Уіл ауданы болып
табылады. Мҧндағы Қайыңды, Кӛсембай, Саралжың, Қоңырат, Қҧмжарған, 
Қаратал, Қарасу, Кӛптоғай, Ақшатау, т.б. ауылдардың маңынан осы елді
мекендермен аттас 55 тарихи ескерткіштер анықталған. Олардың арасынан 
бірегей деп 161 обадан тҧратын Қырықоба кешенін де атауға болады.
Бағдарламаның 2007-2009 жылдардағы екінші кезеңінде де бірқатар 
ескерткіштерде қазба жҥргізілді. Ендігі кезекте беғазы-дәндібай мәдениетінің
ескерткіштеріне, солтҥстік ӛңірдегі Кеңӛткел археологиялық нысандарына, 
Жетісу жеріндегі жартас суреттеріне және де кӛптеген ортағасырлық
қалаларға баса назар аударылды.
Мемлекеттік «Мәдени мҧра» бағдарламасын халыққа және ӛскелең
ҧрпаққа берері мол ғибратты тарихи шара ретінде бағалауға болады. Бҧл 
бағдарлама аясында археология ғылымы бойынша мол жҧмыстар атқарылды.
Айталық, тас (Қошқорған, Шоқтас кешендері, т.б.), мысты-тас (Ботай 
қонысы, Шідерті-3, т.б.), қола (Талдысай, Тоқсанбай, Айбас-Дарасы, Кент,
Кеңӛткел-18, т.б.), ерте темір (Шілікті, Берел, Қызыл-Ҥйік, Қырыоба, Шірік-
Рабат, т.б.) дәуірлеріне жататын, сонымен қатар ортағасырлық кезеңге
жататын кӛптеген ескерткіштер (Бҧзоқ, Талғар, Отырар, Ақыртас, Қойлық, 
Сарайшық, Мерке, Жайсан, Сығанақ, Сауран, Жуантӛбе, Сидақ,
Қараспантӛбе, Шымкент, Бӛріжар, т.б.) соңғы ғылыми жетістіктер бойынша 
қазылып, орасан мол деректік қор жинақталды.
Әйтсе де, республикада бҧл бағдарламадан басқа іргелі және қолданбалы 
ғылыми-зерттеу бағдарламалары бойынша кӛптеген жобалар атқарылып
жатады. Олардың да ҥлесі жоғарыда аталған бағдарламадан артық болмаса, 
кем емес. Мемлекеттік «Мәдени мҧра» бағдарламасы осындай кӛп
бағдарламалардың бірі ғана.
Сайып келгенде, Қазақстанның барлық ӛңірлерінде археологиялық
ізденістер кеңейіп келеді, кешенді зерттеулер жҥріп жатыр. Бҧл мемлекет 
тарапынан ӛткенді зерттеуге қамқорлық туындағандығын кӛрсетеді.



49




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет